facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/f53/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/f53a4b26a86914d75eeaebd213d34341.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
murad-osmann-followmeto-zhobasyn-ryp-8-zhylda-alay-4-mln-o-yrman-zhinady
logo
МУРАД ОСМАНН «#FOLLOWMETO» ЖОБАСЫН ҚҰРЫП, 8 ЖЫЛДА ҚАЛАЙ 4 МЛН ОҚЫРМАН ЖИНАДЫ

Мурад Османн

34 года, туған қаласы — Мәскеу, продюсер, фотограф, #FollowMeTo жобасының авторы

11.09.2019

МУРАД ОСМАНН «#FOLLOWMETO» ЖОБАСЫН ҚҰРЫП, 8 ЖЫЛДА ҚАЛАЙ 4 МЛН ОҚЫРМАН ЖИНАДЫ


Өзге емес өзім айтам өз жайымды


Мен әлемнің көп саяхаттайтын тұлғасымын. Еңбексүйгішпін, әрдайым алға ұмтылып, өзімді жетілдіруге тырысамын, өнерді сүйемін. Өз жұмысымды және сүйікті ісімді сүйемін – ол мені шабыттантыратын шығармашылық әлемі.

МУРАД ОСМАНН «#FOLLOWMETO» ЖОБАСЫН ҚҰРЫП, 8 ЖЫЛДА ҚАЛАЙ 4 МЛН ОҚЫРМАН ЖИНАДЫ

Мен үшін жұбайым екеуміздің арақатынасымыздағы жылылық, ауызбіршілік маңызды. Үнемі екеуміздің мақсатымыз болып, соған жету үшін талпынуымыз маңызды. Бастысы «ешқашан өлтірме, ешқашан ұрлама» деген нақты ұстаным-көзқарасым бар. оған қоса, үнемі мақсатқа ұмтылу жайлы естен шығармаймын.

Мен әлемнің көп саяхаттайтын тұлғасымын

Барлық жағынан рухани даму және ішкі балансты сақтау, айналамдағы адамдармен гармонияда болу үшін мақсатыма ұмтыламын. Бір сәт кідіріп, қайта алға жылжып өмір сүру керек. Әр күн сайын ұйқыдан оянғанда осы күнді өз бетіңде өткізіп, өз-өзіңді алдамайтыныңа сену үлкен бақыт.

Мәскеу мен Астанадағы өмірі қалай


Мәскеуде 1991 жылы бала кезімнен өмір сүріп келемін. Сондықтан да Мәскеуді туған қалам деп есептеймін. Мәскеу – мен үшін жұмыс, достар, ата-анам, мақсат, өмір, рахаттану аймағы. Мәскеуде саябақтар өте көп.Ондағы сүйікті жерлерім – Патриаршие пруды, Новодевичья набережная, Лужники, «Зарядье» паркі деп аталады. Астана маған жазда әсіресе, қатты ұнайды, себебі, жазда ол мүлдем басқа қаланың кейпіне енеді. Мопед, самокат және велосипед алып қала бойынша саяхаттауға, қаланы аралауға болады.

Мәскеу қазір өзгерген, әдемілене түсіп, жарқырап келеді, енді мұнда қалалық мәдени өмір жетіспейді. Басқаша инфрақұрылымды, тыныштық сақталған шағын аудандарда тұрақтап, уақыт өткізгім келеді.

МУРАД ОСМАНН «#FOLLOWMETO» ЖОБАСЫН ҚҰРЫП, 8 ЖЫЛДА ҚАЛАЙ 4 МЛН ОҚЫРМАН ЖИНАДЫ

Айтпақшы, Қазақстанға бірінші рет келіп тұрғаным жоқ. Мұнда бір жыл бұрын режиссер Айсұлтан Сеитовпен бірге келгенбіз. Ол Қазақстанды жақсы көреді, маған елінің әсем табиғаты бар жерлерін суреттен көрсеткен. Сол себепті Қазақстан жайлы алғашқы ойым соның арқасында қалыптасты.

Біз Алматы қаласы маңында көп саяхаттадық. Мәселен, Асты үстірті, Шарын шатқалы және Қайыңды көлінде болдық. Бұлардың барлығы қызықты, әсем, табиғаты керемет жерлер. Олар бір-бірінен алшақ орналасқан. Ал, Қазақстанның транспорттық логистикасы оңай емес. Бірақ, мұның да көңілді қонымды естелігі бар. Оған қоса, Ақтауда, Бозжыра ауданына атбасын тірегенбіз.Астана – биік ғимаратты қала. Қаланың 2020 жылға дейінгі даму инфрақұрылымының жоспары көңілімнен шықты. Мұнда логистика сауатты жасалған, бәрі логикаға сай және пропорциональды. Астанада адамның рухы түсіп, қала еңсемді басады. Себебі, маған ежелгі тарихи шаһарлар ұнайды.

Астана — саясат пен бизнестің қаласы. Мен мұндағы ахуалды Дубаймен салыстыра аламын. Егер Астана шетелдіктерге көбірек танымал болса, осында Орталық Азия үшін үлкен алаң болар еді. Сол кезде ғана қалада халық саны артып, адамдарда, жұмыс көзі де артар ма еді, бәлкім!? Бұл жолы Астанаға «Открывая Казахстан» тақырыбындағы форумға қатысуға келдім. Маған бұл іс-шараның хабарламасы ұнайды. Осындай шаралар ұйымдастырып, блогерлерді шақырып, сол арқылы елді көпке таныстыру игі іс. Болашақта меніңше, күрделірек маршрут әзірлеп, оларды визиалды түрде толтырып, көбірек танымал блогерлерді шақыру қажет.


Қамқор адамдар және олардың іскерлік өмірі


Өмірде екі ісім бар. Алғашқысы — өндірістік компания, онда жарнама жасаймыз, кино, бейнебаяндар түсіреміз – көптеген контент жасаймыз. Ресей нарығында көптен бері жұмыс жасаудамыз. Ол елдегі ең ірі production-компаниялардың бірегейі.

МУРАД ОСМАНН «#FOLLOWMETO» ЖОБАСЫН ҚҰРЫП, 8 ЖЫЛДА ҚАЛАЙ 4 МЛН ОҚЫРМАН ЖИНАДЫ

Сонымен қатар, екінші жұмысыма айналып кеткен сүйікті ісім бар. Ол – фотография. Хоббиімнің арқасында 2011 жылы Instagram желісінде «#FollowMeTo» деген жобамды қолға алдым. Оны жұбайым екеуміз біріге отырып жасадық. Жоба танымалдылық пен сұранысқа ие болғанша екі жыл аянбай тер төктік.

Алғашқы вирустық әсер және аудитория 2013 жылы пайда болды. Аяқастынан орын алған жағдай еді. Бірақ, содан бері аудиториямен жоспарлы тұрақты түрдей жұмыс жасап келеміз. Оның дамытып, ауқымын кеңейтеміз, тың дүниелерге талпындырамыз, саяхатқа шығамыз және шығармашылығымызды көрсетеміз. Алты жылда талай асулардан асып, белесті бағындырғандықтан өзімізді «Instagram-ның зейнеткерлері» деп атаймыз.

Өмірлік орным мені шабыттандырып, әлемнің көптеген адамдарымен араласуға, саяхаттауға мүмкін береді

Өмірлік орным мені шабыттандырып, әлемнің көптеген адамдарымен араласуға, саяхаттауға мүмкін береді. Бұл дегеніміз – тұрақты «networking». Адамдардың үлкен шоғырына жету, сені шабыттандыратын тұлғаларды кездестіру. саяхаттау кезінде әлемнің қаншалық үлкен және кішкентай онда бәрі мүмкін екенін түсінесің. Біз үнемі алға жылжып келеміз. Қазіргі кезде түсірілім командамызбен бірге белгілі локациялар бойынша турлар ұйымдастырудамыз. Турға қатысатын адамдарды таңдап және бірге саяхатқа шығамыз.


Бүгінгі рухының жағдайы


Әрдайым рухани аштықта. Мен жаңа нәрсені білуге және өз-өзіммен әрдайым жұмыс жасауға әзірмін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.