Мадина Батык, 20 жаста, туған жері — Павлодар, студент, Мисс Қазақстан-2019
Korikti Qazaqstan деректі фильмінің тусірілуі барысында біз барлық Қазақстанды 14 күннің ішінде аралап шықтық. Мен өте күшті әсер алдым. Туған жерім туралы қаншама қызық әрі жаңа ақпарат алғаныма қуаныштымын.
Қаақстанда барлығы бар: заманауи қалалар, өзендер, терең шатқалдар, көлдер мен ормандар, құмдар мен қарлы шыңдар. Бірақ ең бастысы — керемет тарихы бар қонақжай халқы бар. Басқа елдерді аралағаннан бұрын, өз елімізге саяхат жасап көру керек.
Шарын шатқалы
Шарын шатқалы Алматы облысында орналасқан. Бұл Шарын өзенінің бойына дейін созылған өте әдемі терең шатқал.
Бұл жер туристер мен спортшылар арасында үлкен танымалдылыққа ие. Шатқалдың өзеңдері рафтинг үшін өте қолайлы.
Каспий теңізі
Біздің елімізде каспий деген өзен бар, бірақ ол көлемі бойынша үлкен болғандықтан теңіз деп аталады. Тереңдігі бес метрге дейін жететің бұл теңіз бес елді қамтиды.
Каспий теңізі — бұл салқын бриз, жағалаудағы толқындар және таза теңіз ауасы.
Ақ Мешіт үңгірі
Шымкенттен солтүстікке қарай Бәйдібек ауданында Оңтүстік Қазақстанның киелі жері — Ақ мешіт үңгірі орналасқан.
Бұл табиғаттың ерекше жаратылысы.
Бозжыра шатқалы
Бозжыра шатқалы — бұл Маңғыстауда орналасқан ертедегі теңіздің түбі.
Мұнда табиғат қиялға толық еркіндік беріп, ақ борға оранған ландшафт жасап шықты.
Бутаков шатқалы
Бутаков шатқалы — Алматыдан 20 шақырым жерде орналасқан туристердің ең сүйікті жері.
Бұл жерде атпен серуендеп, фрирайд пен даунхилламен айналыстан әуесқойларды кездестіруге болады. Треккингке арналған түрлі қызықты жолдарды да табуға болады.
Ходжа Ахмет Яссауи кесенесі
Ходжа Ахмет Яссауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Кейде бұл кесенені әлемнің сегізінші кереметі деп те атайды.
Бұл Жібек жолының бойында салынған бекіністің бірі. Мұнда қажылар жиі келеді.
Қайынды өзені
Қайынды өзені Алматы облысында орналасқан Саты елді-мекеніне жақын жерде орналасқан. Өзеннің ортасында көп жылдар бұрын тау өзенінің суы басып кеткен қайындар мен қарағайлар тұрады.
Су басқан ағаштар өзенге ерекше әсер береді. Сондай-ақ өзен күн сәулесінің түсуіне байланысты түсін өзгертеді.
Шымбұлақ
Шымбұлақ — Алматы қаласында орналасқан әйгілі шаңғы курорты.
Қыста бұл жерде көптеген әуесқой және кәсіби шаңғышылар мен сноубордистер жаттығады. Жазда мұнда демалушылар жаяу жүріс пен тауға шығумен айналысады.
Нұр-Сұлтан қаласы
Нұр-Сұлтан — Қазақстанның астанасы. Жазық даланың үстінде салынған заманауи мегаполис.
Бұл жерге ерекше архитектуралық жергілікті театрларды және түнгі иллюминациялық астананы көру үшін келуге болады.