facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
m-rde-shekteuler-bolmauy-ti-s-erkeb-lan-k-r-shbaev-oyu-live-zh-ne-oyu-fest-zhobalaryny-zheke-a-idattary-men-m-n-turaly
logo
«Өмірде шектеулер болмауы тиіс», — Еркебұлан Күрішбаев OYU Live және OYU FEST жобаларының жеке қағидаттары мен мәні туралы

Еркебұлан Күрішбаев, 36 жас, Алматы қаласы, продюсер

13.08.2024

«Өмірде шектеулер болмауы тиіс», — Еркебұлан Күрішбаев OYU Live және OYU FEST жобаларының жеке қағидаттары мен мәні туралы

Еркебұлан Күрішбаев



Өзі туралы

Мен өзімді мейірімді адам деп санаймын, бірақ мен қатаң және талап қоятын адамдардын қатарынан боламын. Тәртіп пен дисциплина болғанын жақсы көремін.

Мен табиғат пен тыныш жерлерді жақсы көремін. Тауға барған кезде күш-жігер жинап, басым жақсы ойлап, жұмыс жасап бастайды. Сондай-ақ тауға шыққанда өзіммен телефон алып, музыка тыңдағым келмейтінін байқадым. Көбінісе табиғатпен жалғыз қалғым келеді. Мен үшін таулар - күштің өзіндік орны бар жер.

Мен үшін қызымның дені сау өсіп келе жатқанын және оның мықты отбасында тәрбиеленіп жатқанын сезіну бір бақыт.

Менің принциптерім. Мен қалай өмір сүремін

Мен үшін адалдық пен ашық мінезді болу маңызды.

Көптеген адамдар тіпті өздеріне де адал емес. Кейде қателікті немесе сәтсіздікті мойындау қиын. Біз әрқашан сылтаулар мен себептерді іздеп отырамыз, бірақ әрбір адам өзіне-өзі адал болуға үйренсе, басқаларға да адал болады. Ал адамдармен адалдық — ең жақсы дағдылардың бірі.

Менің принциптерімнің бірі — бәрін қалай болса солай айту.

Басқа қағидат — шешім қабылдау алдында ұзақ ойланбау.

Үшінші принцип — ештеңеге өкінбеу. Осылай өмір сүру оңай.

Өмірімде маған айтарлықтай әсер еткен бірнеше кезең болды.

Біріншісі — университетті бітірмей тастап кету. Менің жұмыс істеуге мүмкіндігім болды. Жұмыс маған өмірде және кәсіби дағдыларды дамыту саласында керемет тәжірибе берді.

Екіншісі — мен желілік маркетингте жұмыс істеуге келіскенде. Осы кезеңде мен көптеген табысты адамдармен таныстым. Ең бастысы — жеңіл ақша болмайды.

Үшінші оқиға — қызымның тууы. Бұл менің өмірімде үлкен өзгерістер әкелді. Бала туғаннан бері уақыттың қаншалықты құнды екенін түсіндім. Ол үшін ештеңе аямайтын махаббат бар екенін түсіндім!

Өмірде қиындықсыз ешнәрсе болмайды. Сондықтан мен жұмыстағы қиындықтарға үлкен құндылық ретінде қараймын. Олар жаңа нәрселерді үйретеді, жаңа тәжірибе береді. Ғасырлап өмір сүрде,ғасырлап оқи біл!

Маған ең көп ықпал еткен әкем. Ол көбірек және тереңірек ойлауым керек деп кеңес беретін. Бала кезімде мен мұны түсінбедім, бірақ жасым өскен сайын өмірде шектеулер болмауы керектігін аңғардым.

Тағы бір маңызды адам — менің жұбайым Асия. Мен онымен өте бақыттымын. Ол мені әрдайым қолдайды. Кейде ол маған өзімнен де көп сенетіндей көрінеді. Оның махаббаты маған керемет күш береді!

Мені шекарасы мен шектеулері жоқ адамдар таңдандырады

Мені шекарасы мен шектеулері жоқ адамдар таңдандырады. Олар күдік пен талдауға уақыт жұмсамайды. Сондай-ақ мен сыни ойлау қабілеті дамыған адамдарды жақсы көремін. Өкінішке қарай, ондай адамдар аз.

Менің ісім

Жұмыс пен бизнес мені жиі алаңдатады. Бірақ мен әрдайым өзіме жұмысым қуаныш сезімін әкелуі тиіс деп сендіремін.

Мен өзімнің продюсерлік мансабымды, біздің саладағы барлық адамдар сияқты, шығармашылыққа жанасу ниетімен бастадым. Бірақ мансабым өскен сайын елдің және жалпы адамдардың мәдениетіне әсер ете алатынымды түсіндім. Сондықтан да біздің көптеген жобаларымыз креативті экономикада ықпалды болып саналады.

Біздің флагманымыз — OYU Live жобасы. Бастапқыда ол біздің мансабымызды бастаған музыканттарға құрмет көрсету үшін құрылған болатын. Біз елімізге жас таланттарды таныстырып, көптен бері өнер көрсетпегендерді еске салғымыз келді. Нәтижесінде тек музыкалық ортада ғана емес, мәдениет тұрғысынан да үлкен пайда әкелетін жоба пайда болды. Әртістеріміздің не туралы айтатынын түсіну үшін адамдар қазақ тілін үйренеді. Dombyra 100 шығарылымынан шабыт алып, домбыра ойнауды үйренеді.

Сондай-ақ, OYU FEST пайда болды, ол мыңдаған адамдар үшін жаз мерекесіне айналды. Онда олар өзін-өзі таныта алады, қалаған адам бола алады және оларды ешкім айыптамайды.

Менің қызметім еліміздің мәдениетіне оң әсерін тигізеді деп сенемін

Менің қызметім еліміздің мәдениетіне оң ықпал ететініне сенемін. Ең бастысы — менің жобаларым адамдардың өмріне көмегін, пайдасын тигізеді.

Өз жолын бастағандарға үш кеңес

1. Ақша үшін жұмыс істемеңіз, идея үшін жұмыс істеңіз. Сонда табысқа жетесіз.

2. Өмірде өз құндылығыңызды табыңыз. Сіз үшін шын мәнінде не маңызды екенін анықтаңыз. Мен әрдайым қоғамға пайда әкелгім келді. Продюсер бола отырып, жобаға адамдарға қалай көмектесетінімді сезінемін.

3. Мүмкіндігінше жиі қате жіберіңіз. Бұл сізді өсуге және дамуға үйретеді. Бірақ ешқашан бір қатені екі рет жасамаңыз. Егер ондай жағдай орын алса, менің бәрін дұрыс істеп жатырмынба деп ойлану керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Ержан Тастамбеков деген кім
Ержан Тастамбеков деген кім
Отандық жұлдыздардың бизнесі
Отандық жұлдыздардың бизнесі
Шетелде танымал қазақстандық жұлдыздар
Шетелде танымал қазақстандық жұлдыздар
Фрилансер жаңа тапсырыстарды тұрақты түрде әкелетін жеке брендті қалай дамытады
Фрилансер жаңа тапсырыстарды тұрақты түрде әкелетін жеке брендті қалай дамытады
Пайдалы контент түсіретін отандық блогерлер
Пайдалы контент түсіретін отандық блогерлер