Вокзал туралы
Вокзал жүз мың шаршы метр аумақты алып жатқан алты қабатты ғимарат. Бірінші және екінші деңгейде — 740 орынға шақталған паркингтер. Және тағы осынша көлік сыятын аумағы бар.
Үшінші деңгейде — перронға шығу, төртінші деңгейде — күту залы, бесінші деңгейде — кафе және мейрамханалар
Кафелерден Punto Gelato, Kebab Haus бен бірнеше кофехана бар. Алтыншы қабатта — вокзал әкімшілігі.
Пойыздар туралы
Вокзалдың ішінде алты жол бар, әрқайсысының өз шығу есігі бар. Бұл тәулігіне 35 000 жолаушыны қабылдауға мүмкіндік береді. Алайда, әзірге күтілетін ағын тәулігіне 20 000 адамнан аспайды. Жаңа вокзал арқылы 54 пойыз жүреді. Олардың 22-сі «Тұлпар-Тальго» жедел пойызы, 16 стандартты және 16 қала сыртына жүретін пойыз.
Астанаға жүретін пойыздардың 60%-ына осы жерде қызмет көрсетіледі, қалған 40%-ына — ескі вокзалда. «Нұрлы жол» негізінен соңғы пункті Астана болып табылатын пойыздарды қабылдайды. Транзиттік пойыздар ескі вокзалда қабылданады.
Ерекшеліктері туралы
Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың қозғалысы үшін барлық жағдай жасалған: тактильді жолдар жүргізілген, Брайль әліппесі қолданылған ақпараттық табло және арнайы кассалар орнатылған.
Айтулы аймақ дүкендер, дәмханалар мен мейрамханаларға бөлінген
Олардың арасында минимаркеттер, дәріханалар, кітап дүкендері, әуебилеттерін сату бөлімдері бар. Мысалы, қазірдің өзінде «Технодом» дүкенінен техника сатып алуға болады. Сауда алаңдарының барлығы дерлік бос емес және жақын арада иелері орналасатын болады.
«Нұрлы жол» жаңа көлік хабы болуы тиіс. Пойыздардан бөлек, вокзал қалааралық автобустарды қабылдайды және жеңіл рейсті көліктің көмегімен Астана әуежайымен қосылады.