Гай Минтус — әлемге танымал израильдік музыкант, Қазақстанда 2019 жылы болған. Бұл жолы ол екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың отыз жылдығына орай келді. Біз музыка, алғашқы әсері мен жоспарлары туралы сөйлестік.
Гай Минтус, қаласы — Тель-Авив, музыкант, @guymintus
Өзі жайлы
Мен Израильда туып-өстім. Менің екі арғы әжем Ирактан, бір арғы атам – Марокколық, ал екіншісі Польшадан. Мен осы мәдениеттер ортасында өстім, музыкамның бір бөлігі осы өзгешеліктен шабыт алды.
Менің музыкамен қызығушылығым 13 жасымда үлкен іске айналды. Сол кезде мен джазға ғашық болдым. Қағазға жазылғанды орындап қана емес, өз музыкамды жаза алатынымды түсіндім/
Көп уақытымды джаз және оның дәстүрлеріне, классикалық музыканы үйренуге жұмсадым. Кейін Таяу Шығыстың, алдымен түрік, кейін араб әндеріне қызықтым. Соңында менің қызығушылығым барлық әлемдік музыка түрлеріне тарады, фламенко немесе үнділік рага болсын,
Бүгін де мен соло, трио немесе оркестрмен өнер көрсетемін, ансамбль үшін музыка жазамын.
Сонымен қатар, өздамытым жайлы кітаптарға қызығамын, бұл тақырыптағы подкаст тыңдаймын. Бейнелеу өнерін, тағам түрлерін және саяхаттағанды жақсы көремін.
Музыка туралы
Музыка мен үшін — әмбебап тілі, есіктерді ашатын, мәдениеттерді байланыстыратын кілт. Музыка — сөзден жоғары.
Өзіміді өзге жерде көрсете алмайтындай, аша алатын ғажап дүние. Мен үшін бұл терапия мен медитация сияқты. Өнер көрсеткен сәтте өмірді толыққанды сезінемін. Бұл менің жұмысымды жақсы көруімнің көптеген себептерінің бірі.
Музыка біздің трионы байланыстырды. Yonatan Rosen и Oren Hardy — керемет музыканттар, жан-жақты және икемді. Біз доспыз. Бізге бірге саяхаттаған ұнайды.
Жақында біз симфониялық оркестрмен концерт өткіздік. Бетховеннің Бесінші мен Жетінші симфониясының бірнеше бөлігін алдық және жаңаша қайта жаңғыртттық. Мен бұл жобамен екі айға жуық уақыт жұмыс жасадым. Алғаш рет оны Иерусалимда орындадық. Бұл классикалық музыка біздің импровизацияның бөлігі мен оркестр біріккен ғажайып ән болды. Бұл тәжірибені болашақта бір емес бірнеше рет қайталаймыз деп сенемін.
Қазақстан жайлы
Бірінші рет Алматыға 2019 жылы келдім. Қазақстаннан не күту керек екенін білмедім. Бірақ, мұнда менің Manhattan School of Music-те бірге оқыған құрбым болған. Оның есімі Загиша Камил және ол жақсы скрипкашы.
Мені адамдардың жылуы, шынайылығы мен музыкаға деген махаббаты таң қалдырды. Сол кезде мен халықаралық джаз фестивалінде өнер көрсеттім. Басында аудитория ұстамды болды, бірақ музыканың арқасында оларды аша алдым.
Кейін біз музыка мектебіне бардық. Мен балалардың арасында пианино ойнадым, олардың клавишаға қол тигізгені — ортақ музыка шығаруы еді. Бұл мен үшін таңғажайып тәжірибе болды.
Мен біздің Қазақстанға тағы да келетінімізге сенемін
Алматыда төрт-бес күн болдық. Бұл уақытта менің құрбымның отбасысымен де уақыт өткіздік. Бірде біз тауғашықтық. Менде өзіммен мелодика болды, біз биіктікте, қар арасында ойнадық. Мен көп әсер алдым және сондықтан Қазақстанға оралдым.
Нұр-Сұлтанның пейзажы алматылықтан айтарлықтай өзгеше екен. Астанада мен Қазақстан ұлттық университетінде мастер-класс өткіземін. Әдетте осындай іс-шараларда мен музыкаға деген қарым-қатынас пен өз-өзіңді көрсету туралы айтамын. Бір тақырып жоқ — адамдарды сезіп, оларға не қажет, соны беруге тырысамын. Бұны импровизация деп атай аламын.
Сонымен қатар біздің трио концерт береді. Израильдің елшілігімен екіжақты отыз жылдық қарым-қатынастың құрметіне ұйымдастырылған. Соңғы A Gershwin Playground альбомның музыкасын және мереке құрметіне арнайы ән орындаймыз.
Бұдан кейін тағыда Алматыға, джаз фестивалінде өнер көрсетуге барамыз. Әрі қарай — Нью-Йорк және жаңа шытырман оқиғалар.
Мен біздің Қазақстанға тағы да келетінімізге сенемін. Бұл қызық жерді әлі де тану керек.