Нұртөре Әбдіхалық, қаласы — Алматы, инфлюенсер, TikTok-автор, @nurtore11
Өзі жайлы
Мен Қызылорда қаласында туып-өстім, бірақ қазір Алматыда тұрамын. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша білім алдым. Қазір TikTok профилімді дамытып жүрмін. Түрлі мекемелерге және қызықты орындарға шолу жасап, видео түсіремін. Кейде мен travel-видеолар саламын.
TikTok-тағы шығармашылығы жайлы
Мен 2020 жылы — университеттің соңғы курсында оқып жүрген кезімде TikTok-тағы каналымды жүргізе бастадым.
Маған суретке түсіру, видео түсіру баяғыдан ұнайтын. Барлығын Stories-те бөлісіп отыратынмын. Қарындасым маған бұл видеоларды TikTok-қа салып көруім керектігін айтып жүретін. Мен оның кеңесіне құлақ асып, бір-екі видео жариялап едім, олар 200 мың қаралым жинады.
Алғашқы видеоларымды көп қаралғанымен, жазылушыларым аз болды. Мен бір нәрсені өзгерту керек деп шештім де, дауысымды қосып, бірнеше видео түсірдім. Адамдарға мұның ұнағаны сондай, мен сол бағытта жалғастыруды жөн көрдім.
Менің аудиториям — 18-25 аралығындағы жастар.
Мені қазақтілді адамдар қарайды, себебі менің видеоларымның барлығы қазақ тілінде. Ана тілімде таза сөйлеймін, видеоны да қазақша түсіру ыңғайлы. Оған қоса, орыс тілінде ұқсас контенттер көп.
Түрлі контент түсіруге тырысамын. Мен адамдарға көмектескенді ұнатамын, мысалы, олар мерекелерін жоспарлағанда.
Әртүрлі контент түсіруге тырысамын. Адамдарға көмектесуді, мысалы, олар мерекелік кештерін жоспарлаған кезде пайдалы болуды ұнатамын.
TikTok-тың өміріне қалай әсер еткені жайлы
Мені көп танып жатады, бұл маған ұнайды. Адамдар видео шолуларым үшін алғыс айтып жатады. Менің ұсынысыммен барғандарын айтады.
Мен бұрын интроверт едім, бірақ аккаунт жүргізуімнің арқасында ашық бола бастадым.
Қазір мейрамханаларға жиі барамын. TikTok-тың арқасында алғаш рет шетелге ұштым. Саяхаттау барысында да мекемелерге түрлі шолу жасаймын.
Ақыл-кеңестері
TikTok-та даму үшін тұрақтылық маңызды. Мысалы, егер сіз «шолу» форматында видео жарияласаңыз және ол аудиторияға өтімді болса, олар тағы да ұқсас контент күтеді.
Жұмысыңызға жауапкершілікпен қарауыңыз керек. Үнемі дамып отыру керек, жалқауланбаған дұрыс.
TikTok-авторлар көрермендерін үнемі таңғалдырып отыруы керек. Ең бастысы, өз аудиторияңызды тыңдай білуіңіз қажет.