facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
men-hr-mamany-bolyp-zh-mys-steym-n-b-l-mamandy-a-zge-saladan-kelgen-3-adamny-o-i-asy
logo
Мен HR маманы болып жұмыс істеймін. Бұл мамандыққа өзге саладан келген 3 адамның оқиғасы

23.06.2022

Мен HR маманы болып жұмыс істеймін. Бұл мамандыққа өзге саладан келген 3 адамның оқиғасы

Қызметкерлерді басқару — жас әрі қарқынды дамып келе жатқан сала. Осы мамандықтың өкілдері бұл саланы неліктен таңдағандығын және артықшылықтары жайлы айтып берді.


Майя Султанахметова, 34 жаста, қаласы — Астана, қызметкерлерді іріктеу жөніндегі менеджер, linkedin


Майя Султанахметова.jpg

Өзі жайында


Менің педагогикалық және экономикалық сала бойынша білім алдым. Еңбек жолымды Қостанайдағы жергілікті әкімдікте қазақ тілінің аудармашысы ретінде бастадым, содан кейін жергілікті газеттер «Твой шанс» пен «Наша Газета» құрылтайшысы — «Костанайский Дом Печати» баспасына ауыстым, онда мен орыс тілінің корректоры болып жұмыс істедім.

Ол ауысымды жұмыс болатын, сондықтан оны корпоративтік сату жөніндегі менеджер позициясымен бірге алып жүрдім. Кейін Астанаға көшіп келіп, жергілікті журналда сату менеджері болып жұмысқа тұрдым.

Мамандығын ауыстыруы жайында


Менің айлығым тұрақты болмады, бонустарға байланған еді. Бұл ретте мен жұмыс істейтін компанияның нақтылы бір беделі, дамыған корпоративтік мәдениеті мен лайықты әлеуметтік пакеті болғанын қалады.

Мен осы қиындықтар жайлы жетекшіме айттым. Ол мені «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетіне оқыту бойынша менеджер ретінде ұсынды. Жұмыс өте көп болды, бірақ біз компания ішінде берік мәдениет қалыптастыра алдық. Әрбіріміз өзімізге мол тәжірибе жинап, жақын адамдар таптық.

Менің өмірім түбегейлі өзгерді. Жұмысымда өз миссиямды көремін — бизнес пен адамдарға көмек көрсету.

Оқуы жайында


Мен «Самұрық-Қазына», «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ жанындағы HR Академияларынан ішкі оқытудан өтіп, «HR-менеджерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінен HRP сертификатын алдым.

Қазіргі уақытта РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында «қызметкерлерді басқару» мамандығы бойынша магистратурада оқып жүрмін. Сонымен қатар HR бойынша бірқатар курстардан өттім.

Артықшылықтары мен кемшіліктері жайында


HR-дің артықшылығы — бұл мамандық нарықта сұранысқа ие. Бұл сала бизнес үшін пайдалы, сондықтан жақсы төленеді.

Біз адамдармен, олардың мотивациясы мен дамуымен жұмыс істеп, өмірін жақсартамыз.

Нәтижелері жайында


Мен өзім қалаған нәтижеге қол жеткіздім, бірақ әрдайым әрі қарай дамуға деген ұмтылысым бар.

Мамандығымды ауыстыру ойымда жоқ. Соңғы төрт жылда «HR-менеджерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жанындағы қатысушылардың жалпы жиналысының хатшысы болып жұмыс істеп, Қазақстанда HR-индустриясын дамытуға ат салысып жүрмін. Біз осы саладағы мамандар арасындағы нетуоркингті дамытып, үздік тәжірибелерімізбен бөлісеміз, ал осы маусым айының басында Түркістанда жыл сайынғы HR-форумын өткізбекшіміз.


Рустам Мусин, 30 жаста, қаласы — Атырау, HR сараптама орталығының менеджері, linkedin


Рустам Мусин.jpg

Өзі жайында


Мен бакалавриатты маркетинг бойынша, ал магистратураны қаржы саласында бітірдім. Еңбек жолымды Ipsos халықаралық зерттеу компаниясында дала супервайзері позициясында бастадым. Біраз уақыттан кейін LC Waikiki-ге ауыстым. Менің жұмысым адамдарды басқаруға негізделді, негізгі міндетім — қызмет көрсету сапасын жақсартып, жұмыс процесін оңтайландыру болды. Ал бұл жұмыс тікелей адамдармен байланысты еді, сондықтан тренингтер өткізіп, қызметкерлерді іріктеу жасадым. Уақыт өте келе бұл іске қызығатынымды түсіндім. Сол кезде адамдармен жұмыс істеуді алдыңғы орынға қойдым да, ал операциялық бөлім жағын кейінге қалдырдым.

Мамандығын ауыстыруы жайында


Қызметімді біржола өзгертуге бірнеше факторлар әсер етті. Мен адамдарға көмектескім келді. Уақыт өте келе қызметкерлердің жүзіне күлкі ұялап бұл клиентпен қарым-қатынас жасауға оң әсер еткенін көрдім. Осылайша компанияның ахуалына HR арқылы ықпал ете алатынымды түсіндім.

Алғашқы уақытта рекрутер болып жұмыс істедім. Табысым аз болды, алайда әр адамды өзіне сәйкес келетін компанияға жұмысқа орналастырып, оның даму жолын көрген сайын өзіме мотивация алдым. Өз миссиямды осылай атқардым.

Біраз уақыттан соң Стамбулға көштім, онда LC Waikiki-дің бас кеңсесінде HR маманы болып жұмыс істеп, он елде қызметкерлерді іріктеумен айналыстым.

Қазақстанға оралғаннан кейін департамент директоры лауазымына көтеріліп, HR саласындағы дамуымды жалғастырдым.

Оқуы жайында


Мен LC Waikiki компаниясында оқытудан өттім. Сонымен қатар, Gallup, McKinsey & Company компанияларының көптеген кітаптары мен мақалаларын оқыдым. Соның ішінде Дэйв Ульрихтің «HR в борьбе за конкурентное преимущество» кітабы елеулі рөл атқарды. Осы дереккөздер бір негізге жиналып, мені бүгінгі деңгейіме жеткізді.

Кез келген HR маманы клиенттің орнына өзін қойып оны сезіне алу үшін басқа департаментте менеджер позициясында жұмыс істеп көруі керек. Осылайша сіз қандай нюанстарға назар аудару керектігін түсінесіз.

Артықшылықтары мен кемшіліктері жайында


HR индустриясы гүлденіп келеді. Бұрын ол қосалқы функцияны атқарса, қазір стратегиялық рөлге ие болуда. Өз кезегінде акционерлер де компанияның зияткерлік және адами капиталына қызығушылық танытуда. Осы кәсіптің аясында жаңа мамандықтар да пайда болуда, мәселен, Employer branding немесе HR analyst.

Жаңа салаға ауысқанда әрдайым бейімделу кезеңін бастан өткересің, көптеген тың ақпарат пен жаңа білім аласың. Бұл кез келген салада пайдаға жарайтын құзыреттерді дамытуға көмектеседі.

Ұзақ уақыт істеген жұмысыңды тастап, басқа салаға ауысу бұл — челлендж. Өзің үйреген комфорт аймағыңнан шығу қиын. Алайда онда өзің үшін жақсы нәрсе — hard және soft дағдыларыңды жетілдіріп, өзіңнің нарықтағы бағаңды көтерсең болады. Сондықтан да егер алдыңызда мамандықты өзгерту жайлы таңдау тұрса байқап көруге кеңес беремін.

Нәтижелері жайында


Өзім қалаған нәтижеге жеттім деп айта алмаймын. Мен алдыма қысқа мерзімді мақсаттар ғана қоямын. Жұмысымды ауыстыру ойымда бар, бірақ жаңа жұмысым да HR-мен байланысты болады.

Өткен жылы президенттік жастар кадрлық резервінің резервисті атандым. Мемлекеттік қызметте адамдардың өмірін мемлекет деңгейінде жақсартатын ұсыныстар мен бастамаларға басымдық беремін.


Алтынай Карамуратова, 37 жаста, қаласы — Алматы, мансап бойынша кеңесші, linkedin


Алтынай Карамуратова.jpg

Өзі жайында


Мен мектеп кезінен бері маркетолог болып істеп, керемет халықаралық брендті дамытып, миллиондаған бюджеттермен жұмыс істеп тәжірибе алмасу үшін іс-сапарларға баруды армандадым. Осының барлығын бренд-менеджер кәсібінен тауып қуана жұмыс істедім.

Мамандығын ауыстыруы жайында


Тұңғыш баламды дүниеге әкелгеннен кейін өзімнің өмірлік құндылықтарым мен қағидамларымның өзгергенін түсіндім. Мен өз-өзін анықтау бойынша курс оқыдым, содан кейін менің талаптарыма сай келетін жаңа жұмыс таптым. Antal халықаралық рекрутингтік компаниясында қызметкерлерді іріктеу саласына ауыстым.

Бұл тәжірибе менің түсінігімдегі жұмыстың мазмұны мен мансап құру принциптерімді түп тамырымен өзгертті. Мен әртүрлі еңбек нарығын жаңа қырынан көрдім.

Менің бұрынғы жұмыс орнындағы алған білімім рекрутинг нарығында жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді түсінуге көмектеседі. Алғашқы жылдары маркетингпен байланысты бос жұмыс орындарымен айналыстым.

Оқуы жайында


Мен өз мамандығымды рекрутингтегі алғашқы басшым Анна Ковинскойдың арқасында өзгерттім. Antal компаниясында қызметкерлерді іріктеудің барлық аспектілері бойынша жақсы оқыту жүйесі ұйымдастырылды. Бізде тренингтер өткізіліп, корпоративтік кітапханаға кіруге рұқсат берілді, сондай-ақ тәжірибелі әріптестеріміздің жұмыс процесін бақылауға мүмкіндігіміз болды. Осының бәрі маған жаңа мамандықты меңгеруге көмектесті.

Мен «мамандыққа көмектесетін» дағдыларды дамытамын деп шешкенде Erickson International мектебінің коучинг курсынан өттім, содан кейін мансап бойынша кеңес беруші мамандығына ие болдым.

Артықшылықтары мен кемшіліктері жайында


Сыртқы рекрутингте сен big picture — еңбек нарығының жалпы көрінісін көресің. Бұл индустрия арқылы әрдайым басқа салаларға өсу мүмкіндігі бар. Көбісі ішкі HR-ге, кейде сату мен бизнесті дамыту саласына немесе мансаптық кеңес беру мен коучинг саласына барып жатады.

Егер адам мамандығын өзгерткісі келсе, онда оның бұл тілегін «өшіруге» болмайды


Бұл сала soft skills-ті, мысалы, эмоционалды интеллект, келіссөздер жүргізу және әртүрлі деңгейлерде серіктестік құру қабілеттерін дамытады.

Егер адам мамандығын өзгерткісі келсе, онда оның бұл тілегін «өшіруге» болмайды. Мұндай шешім жұмыстан жалығып сол іспен енді айналысқысы келмеуден туындайды. Бастысы артықшылықтарың мен мақсаттарыңды анықтап алу керек, сонда мамандықты ауыстыру «мені қайда жұмысқа алса, сонда істеймін» дегендей бей-берекет емес, саналы түрде салынған мансап жолы болмақ.

Дегенмен, табысыңды жоғалту қаупі бар, әсіресе бастапқы уақытта. Жаңа мамандықта мол тәжірибең жоқ, соған сәйкес қаржың да аз. Бұл кезеңді бастапқы уақытқа арнап алдын ала ақша жинап алып жоспарлы түрде жеңіл өткеруге болады.

Ал егер ақша жинай алмасаң, басқа да жолы бар — адам құндылықтарын ауыстырып, бұрын өзі маңызды әрі қажетті деп санаған шығындарынан бас тартып өмір салтын өзгертсе де болады.

Нәтижелері жайында


Мен адамдарды іріктеу бойынша мол тәжірибе жинадым. Соның арқасында жұмыс іздеушілерге жұмыс табуға көмектесіп мансап бойынша кеңес берумен айналысып жүрмін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.