Муталиф Садықов, 35 жаста, туған қаласы — Түркістан облысы, хирург-онколог
Мамандықты таңдау жайында
Барлық дәрігерлер кішкентай кездерінде адамдарға көмектесуді армандаған шығар. Мен дәрігер болуды армандадым, соған мақсатты түрде талпындым – мектепті бітірдім де Карағанды мемлекеттік медицина академиясына түстім.
Мектепте де, университетте де үздік бағалармен ерекшеленген жоқпы, олимпиадалар мен байқауларда жарқырап жүрмедім. Менде бір ғана ниетім болды – хирург болу және үлкен хирургия саласына ену. Үлкен хирургия – бұл маманнан максималды түрде іске берілуді талап ететін ірі оталар.
Менің ұстаздарым мені үлкен хирургияға жетілдірді. Бұл өз ісіне ғашық және студенттерді оқыту мәселесіне жауапкершілікпен қарайтын жас өршіл дәрігерлер.
Кейін мен Семейге кеттім, сол жерде резидентураны бітірдім. Одан кейін маған Семейде қалуды ұсынды, сол жерде мен жалпы онкология саласында хирург қызметін атқара бастадым. Мен Семейде онкологияның қатты дамығанын, ал жергілікті кадрлар бүкіл республика бойынша бағаланатынын түсінетінмін. Мен бұл қалада сегіз жыл жұмыс істедім, ал кейін Шымкентке көшіп кеттім.
Шымкентке келісімен мен жекеменшік клиникада жұмыс істедім. Шымкент мегаполиске айналғаннан кейін, мені облыстық онкологиялық клиникаға жетекші хирург қызметіне шақырды. Қазір мен онкохирургия бөлімінде қызмет атқарамын.
Үлкен хирургия – бұл маманнан максималды түрде іске берілуді талап ететін ірі оталар
Бағытты таңдау жайында
Мен бұрыннан бері жалпы хирург болғым келді: аппендицитті, өт қабын, бүйректегі тастарды жою сияқты қарапайым оталар жасауды қаладым. Бірақ интернатура кезінде мен онкология циклына түстім, оталардың көлемін, өткізілетін процедуралардың күрделілігін көрдім және бұл менің ісім екенін бірден түсіндім.
Онкологияда құрсақ қуысының, анатомияның барлығы қамтылған. Басқа нәрселерден бөлек, биохимия, физиология және биология саласындағы білімнің болуы қажет. Белгілі білім қорынсыз сонда жұмыс істеу мүмкін емес.
Мен үшін онкология – бұл медицинадан артық болып табылатын философия. Пациенттер әртүрлі болады, ісік болжауға болмайтын жерлерде орын алуы мүмкін. Отаны сәтті өткізу үшін, барлығын ойластырып, байыпты түрде дайындалу қажет.
Егер сізбен жақсы ассистент жұмыс істесе, отаның процесі жеңілірек, қызықтырақ өтеді. Сен максималды түрде жұмыс істеуге тырысасың, себебі адамның өмірі саған байланысты. Осындай жұмыс жаңа әрекеттерге дем береді.
Онкология – өмірімнің бөлігі, менің борышым. Мен өзімді басқа мамандықта елестете алмаймын.
Шетелдік тағылымдамалар жайында
Шетелдік тағылымдамалар тәжірибе алмасу және жаңа білім алу үшін маңызды болып табылады. Тағылымдамадан кейін, қанаттанып қайтасың, жаңа нәрселерді енгізуге, үйреншікті тәртіпті өзгертуге, аурухана, медицина және елің үшін маңызды нәрсе жасауға дайын боласың.
Әрбір маман басқаларға беймәлім ерекше техниканы біледі. Дәл сол үшін тағылымдамалар өткізіледі, олар оқытып, жаңа өмірлік тәжірибе беруге мүмкіндік береді. Сен пациентке көмектесу мүмкіндігінің әрқашан болатынын түсінесің. Нақ осындай қағиданы мен ұстанамын.
Оған қоса тағылымдамалардың арқасында мен Парижде, Берлинде және Қазан қалаларында болдым.
Франция мен Ресейдегі тағылымдамаларымнан кейін, мен Семейде онкоурология бағытын дамыта бастадым. Жастарға ота өткізіп, пациенттерге күтім жасауға үйреттім.
Қазақстандағы медицина жайында
Қазақстандағы медицинаның шетелдік медицинадан ешқандай кемшіліктері жоқ. Тек жабдықтауда ғана айырмашылықтар бар. Барлық замануи медициналық технологиялар Америка мен Корей елдерінен алынған, сол себепті сол елдердегі медицинаның деңгейі және абыройы жоғарырақ тұрады. Бірақ кадрлар, мамандар бойынша біз бір деңгейде тұрмыз.
Қазақстанда біздің дәрігерлерге сенім білдірмейтін пациенттердің шетел елдеріне кету мөлшері үлкен. Америка, Корея, Ресей – көбісі жақсы ем алу үмітімен осы елдерге кетеді.
Қазақстанда онкологияны емдеу деңгейі оңтайлы даму үстінде, көптеген заманауи технологиялар біздің елімізде де қолданылады.
Оған қоса онкологиялық аурулар кезінде әлемдегі ешбір елде тегін химиопрепараттар қолданылмайтынын ескеріп өткен жөн. Бұл тек Қазақстанда бар.
Қазақстандағы медицинаның шетелдік медицинадан ешқандай кемшіліктері жоқ. Тек жабдықтауда ғана айырмашылықтар бар
Қала жайында
Мен Шымкентке жаңа келген адаммын, сол себепті оны ақырындап танып жатырмын. Бірақ қала маған ұнайды, ол әдемі және бейнелі. Осында мейрамханалар мен дәмханалар көп. Мейрамханалар арасында маған «Кәусар» мейрамханасы ұнайды – ол жердің тамағы дәмді және атмосферасы жағымды.
Сонымен қатар мен аң және балық аулауды ұнатамын және маған қаланың жанында балық аулауға және аң аулауға арналған орындардың болуы, таза ауада уақыт өткізуге болатыны ұнайды.
Шымкенттіктер – қонақжай, жылы және пысық халық. Осы жердегі адамдар басқа аймақтармен салыстырғанда дәстүрлерге көбірек көңіл бөледі. Оған қоса жергілікті адамдар таңғы онға дейін ұйықтауға үйренбеген, осындағы күн тәртібі мүлдем басқа. Қаланың адамдары ыстық болатын уақытқа дейін барлық шаруаларын бітіру үшін ерте оянады.
Жоспарлар жайында
Біз гинекологиялық онкологияны енгізуді жоспарлап жатырмыз. Шымкентте осы сияқты оталарды әлі ешкім өткізген жоқ. Қазірде біз пациенттерді таңдап жатырмыз және жуырда осындай оталарды кезекке қойып өткізуді жоспарлаймыз.