Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/1b8/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/7d95gl63mmiggamkj0e56qhuwi5ga8bq.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Мен Maqsut Narikbayev университетінде оқимын. Студенттерді қабылдау, студенттік өмір және университет ерекшеліктері туралы
1901

19.02.2024

Мен Maqsut Narikbayev университетінде оқимын. Студенттерді қабылдау, студенттік өмір және университет ерекшеліктері туралы

Қазақстанның үздік жоғары оқу орынының студенттері оқудан алған әсерлерімен бөлісіп, осында оқуға түскісі келетіндерге бірнеше кеңестер берді.


Қаламқас Аджикул, 18 жаста, Астана қаласы, студент, мұғалім, @asemay_adjikulovaa

студенты казгюу

ЖОО таңдау туралы

Мен халықаралық журналист мамандығында оқимын. Мектепті бітіргеннен кейін Қазақстанның үздік ЖОО-на, Астанаға түсуді армандадым. Таңдау бірден болды.

Оқуға түсу туралы

2023 жылдың жазында халықаралық журналистика мектебіне іріктеу өзгеше форматта өтті: демеушілік және ішкі гранттар ойнатылды.

Мотивациялық хат жазып, сұхбат бердім. Таңдалған мамандыққа қатысты сұрақтарға нақты және сенімді, әдемі жауап беруге дайындалдым.

Барлық талапкерлерге ҰБТ-ны жақсы тапсыруға және уақытты тиімді пайдалануға кеңес беремін. Ең бастысы — болашақ мамандықты дұрыс таңдау.

Оқу ерекшеліктері туралы

Бізде кредиттік оқыту жүйесі бар және студенттер топта оқымайды. Университеттің әр оқушысы жеке тұлға ретінде ашыла алады.

Университетте көптеген артықшылықтар бар. Мұнда жоғары білікті оқытушылар және даму үшін ең жақсы орта бар. Көптеген ұйымдар, клубтар бар. Олардың құрамындағы студенттер қоғам құндылықтарына ұқыпты қарайды және командада жұмыс істей алады. Мен мұны өз тәжірибемнен білемін.

Барлық жерде кемшіліктер бар, тіпті аталған артықшылықтар біреу үшін қиындық тудыруы мүмкін. Ең бастысы — университет беретін еркіндікке дайын екеніңізді түсіну, себебі өміріңізді өз қолыңызға алу осылай басталады.

Университет не үйретті

Менің мамандығым бойынша оқуда тәжірибеге баса назар аударылады. Осының арқасында менде көптеген нақты hard және soft дағдылары бар. Мен сценарийлер мен мақалалар жазуды, бейнелер түсіруді және монтаждауды, келіссөздер жүргізуді және ақпаратты талдауды үйрендім. Үйренгендерім өзіме шынымен қызық.

Студенттік ұйымдар жұмыс күндерімді жарқыратып, баға жетпес тәжірибе берді. Бұрын бәріне менсінбей қарайтынмын, бәрін жақсы білемін және істей аламын деп ойладым. Бірақ қазір әлі даму керек екенімді түсіндім.

Егер сізде әлеуметтенуге, дамуға және үлкен нәрсенің бір бөлігі болуға ниет болса, осы университетке түсуге кеңес беремін.


Әлихан Ахметжанов, 19 жаста, Астана қаласы, студент, @alikhan_akhmet

студенты казгюу

ЖОО таңдау туралы

Мен әрқашан жаңа нәрсені үйренуді және дамуды ұнататынмын. Бір жыл бұрын кәсіби спортшы және халықаралық чемпионаттардың қатысушысы болдым, ал қазір Қазақстанның үздік оқытушыларымен құқықтану саласында ғылыми жұмыстар жазамын.

Мен оқу орнын таңдауға саналы түрде қарадым. Еліміздің жоғары оқу орындарын ұзақ зерттедім. Колледжден кейін мамандығым бойынша оқуды жалғастырдым. Мен үшін университеттің халықаралық аккредиттелуі маңызды болды, өйткені мен бірінші дәрежелі заңгер ретінде мансап құрғым келеді. Maqsut Narikbayev University — қажетті аккредитациялары бар құқық, экономика және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекетіміздің ең үздік оқу орындарының бірі. Сондықтан мен осы университетті таңдадым.

Оқуға түсу туралы

Оқуға түсу оңай болды. Колледжде жақсы оқығандықтан менің білімім жеткілікті болды. Мен дайындыққа ерекше назар аудардым. Бұл процесс колледжден кейін келгендер үшін өзгеше, менде ауызша емтихан түрінде болды. Мен қабылдау комиссиясын таң қалдырып, студент ретінде қабылдандым.

Қазір құжаттарды қабылдау процесі басқаша. Сіз ақпан айында, жазды күтпей, оқуға түсе аласыз. Әлемнің көптеген жетекші университеттері мұндай қабылдау процесін бұрыннан бері қолданып келеді. Менің ойымша, бұл керемет, заманауи және ыңғайлы.

Сізді қызықтыратын мамандықтар бойынша бейіндік пәндер мен өту балдарын алдын ала білуге, @mnu.kz парақшасындағы өзекті ақпараттарды қадағалауға кеңес беремін. Өзіңізге сеніңіз.

Оқу ерекшеліктері туралы

Maqsut Narikbayev University-де оқудың көптеген ерекшеліктері бар. Мен олардың кейбіреулері туралы ғана айтайын.

Кредиттік оқыту жүйесі. Бұл сізге кесте құруға және мұғалімдерді таңдауға мүмкіндік береді. Университетті төрт жылда емес, үш жылда бітіруге мүмкіндік бар.

Академиялық ұтқырлық және қос дипломдық бағдарламалар: сіз шетелге оқуға бара аласыз, өйткені университет әлемнің 100-ден астам елімен ынтымақтасады.

Major және Minor бағдарламасы. Бұл жүйе бір уақытта бірнеше мамандықты оқуға мүмкіндік береді. Мысалы, менің Major — негізгі мамандығым — құқықтану. Ал Minor — қосымша мамандық — маркетинг, өйткені әрқашан бизнес пен жеке брендті дамытуға қызығамын.

Мен үшін жалғыз кемшілік — университет менің үйімнен алыс орналасқан. Бірақ мен өкінбеймін, өйткені университеттегі атмосфера керемет. Президент балы, қабылдау кеші сияқты іс-шаралар жыл соңына дейін жүрегінде қалады. Мен өз тәжірибемнен айтудамын.

Университет не үйретті

ЖОО-да жауапкершілікті, мақсаттылықты үйретеді. Мұнда сіздің нәтиже тек сіздің қалауыңыз бен әрекеттеріңізге байланысты екенін түсінесіз.

Университет қабырғасында қалай дұрыс оқу керегін білдім. Өмірге саналы түрде қарай бастадым.

Мен Maqsut Narikbayev University-ге түсуді ұсынамын. Бұл өз студенттерін тұлға ретінде дамытатын оқу орны. Халықаралық үлгідегі білім болашақ мансаптық өсуге жол ашады.


Мәди Болат, 19 жаста, Астана қаласы, медиа әкімшісі, @_m_avocado

студенты казгюу

ЖОО таңдау туралы

Мен Менеджмент мамандығы бойынша екінші курста оқимын.

Басында Қытайға түстім. Карантиндік шектеулерге байланысты барып оқи алмадым. Бір жыл қашықтықтан оқығаннан кейін бұл менікі емес екенін түсіндім. Мемлекеттік жоғары оқу орындарын іздей бастадым. Мен үшін жалғыз таңдау Maqsut Narikbayev University болды.

Оқуға түсу туралы

Университетті таңдағаннан кейін ҰБТ-ға дайындықты бастадым. Емтихан тапсырып, құжаттарды тапсыру үшін бірден Астанаға келдім. Негізі, барлық жоғары оқу орындарындағы тізім бірдей. Бірақ IELTS сертификатының болғаны талапкер үшін өте пайдалы.

Егер құжат дұрыс жиналған болса, қабылдау кезінде ешқандай проблемалар болмауы керек.

Оқу ерекшеліктері туралы

Әр студенттің өзі кесте жасайды. Нетворкингке керемет мүмкіндіктері бар: әртүрлі іс-шаралар мен ұйымдар, топтық жұмыстар.

Кемшіліктердің ішінде мен асхананы атап өтемін, себебі ылғи орын болмай қалады.

ЖОО студенттер үшін де, қызметкерлер үшін де барынша жайлы атмосфера жасайды. Басшылық оқушыларға жақын болуға тырысады. Мысалы, жақында басқарма төрағасы өзінің барлық байланыстарымен бөлісті.

Университет не үйретті

Университеттің арқасында мен көптеген керемет дағдыларға ие болдым және бар дағдыларымды жақсарттым. Қарым-қатынас, шешендік, уақытты басқаруды үйрендім.

Көптеген студенттердің бакалавриат кезеңінде университетте жұмыс істеу мүмкіндігі болуы маңызды. Сондықтан барлығына Maqsut Narikbayev University-ге түсуге кеңес беремін.


Ксения Балутина, 21 жаста, Астана қаласы, маркетинг агенттігінің жоба менеджері, @bkvna

студенты казгюу

ЖОО таңдау туралы

Мен тарихты жақсы көремін және ағылшын тілін білемін. Сондықтан мен «халықаралық қатынастарға» түсу туралы ойладым. Бірақ қабылдау комиссиясында кеңес алғаннан кейін «қолданбалы лингвистикадан» оқығым келетінін түсіндім.

Maqsut Narikbayev University-ді таңдаған себебім: мұнда анам екінші жоғары білім алған. Біз оның дипломын алуға келгенде, мұнда бәрі басқаша болған. Университет жыл сайын өзгеріп отырады.

Тағы бір себеп — ата-анам мені Алматыға жібермеді. Сондықтан мен Астанада қалдым. Мен өз таңдауыма өкінбеймін, өйткені Maqsut Narikbayev University көптеген мүмкіндіктер береді.

Оқуға түсу туралы

ҰБТ-ға дайындық үшін мен «Талан» білім беру орталығына бардым. Бір-екі айдың ішінде емтиханға дайындалып, 78 баллмен тапсырдым.

Оқуға түсер алдында әр талапкер кәсіптік бағдар беру тестін тапсыруы керек. Мінез бен тұлғаның бейімділігі мен жеке ерекшеліктерін түсінулері қажет. Қабылдау комиссиясында жұмыс істеген кезде мен көптеген адамдар олар өздеріне не ұнайтынын ұмытып, университетті грантта оқу үшін ғана таңдайды.

Біздің жоо- ға түсу үшін міндетті талаптар — ҰБТ және ағылшын тілінен ішкі емтихан КЕРТ-ті тапсыру. Бұл құрылымы бойынша IELTS-ке ұқсас, сондықтан интернетте көптеген тесттерді табуға болады. Мен екінші тапсырғанда өттім, 60 ұпай алдым. Бұл нәтиже B2 деңгейіне тең.

Оқу ерекшеліктері туралы

Білім берудің кредиттік жүйесі жұмыс пен оқуды үйлестіруге, өз бетінше кесте құруға мүмкіндік береді. Сіз университетті үш жылда да, бес жылда да бітіре аласыз.

Негізгі артықшылығы — жарқын және керемет студенттік өмір. Қабылдау кешіне қатысуға, президенттік балдың дебютанты немесе университеттің амбассадоры болуға болады. Мұндай іс-шаралар кезінде сіз студенттік атмосфераны және университетке деген мақтаныш сезімін сезінесіз.

Университет не үйретті

Университетіміздің әрбір студенті төзімділігімен мақтана алады, өйткені «мидка» және «файналдар» тапсыру кезеңдері басқа ЖОО-ға ауысу деген ой тудырады. Бұл бір жағынан жақсы. Себебі сені шынықтырады, тез берілуге жол бермейді және әрі қарай жүруге ынталандырады.

Мен университетке сыни тұрғыдан ойлау дағдылары мен ақпараттың дұрыстығын тексеру әдеті үшін алғыс айтамын.

Амбассадор болу — төрт жылдық оқуымдаға ең жақсы таңдау. Маған көп нәрсені үйреткен нағыз достар мен басшыларды таптым.

Мен өзіме сенімсіз және ұялшақ болғанмын, бірақ университетке түсіп бәріне қол жеткізе алатынымды түсіндім. Барлық талапкерлерге біздің сүйікті «сарыға», яғни университетімізге түсуге кеңес беремін. Бұл әркім үшін жеке және академиялық өсуге мүмкіндік береді.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу