facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
mo-oliyada-y-aza-tar-medicinasy-a-yly-elde-zh-ne-30-000-te-ge-zhala-ymen-alay-m-r-s-ruge-bolatyny-zhayynda
logo
Моңғолиядағы қазақтар. Медицинасы ақылы елде және 30 000 теңге жалақымен қалай өмір сүруге болатыны жайында
Таңғажайып Қазақстан

31.01.2019

Моңғолиядағы қазақтар. Медицинасы ақылы елде және 30 000 теңге жалақымен қалай өмір сүруге болатыны жайында

Аманбек Мағзұмхан, 26 жаста, туған қаласы — Қобда, Моңғолия, журналист, кәсіпкер


14938144_1254016741328093_3582339036544500408_n.jpg


Мен Моңғолиядан Қазақстанға 2012 жылы оқуға келдім және осында қалдым. Мен келген бірінші қала Қарағанды болатын. Сол жерде шетелден келген студенттерді оқытатын арнайы курстар бар. Мен бір жыл оқып шықтым, кейін университетке түсу үшін кешенді тестілеуден өттім, Гумилев атындағы ЕҰУ-нің грантына ие болып, Астанаға көшіп келдім.

Мен қазақстандық телеарналардың бірінде журналист болып жұмыс істеймін. Сонымен қатар менде ағылшын тілін оқытатын білім орталығы бар.

23517425_1172642356201625_2383322043182486476_n.jpg


Мен тап болған жалғыз мәселе – тіл мәселесі еді. Мен моңғол тілінде оқыдым және қазақ ортасымен байланыста болатынмын, ал орыс тілі мені кішкене таң қалдырды. Жастар орыс тілінде сөйлейтін, дүкенде азық-түліктерді сатып алу қиынға соғатын. Дегенмен уақыт өтіп, жеңілірек болды. Қазірде маған орыс тілінде сөйлейді, ал мен қазақ тілінде жауап беремін.

Экономикалық тұрғыдан Қазақстан Моңғолияға қарағанда жоғары деңгейде тұр. Осында халық көшпелі тұрмыс салтынан бұрыннан алыстады. Өз кезегінде Моңғолияның ауылдарында бұндай тұрмыс дәстүрі сақталған. Сол жерде мал шаруашылығы жақсы дамыған және бір адамда 1000 қой, 100 бас жылқы, 200 сиыр отары болуы мүмкін. Бұл адамдар киіз үймен жыл бойы қыстап, көшіп-қонып жүруі мүмкін. Осындай тұрмыс салтын ұстанатын қазақтар болсын, моңғолдар болсын бір орында өмір сүрмесе де, олардың электр қуаты, телевидениесі бар. Олар соңғы жаңалықтармен таныс. Моңғолияда Ұлан-Батор, Дархан сияқты қалалар бар – олар заманауи және Астанадан кем түспейді. Тұрғындары 100 мың адамнан аспайтын шағын қалалары көп.

Моңғолияда Ұлан-Батор, Дархан сияқты қалалар бар – олар заманауи және Астанадан кем түспейді


Моңғолияда арзан. Барлық азық-түліктер жеті-сегіз есе арзанырақ. Егер сіз Моңғолияда 100 мың теңге табыс тапсаңыз, Қазақстанда 700-800 мың теңге тапқандай боласыз. Сіздің киіну, тамақтану, қыдыру мүмкіндігіңіз болады. Бұл көлемдегі ақшаға Астанада дұрыс өмір сүре алмайсың.

Моңғолияда тұрған қазақтар жүз жыл бұрын өмір сүрген қазақ хылқының рухын сақтап қалған. Олар тілге, салт-дәстүрге ерекше көңіл аударады.

Моңғолияда білім беру деңгейі әлдеқайда жоғары. Және бұл сол жерде ерекше профессорлар мен оқулықтар бар деген сөз емес. Адамдардың білім беруге деген қатынасы басқаша – барлық адамдар баға алу үшін оқымайды, білім алу үшін оқиды. Қазақстандық студенттерде шпаргалка деген нәрсе болса, сол жерде бұны ешкім қолданбайды.

Адамдардың білім беруге деген қатынасы басқаша – барлық адамдар баға алу үшін оқымайды, білім алу үшін оқиды


Оған қоса Моңғолия жастарының басым бөлігі шетелде оқиды. Көбісі АҚШ-қа кетеді. Моңғолияда моңғол тілінен бөлек ағылшын тілін оқиды. Ағылшын тілін білу деңгейі жоғары, себебі Моңғолияға шетелден көп туристтер келеді. Егер біреу ағылшын тілінде жолды сұраса, оларға еш қиналмастан ағылшын тілінде жауап беріп, көмектеседі.

Мен өзім Моңғолияда жылына бір рет болып тұрамын. Осы жылы мен әлі барған жоқпын, шаруаларымды бітіргесін міндетті түрде барамын.

29315264_1779200232143072_7281227468151717888_o.jpg




Наурыз Орынбасарова, 34 жаста, туған қаласы — Баян-Өлгей, Моңғолия, кәсіпкер


Біз Моңғолиядан Қазақстанға 1991 жылы көшіп келдік. Менің ата-анам апа-атаммен, туыстарымызбен бірге көшіп келуді шешті. Қазақстанда біз Қарағандыда тұрамыз. Осында мен жоғары білім алып, 27 жыл тұрып жатырмын. Үлкен жастағы туыстар Моңғолияға мереке күндері таныстарына барып тұрады.

Моңғолияда қалалар мен мәдениет жақсы дамыған. Моңғолияда адамдар киіз үйлерде тұрады деген пікір бар. Моңғолия мен Қазақстанның жағдайлары бір-бірінен аса ерекшеленбейді. Сол жерде дәл сондай өркениет, әдемі қалалар бар. Бұл адамдардың даладағы киіз үйлерде, шағын үйлерде тұрып жатқанын жоққа шығармайды. Өздерінің өмір салтымен олар бұрынғы заманғы көшпелі халыққа ұқсайды: олар мал шаруышылығымен айналысады.

Қазақтардың басым бөлігі Баян-Өлгей қаласында тұрады. Сол жерде барлық адамдар қазақ тілінде сөйлейді деп айтуға болады. Және бұл өзгеріске ұшырамаған қазақ тілі десе де болады. Моңғолиядағы қазақтар салт-дәстүр мен мәдениетке ұқыпты қарайды. Сол жерде тұратын біздің алыс ағайынымыз бізге қонаққа келген кезде, ешбір қиындықтарға тап болмайды. Барлығы үйреншікті және түсінікті.

Моңғолиядағы медицина мен білім беру біз үйреніп қалған Қазақстаннан ерекшеленеді


Моңғолиядағы медицина мен білім беру біз үйреніп қалған Қазақстаннан ерекшеленеді. Мысалы, біз білім беру гранты деген не екенін және оның қалай қызмет ететінін білеміз. Моңғолияда бұндай түсінік жоқ. Университетте барлығы ақылы негізде оқиды. Тек меткептегі он жылғы білім тегін болып табылады.

Моңғолияда медицина ақылы болып келеді, әрбір қызмет үшін төлем жасау қажет. Жалақылар жоғары емес. Орташа жалақы шамамен 30 мың теңге. Сол жерде еттің көп болуына байланысты оның бағасы Қазақстанға қарағанда әлдеқайда арзанырақ. Көп нәрселерді Қытай және Ресейден сатып алуға тура келеді, себебі Моңғолияда Қазақстанда сияқты өндірістер жоқ. Дегенмен етке деген бағаның арқасында бұндай жалақыға өмір сүруге болады.

Моңғолияда тұратын қазақтар жергілікті қазақтар сияқты сиыр етін, жылқы етін, қой етін жейді және көп шәй ішеді. Бірақ қазақтар моңғолдарға қарағанда шәйді тұзбен ішпейді.




Нұрболат Ханағат, 28 жаста, туған қаласы — Баян-Өлгей, Моңғолия, әкімдіктің баспасөз-хатшысы


43.jpeg


Мен Баян-Өлгей қаласында тұрдым. Бұл қала қазақ халқы тығыз орналасқан қалалардың бірі. Сол жерде үлкен қазақ диаспорасы өмір сүреді. Қазірде мен Қазақстанда тұрамын және Алматы облысының Панфилов ауданы әкімдігінде жұмыс істеймін. Көшіп келумен байланысты қиындықтар болған жоқ, ал бейімделу кезеңі жеңіл өтті.

Егер айырмашылықтар жайында айтар болсам, баспана мәселесін бөліп айтуға болады. Қазақстанда баспана мәселесі өткір тұрса, Моңғолияда бұл мәселеге жай қарайды. Мемлекет үлкен қолдау көрсетеді, бірақ жалпы өмір сүру деңгейі қалағаныңдай жақсы емес. Оған қоса Қазақстанда азық-түліктер, тұрмыс заттарының бағалары арзанырақ және өмір сүру деңгейі, жағдайы жоғары дәрежеде тұр.

Маған Қазақстанда тұру көбірек ұнайды, себебі мен қазақпын. Егер ойлап қарасақ, адамдардың менталитеттері және ойлау қалпы ұқсас. Дегенмен Моңғолиядағы қазақтардың көбісі отаншыл болып келеді. Олар өздерінің ұлттық бірегейлігін бағалайды және оны өмірлік қағидалардың бірі ретінде қабылдайды.

Олар өздерінің ұлттық бірегейлігін бағалайды және оны өмірлік қағидалардың бірі ретінде қабылдайды


Моңғолияда маған моңғол қазақтары көбірек ұнайды. Олардың мінездері, рухтары, өмірге деген қатынастары ерекше.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.