Аминка Витаминка өзі туралы мәліметтермен бөлісті: әлеуметтік желілердегі хейттен Nickelodeon арнасының марапатына дейін.
Әмина Малғаждар, 12 жаста, қаласы — Алматы, блогер, актриса, @aminokka
Өзі туралы
Мен блогер және актрисамын. Instagram-да вайн түсіруден және YouTube-те блог жүргізуден бастадым. Қазір фильмдерге түсіп жүрмін. Сондай-ақ бірнеше жобада жүргізушімін.
Бәрі қалай басталды
Барлығы әдеттегі үйде түсірілген видеолардан басталды. Сіңілім екеуміз адамдарға және жануарларға пародия жасауды ұнататынбыз, ал анам оны камераға түсіретін.
Біз алғаш бастаған кезде хейт көп болды. Біз ең алғашқы вайнер балалар едік. Сол кездерде анамыз басқа ата-аналар айтқан сындарды көп оқитын. Ел-жұрт бізді бос іспен айналысып жүр, тәрбиеміз нашар деп айтатын. Алайда бізді қолдайтындар да болды. Ең алдымен отбасым мен жақындарым.
Біз ең алғашқы вайнер балалар едік
Осы уақыт аралығында бізде көптеген жоба болды. Әртүрлі компаниялармен жұмыс істедік: ойыншық брендтерінен бастап ірі банктерге дейін. Өткен жылы мен Ресейдегі Disney арнасындағы «После школы» шоуының жүргізушілерінің бірі болдым.
Киноға түсуі жайлы
Бірде біз Әсел Сәдуақасованы біздің вайнымызға түсуін өтіндік. Кейін Асқар Ұзабаев екеуі мені кастингке шақырды. Сөйтіп, бес жасымда «Келинка тоже человек» атты фильмде алғашқы басты рөлді сомдадым.
Ал одан кейінгі жобалар: «Женатики», «Той любой ценой», «Няня аға», «Гудбай мой бай», «Келинка тоже человек 2».
Өткен жылы мен «Королева Двора» телехикаясына түстім. Ол Ресейде балаларға арналған ең үздік сериал деп танылып, жүлде алған болатын. Жақында менің қатысуыммен «Каникулы оффлайн» фильмі жарыққа шықты. Жуырда қазақ тілінде менің қатысуымен тағы бір сериал шығады. Ол «Аула сақшылары» деп аталады.
Мен вайнер болып бастадым және YouTube арнам үшін скетчтер түсіретінмін, бірақ маған ең ұнайтыны — түсірілім алаңы. Бес жасымда да түсірілім алаңына бару үшін таңертең ерте тұрып алатынмын. Себебі маған киноға түсу процесі ұнайды, өзімді үлкен экраннан көруді, бүкіл команданың жұмыс нәтижесін көруді ұнатамын.
Nickelodeon Kids Choice Awards туралы
Маған Nickelodeon көрген ұнайтын және осы арнаның жобаларына қатысуды армандап жүретінмін. Бір қызығы, мен екінші рет Nickelodeon Kids Choice Awards сыйлығына ұсынылдым. Бұл жолы ашық дауыс беру нәтижесі бойынша көрермендер мені жеңімпаз деп таңдағанына өте қуаныштымын.
Биыл Жасмин, Хома және Батыр деген достарыммен бірге номинацияға ұсынылдым. Жеңіске жетемін деп ойламадым, бірақ естіген кезде қатты қуандым. Бұл марапат мен үшін өте маңызды, өйткені шығармашылыққа деген сүйіспеншілігімді ашқан осы Nickelodeon болды. Арнаның мультфильмдері мен сериалдары мені әрқашан шабыттандырады.
Жоспарлары жайлы
Мен өз ісімді жақсы көремін. Контентімді мейірімге толы етіп түсіруге, көретін жандарға тек қуаныш пен жақсы көңіл күй сыйлауға тырысамын. Бұл жағынан маған отбасым көмектеседі.
Жоспарымда — көрермендерге контент түсіруді, фильмдер мен сериалдарға түсуді жалғастыру.
Жаңадан бастаған блогерлерге ақыл-кеңес
Берілмеңдер! Өздеріңе ұнайтын нәрсе түсіріңдер. Мақсаттарыңа жетіңдер.