facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/7c0/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/7c0b981a9a03e53b407184a95110e963.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
mira-bergen-astanany-ornyna-almatyny-ta-da-any-zhayly
logo
Мира Берген астананың орнына Алматыны таңдағаны жайлы
Өмір сүру стилі

04.12.2019

Мира Берген астананың орнына Алматыны таңдағаны жайлы

Мира Берген, 45 жаста, туған жері — Орал, стилші, @mira_bergen​

2018-10-30 12.52.46.jpg


Орал — Астана — Алматы


2005 жылы отбасымызбен Оралдағы кәсібімізді тастап, Астанаға көшіп келдік. Қала енді құрылып жатқан еді, астанаға білікті мамандар қажет болды, біз осы мүмкіндікті өткізіп алмайық деп шештік.

Үлкен ұлым Политехке түскеннен кейін қызымыз екеуіміз Алматыға көшіп келдік. Сол кезде мен істеп жүрген компания Алматыдағы филиалына басшы іздеп жүрген еді. Мен бүкіл Қазақстанды басқаратынмын, бірақ саналы түрде төменірек жұмысқа келістім.

2018-10-18 15.54.51.JPG

Біз Астанадағы пәтерімізді бір күнде сатып, екінші күні Алматыда пәтер сатып алдық. Осылайша мен өзімнің бұрыннан келе жатқан арманымды орындадым.


Қиындықтар мен алғашқы әсерлер жайлы


Менің анам студенттік жылдарын Алматыда өткізді. Бұл қалаға алғаш келгенде, Алматыдан қалайша кетіп қалуға болды деген ой туды. Бұл ой әлі көкейімде.

Мен көптеген рессейлік үлкен қалаларда болдым. Бірақ Алматы оларға қарағанда ерекше сезім қалырады, өте мейрімді қала. Алғаш рет бұл қалаға жазда келгенмін, тіпті осы жерде тұратын адамдарға қызыға қарайтынмын.

2018-11-30 12.27.54.JPG

Осы жаққа көшкелі, қала бізді бірден қабылдады. Сен дұрыс шешім қабылдағанда, барлық жағдайлар сенің пайдана шешіле бастайды. Алматы отбасым үшін өте әсерлі қала. Ұлым Политехты бітіріп, қазір Батыс Қазақстанда жұмыс істейді, бірақ Алматыға өз үйім деп келеді. Қызым да қаладан ерекше әсер алады. Бұл жақта болашақ жарымды кездестіріп, тұрмысқа шықтым.

Көшу кезінде ешқандай қиындықтар кездескен жоқ. Тек қаланың жоғарғы жағы мен төменгі жағын көп уақыт ажырата алмадым. Жолдасымның кейін түсіндірді.


Алматыдағы өмір жайлы


Алматы аз уақытта біздің үймізге айналды. Жұмыс барысымен Астанаға жиі барып тұрамын, бірақ ол жақта кезінде тұрғаныма кейде таңқаламын.

Алматы — ерекше ыстық естеліктерге толы таудағы үй. Ал Астана — заманауи, әдемі кеңсе, бірақ онда өмір сүру қиын.

Мен үшін алматылық — бақытты адам, әр сәтінен ләззат алатын тұлға.

IMG_1060.JPG

Алматыда кез-келген әлемнің тағамын табуға болады. Сондықтан біз әр саяхаттан кейін бір ай бойы өзіміз болған, елдердің тағамдарын дайындайтын мейрамханаларға барамыз. Алматы әр елден алған әсерді ұзартуға көмектеседі.

Мен Панфилов көшесін жақсы көремін. Театрға барып, дүкен аралау міндетті емес, қала көшелерінде де уақыт өткізуге болады.

Менің жолдасым Алматыда 50 жылдан астам уақыт тұрады, сондықтан маған қаланы әрдайым жаңа қырынан көрсетеді.

Алматыны ерекше жақсы көремін.


Жұмыс жайлы


Мен өмірімде көптеген нәрселермен айналыстым. Бизнесте жұмыс істедім, үлкен корпорацияларды, ұлттық компанияларда. Бірақ қазір өзіме ерекше ләззат беретін, стилистика мамандығы бойынша жұмыс істеймін.

Мен кәсіби қызметте табысты жеке бренд құрғанымды түсіндім. Бірақ менімен бірге қалатын нәрсе жасағым келді. Мен не істегім келетінін ойлаған кезде шопингтің жанында болғым келетінін бірден түсіндім. Маған адамдармен жұмыс істеу ләззат береді.

IMG_1226.JPG

Менің ойымша, бұл өмір бойы осыған келе жаттым. Кей нәрселер өзгерді: қалалар, жұмыс, бірақ сән мен стильге деген махаббат пен қызығушылық әрдайым болды.

Бүгін «стилист» мамандығы тез дамып келеді. Қарапайым адамдар киінуіне назар аудара бастады. Нарықтатауралар көбейді, олардығ арасында жоғалып қалмау керек. Бастысы өзімізге керек қана дүниелерді алу.

IMG_1250.JPG

Стилист бізге артық киімді сатып алмауға, уақыт үнемдеуге көмектеседі. Мен өз клиенттерімнің өмірден ләззат алғандарын қалаймын. Мен өз клиенттерімнің сыртқы келбеті жайлы жақсы пікірлер естігенде қуанамын. Олардың шоппингке көп ақша жұмсамауларын қадағалаймын. Ақшаны үнемдеп саяхатқа барғандары маңыздырақ.


Қаланың әсер етуі


IMG_2675.jpg

Алматының арқасында мен өзімді таптым. Бұрын айналамдағы барлық нәрсенің өтірік шимай деп түсінетінмін. Қазір мұнда мен шын мәнісінде өмір сүремін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.