Prime Business Park
Кешенді офистік ғимараттарды жалға алушы,ірі компания – Global Development жасаған. Бұл жерде дүниежүзіне белгілі компаниялар орналасқан: ForteBank, DHL, Interoil Holding, Imperial Tobacco, Turkish Airlines, Motorola, Roche. Офистердің іші кең. Олар өсімдіктердің көптігімен ерекшеленеді. Бұл – ғимараттардың экологиялық тиімділігі бойынша BREEAM In-Us сертификатын алған «жасыл » бизнес орталықтардың бірі.
Мекенжайы: Алматы қ., Фурманов көшесі, 100/4
Байланыс тел.: 8 7273 212 001
Microsoft Almaty
Фотосурет Георгий Чумаковтікі
1975 жылы құрылған Microsoft корпорациясы – бағдарламалық қамтылымдарды өндірудегіәлемдік көшбасшы. Алматыдағы офисі компания қызметкерлерінің ойлау жасампаздығын дәлелдейді.
Мекенжайы: Алматы қ., Достық көшесі, 38, «Кең Дала» БО
Байланыс тел.: 8 7272 585 595
«Сбербанк»
Банк мемлекетіміздегі ірі 10 банктің қатарына енеді. «Сбербанк» филиалдық желісі 91 нүктеден тұрады. Ұйымның қызметіне қарамастан, банктің орталық офисі ашық жасыл түстермен безендірілген.
Мекенжайы: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 13
Байланыстары: 8 800 080 60 60
Wooppay
Wooppay – бұл қазақстандық қаржылық-техникалық компания. 2011 жылы ол қолма қолсыз төлемдер нарығының өзгертетін сервистер жасайтын, қазіргі күні ірі жобаға айналған стартап болған.
Офистің негізгі алаңын open-space алып жатыр. Бұл жерде әзірлеушілер, бағдарламашылар, тестілеушілер жұмыс істейді. Осындай кеңістік жеңіл формальды емес жағдай орнатып, қарым-қатынас жасауға ықпал етеді. Мұндай жайлы және ыңғайлы офисті жобалап, жасаған.
Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Воин-Интернационалисттер көшесі, 33
Байланыстары: 8 7212 996 222
Brain Twister дизайн тобы
Компания интерьер дизайнымен, ландшафты дизайнмен және сәулеттік жобалаумен айналысады. Компания пәтер, үй, коттедж, офис, дүкен, ресторан, жеке жайлар интерьері, соныменқатар Алматы және Астана қалаларының ландшафты дизайны сияқты жүздеген әр түрлі жобаларды іске асырды. Офисінің дизайны онда жұмыс істейтін ұжымның шығармашылық рухын толықтай бейнелейді.
Мекенжайыс: Алматы қ., «Астана» шағынауданы, 1/10
Байланыс тел.: 8 701 173 99 91