Скриптонит, @real_scrip
Фотоның дерек көзі: vk.com
Скриптонит — рэп-орындаушы және битмейкер. 2019 жылдың соңында iTunes чартында үздіктердің қатарына кірген «2004» атты жаңа альбомын шығарды. Оның шығармашылығын қазақстандықтар мен шетелдіктер де көреді. Сондай-ақ Скрипонит продюсер ретінде Musica36 лейбл музыканттарына көмектеседі.
Димаш Құдайберген, @kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген — әнші, муызкант, композитор. Оның ерекше дауысы әлемге танылуға мүмкіндік берді. Музыканттың жеке өмірі мен елінің мәдениетін бақылайтын, әлем бойынша миллиондаған тыңдарманы бар.
Ғалымжан Молданазар, @moldanazar
Ғалымжан Молданазар — музыкант, синти-поп тобының солисі. Шығармашылығын 2011 жылы бастады, бірақ 2013 жылы «Ақпен бірге» атты клипі шыққаннан кейін көпшілікке танымал болды. Ғалымжан танымал әрі сәнді бағытты таңдады, бірақ барлық әндері қазақ тілінде жазылған.
Ninety One, @ninetyone
Ninety One — 2015 жылы жарыққа шыққан бойзбенд. Q-pop стилінің Қазақстандағы аналогы K-pop-тың негізін қалаушылар. Олардың шығармашылығынан кейін Қазақстанда бұл бағытта көптеген әншілер мен топтар пайда бола бастады.
Jah Khalib, @jahkhalib
Jah Khalib — қазақстандық орындаушы, музыкант. Лейла», «Мамасита», «Медина». хиттерінің авторы. Музыканттың айтуынша, оның басты мақсаты — адамдарға музыка арқылы эмоция сыйлау. Тректерінде көптеген тыңдаушылар мен орындаушыларға ұнаған белгілі бір стильді қалыптастырды.
M’Dee, @mdeemusic
M’Dee — жас орындаушы және музыкант, Musica36 лейбл орындаушысы. Оның музыкасы — ретро стилін қазіргі заманауи әдіспен жеткізу. Осы үшін оны Қазақстан мен ТМД елдеріндегі аудитория сүйіп тыңдайды.
НАZИМА, @13nazima
НАZИМА — әнші, Black Star орындаушысы. Оны көрермендер мәтінді ерекше стильде жеткізетіні және арандатушылық бейнесі мен сүйкімділігі үшін жақсы көред. Оның шығармашылығын миллиондаған жанкүйерлер қадағалайды.
Айсұлтан Сеитов, @aisultan
Айсұлтан Сеитов — жас режиссер, продюсер, сценарист, клипмейкер. Қазақстандық және шетелдік орындаушылар үшін клиптер түсіреді: Скриптонит, Jah Khalib, Иван Дорн, 21 Savage. Оның жұмыстары миллиондаған қаралым жинайды, онымен көптеген әртістер бірігіп жұмыс істегісі келеді.
Қанат Бейсекеев, @beisekeyev
Канат Бейсекеев — режиссер, оператор және сценарист. Бүкіл әлем бойынша адамдар туралы деректі фильмдер сериясын түсіреді.
Аблай Қаиржанов, @ablaykairzhanov
Аблай Каиржанов — видеограф, фотограф және оператор. Аблай — Тиматидің жеке операторы, концерттер, клиптер, коммерциялық роликтер мен lifestyle-роликтерді түсіреді. Өз блогында жұмысы, шығармашылығы және саяхат туралы жазады.
Айя Шалқар, @aya_shalkar
Айя Шалқар — модель және графикалық дизайнер. Ash Wear киім брендін құрушы. Оның Instagram-ғы өмірін 700 000-нан астам оқырман қарайды.
Димаш Әділет, @dimashadilet
Instagram -да 2015 жылы танымал болған жас қазақстандық. Димаш желіде керемет өмір салты мен талғампаз стильді фотоларымен бөліседі. Контент арқылы жастарды ынталандырады.
Нурлан Сабуров, @nurlan__saburov
Нұрлан Сабуров — стендап айтушы, комик. ТНТ-ғы Stand Up жобасының арқасында танымал болды. Бүгінде Нұрлан қазақстандық көптеген жас стендап айтушыларға үлгі.
DINARA RKH, @dinara_rkh
Динара Рахимбаева — модель және блогер, MUSE ателье-дүкенінің иесі. Динара — көптеген қазақстандықтар үлгі тұтатын тұлға.