Ақсұлтан Қалиев, 21 жаста, туған қаласы — Семей, блогер
Өзі жайында
Соңғы жыл ішінде мен өзгердім. Менде маңызды құндылықтар пайда боды. Мен көп нәрселерге басқаша қарап, рухани тұрғыдан дами бастадым. Өмірдің мәні жайында көп ойлаймын, өзімді тани бастадым, эмоцияларым бойынша жұмыс жасаймын.
Мен мейірімділікті, адалдықты таңдаймын. Ойлар мен әрекеттердің үйлесімділігін құптаймын. Мен халалды рок-н-роллды таңдаймын.
Мен адамдардың адалдығын бағалаймын, оларға сенім білдіруге тырысамын.
Өз ісі жайында
Барлығы мектеп сахнасынан –мен ән орындаған және КВН-де ойнаған кезден басталды. Ал вайндарды мен университеттің бірінші курсында түсіре бастадым. Биыл вайн түсіріп жүргенімізге төрт жыл болады. Қазірде мен өз қуатымды «Маркетинг Министрлігіне» бағыттап жатырмын.
Сонымен қатар осы жылы біз «Ха-Ха шоуды» жаңа деңгейге шығарғымыз келеді. Медиаконтенттен бөлек жаңа нәрсені жасап шығаруды қалаймыз.
Отбасы жайында
2018 жылдың тамыз айында біз қызымызбен отбасы құруды шештік.
Мен басқа қалаға көшіп келген соң, менің ортам кенет өзгерген кезден бастап біз кездесе бастадық. Сол сәтте ол менің жанымда болды.
Жұбайым мені шабыттандырады. Өмірдегі ең маңызды нәрсе – өзіңе сай келетін дұрыс адамды таңдау. Ол қасымда болған кезде, менің жаным бірден тыныштық табады. Өмірде қандай жағдай болмасын, оның жанымда болуы медитация сияқты.
Біздің өмірімізде барлығы керемет. Біз осы жылы балалы болғымыз келеді және келешекте көп балалардың болуын қалаймыз.
Өмірдегі ең маңызды нәрсе – өзіңе сай келетін дұрыс адамды таңдау
Кітаптар және музыка жайында
Менде сүйікті кітап жоқ, себебі кітап оқуға уақыт жетпейді. Бірақ мен психологиямен қызығамын және осы тақырыптағы кітаптар жаныма жақын.
Музыка таңдауына мен жауапкершілікпен қараймын. Мен меломанмын, бірақ музыканың өзіндік аурасы бар деп санаймын. Сен тыңдайтын кез-келген әуен сені өзгертуі мүмкін. Сол себепті не тыңдап жатқаныңды таңдау маңызды болып табылады.
Менің сүйікті қазақстандық тобым – «Дос-Мұқасан» тобы. Олар уақыт пен жағдайға қарамастан сапалы музыка жасайтын. Қазірде қазақстандық музыканы Telegram желісіндегі «Озен» деген музыка каналы арқылы тыңдауға болады.
Демалыс жайында
Мен жайлы демалысты ұнатамын. Біз жұбайымызбен Еуропаға барып келдік, көп қыдырдық және экскурсияларға бардық. Бірақ бес күннен кейін шаршап Дубайдың бір жерінде демалсақ, одан да жақсы болар екенін түсіндік.
Бірнеше рет қайтып оралуға болатын сүйікті қала – Прага қаласы. Сол жердің энергетикасы жақсы.
Қазақстанда мен Ақтауда уақыт өткізгенді ұнатамын. Осы жылы біз Қазақстанның көп жерлеріне, оған қоса оңтүстік жерлеріне саяхат жасауды жоспарлаймыз.
Астанада маған айрықша Тәуелсіздік көшесі ұнайды. Мен серуендеуді немесе «Пирамида» жанынан жүріп өтуді ұнатамын. Бұл кең көшеде мен терең дем алуды қалаймын.
Армандар мен жоспарлар жайында
Мен жақындарымды қуантып, оларға жақсылық жасағым келеді. Бұрын мен бұның қаншалықты маңызды екені туралы ойлаған емеспін. Бірақ менің әйелім барлық нәрселерге басқа көзқараспен қарауды үйретті. Үйіміздің әрбір қонағы үшін оның әрқашан өзінің кішкентай сыйлығы болады.
Менде ата-анамның армандарын орындау ниетім пайда болды. Біз армандар картасын толтырған кезде, анам тікұшақты және Нью-Йоркке баруды қалайтынын айтқан. Ол қалжын ретінде айтты, бірақ мен бұл арманды орындауды қаладым.
Осы жылы мен музыка саласында дамығым келеді. Болашақта қазақстандық музыканың лейблын құруды қалаймын. «ХаХа шоуда» продюсерлікпен айналысуды – жаңа адамдарды ашуды қалаймын.