facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/b5d/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/40xo58f7ayqmbdqjfaojdkjw6w82nyig.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
men-sh-n-bedel-ma-yzdy-sara-shaket-z-blogynda-anday-ndyly-tar-zhayynda-aytatyny-turaly
logo
«Мен үшін бедел маңызды»: Сара Шакет өз блогында қандай құндылықтар жайында айтатыны туралы

Сара Шакет

21 жаста, Алматы қаласы, блогер, @kiingsarah

Главный (каз)

04.08.2023

«Мен үшін бедел маңызды»: Сара Шакет өз блогында қандай құндылықтар жайында айтатыны туралы

Сара Шакет


Мен YouTube блогерімін.
Инстаграмда да блог жүргіземін. Блог жүргізу — менің хоббиім, жұмысым және сүйікті ісім.

Бала кезімде ұялшақ, тұйық болатынмын. Бірақ үнемі шығармашылықпен айналыстым, Интернеттегі трендтерді қадағалап отыратынмын, америкалық және ресейлік блогерлермен, вайнерлермен таныс болдым. Ол кезде Қазақстанда YouTube блогерлері болған жоқ. Мен мектепке киім алу туралы алғашқы видеомды түсіргенде, ол екі аптаның ішінде 100 000 қаралымға ие болды.

Ата-анам мені еркін өсірді, олар маған сенді және мұны үнемі сезінетінмін. Блог жүргіземін деген кезде қолдады. Ал әкем туған күніме алғашқы камерамды сыйлады. Мен блог жүргізуге көбірек уақыт бөлу үшін университеттен кету туралы шешім қабылдаған кезде де, ата-анам да қарсы болмады. Олар маған сенді, енді мен оларға көмектесемін, жағдайын жасаймын, сыйлықтар беремін. Блогтың арқасында мен көпшіл бола түстім, өзімді көрсетуден қорықпаймын.

Мен көңілді, ашық және эмоционалды жанмын. Өз сезімімді жасырмаймын, бұл әрқашан жүзімнен көрініп тұрады. Мен шын жүректен қуана, дауыстап күле аламын. Қаласам, мұңайып, жылаймын. Мерекелерді, кештерді, адармен қарым-қатынасты жақсы көремін.

Алматы

Мен эмпатикалық адаммын. Мен үшін шынайылық, мейірімділік, бастамашылдық маңызды. Екіжүзділік пен жасандылықты бірден сезіп қоямын. Сол себепті мұндай адамдарға жақындамауға тырысамын. Сондай-ақ дамымайтын, ештеңеге қызықпайтын адамдармен араласпаймын.

Мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты бағалаймын, достықты бағалаймын. Құрбыларыммен араласып жүргенімізге 10 жылдан асты. Осы уақыт бойы олар мені қолдап келеді.

Мен жауаптымын және уақытпен жүретін адаммын. Менде әрқашан нақты жоспар, күн тәртібі болады. Адамдардың көңілін қалдыруды ұнатпаймын. Егер мен бірдеңе деп уәде берсем, айтқанымда тұрамын.

Мен үшін бедел маңызды. Бұған менің тәрбием әсер етеді. Мен әділеттілік әрқашан бірінші орынға қойылатын заңгерлер отбасында өстім. Маған маңыздысы табыс емес, хайп та емес. Дұрыс жеке бренд пен позицияны қалыптастыру, жақсы беделді сақтау әлдеқайда маңызды.

Мен үшін бедел маңызды

Маған аудиторияның сапасы да маңызды. Менің жазылушыларым хайп пен коллаборациясыз-ақ өсіп жатыр. Маған шынымен қызығушылық танытатын адамдар жазылады. Сондықтан менде ешқандай хейт жоқ, белсенділік пен парақшамды қарайтындардың саны миллиондаған жазылушысы бар блогерлерден әлдеқайда жоғары. Блогыма мен туралы бәрін білетін, маған сенетін адал көрермендер жиналды.

Мен әрқашан жариялайтын материалымды сүзгіден өткіземін, өйткені көптеген адамдар алдындағы жауапкершілікті сезінемін. Жазылушыларымның арасында мектеп оқушылары мен студенттер көп. Менің оларға «құрбы» болғым, олармен өз тәжірибеммен бөліскім келеді, олардың қиындықтары мен қорқыныштарын жеңуге көмектессем деймін. Сондықтан мен шыншыл болуға, дұрыс құндылықтарды таратуға тырысамын. Күн сайын маған оларды шабыттандырғаным, мотивация бергенім жайлы хабарламалар келіп жатады.

Адамдар тіпті әлеуметтік желілер арқылы да өтірікті, жалғандықты сезінеді. Сондықтан мен тек шынайы болмысымды көрсетемін. Бар өміріммен бөлісемін. Жазылушылар менің айналаммен таныс. Мен отбасым туралы айтамын, отбасы құндылықтармен бөлісемін. Құрбыларым туралы айтып, достықты бағалау қаншалықты маңызды екенін көрсетемін. Өзімнің романтикалық қарым-қатынастарым туралы айтамын және бір-біріңе қолдау көрсетудің, құрметтеудің және қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетемін.

блогер

Әр адам өзі үшін жауапты болуы керек екенін есте ұстаған жөн. Біреуге жазылсаңыз да, кімді көруді, кімді тыңдауды, қандай шешім қабылдауды өзіңіз ғана таңдайсыз. Блогерлер де қателесуі мүмкін және қателесуге құқығы бар адамдар.

Мен өмірді оның барлық көріністерімен жақсы көремін. Өзімді, айналамды, жақын адамдарымды жақсы көремін. Эстетика мен сұлулықты жақсы көремін. Саяхаттауды және жаңа елдерді аралап, жаңа мәдениеттерді зерттеуді, адамдармен танысуды ұнатамын.

Созидатели

Мен бақытты адаммын. Бақыт дегеніміз — адамның ішкі күйі. Мен бақыттымын, өйткені денсаулығым жақсы, жақындарым жанымда және сүйікті ісім бар. Өз іс-әрекетімде еркінмін, көңілім қалағанын аламын, жасаймын және жақындарымды қуантып отырамын. Көптеген адамдармен өзімдегі позитивпен бөлісе аламын.

Қиындықтар — келесі деңгейге өту мүмкіндігі

Қиындықтар — жаңа деңгейге өту мүмкіндігі. Көбісі проблемаларды жаман, қайғылы нәрсе ретінде қарастырады. Бірақ мен оларды абыроймен өтуді қажет ететін челлендж ретінде қабылдаймын. Бізге өзіміз шеше алатын проблемалар ғана берілген деп есептеймін. Ал сіз шешім тапқаннан кейін сізді жағымды жаңалықтар, жаңа жеңістер күтіп тұр. Сондықтан қиындықтан қорықпай, соған қарсы жүру керек.

Казахстан

Менің мақсатым — бақытты болу, өзімнің бақытты өмірімді құру және жақындарымды бақытты ету. Қазақстандықтардың өскелең ұрпағын, дұрыс құндылықтарды ұстанатын, өзін көрсетуден, әлемге көрсетуден қорықпайтын жастарды шабыттандырғым келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
EPAM Kazakhstan-да қалай жұмыс істейді: қызметкерлер жаһандық IT-компаниядағы мансап туралы
EPAM Kazakhstan-да қалай жұмыс істейді: қызметкерлер жаһандық IT-компаниядағы мансап туралы
Жеке брендті қалай дамыту керек: ең танымал кітаптардан 6 идея
Жеке брендті қалай дамыту керек: ең танымал кітаптардан 6 идея
Саяхат үшін қосымшалар: карталар, қонақ үйлерді брондау, билеттерді сатып алу
Саяхат үшін қосымшалар: карталар, қонақ үйлерді брондау, билеттерді сатып алу
Әйелдер және мансап. Астаналық табысты басшылардың тарихы
Әйелдер және мансап. Астаналық табысты басшылардың тарихы
Егер сіз Астанада бірінші рет болсаңыз, қайда бару керек. 12 Must visit орындар
Егер сіз Астанада бірінші рет болсаңыз, қайда бару керек. 12 Must visit орындар