facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
men-google-de-zh-mys-steym-n-atyrauly-zhazira-aripolla-a-sh-ta-y-ba-darlamashy-mansaby-zhayynda
logo
Мен Google-де жұмыс істеймін. Атыраулық Жазира Ғариполла АҚШ-тағы бағдарламашы мансабы жайында
Главный (каз)

12.12.2022

Мен Google-де жұмыс істеймін. Атыраулық Жазира Ғариполла АҚШ-тағы бағдарламашы мансабы жайында

Жазира Ғариполла АҚШ-та бағдарламашы болып жұмыс істейді. Сонымен қатар шетелдегі өмір туралы өз блогын жүргізеді. Ол АҚШ-қалай қоныс аударғанымен бөлісті.


Жазира Гариполла, 25 жаста, қаласы — Сиэтл, Google-де Software Engineer, @zhazira__life

Жазира Гариполла

Қоныс аударуы туралы


Мен Қазақстанның мұнайлы астанасы Атырауда туып-өстім.

Өткен жылы күйеуіммен бірге АҚШ-қа қоныс аудардық. Ол бастапқыда Германиядағы Google компаниясында жұмыс істеді, бірақ командасын Сиэтлде орналасқан командаға ауыстырды. Қазір мен де осы компанияда Software Engineer болып жұмыс істеймін.

Жаңа өмірге бейімделуі және қиындықтары жайлы


Құрама Штаттардағы жаңадан келген иммигрант үшін қиындықтардың бірі — несие тарихының болмауы.
Мұндағылардың барлығы біздегідей дебеттік емес, несиелік картаны пайдаланады. Сондықтан кейбір тұрғын үй кешендері несие тарихың жоқ болғандықтан, үлкен депозит талап етеді. Ал көлік сатып алғанда, несиеге алуға рұқсат берілмейді, бірден барлық соманы төлеуге тура келеді. Бір жақсысы, АҚШ-та көліктер Қазақстанға қарағанда әлдеқайда арзан.

Медициналық сақтандыруды алу да біраз уақытты алады. Америка Құрама Штаттарында дәрі-дәрмектің бағасы қымбат, сондықтан көшер алдында тексерулерден өтіп, өз еліңізде емделіп, алғашқы медициналық көмек қобдишасын өзіңізбен бірге ала жүргеніңіз дұрыс.

Жазира Гариполла

Ең басты проблема — жұмысқа рұқсаттың жоқтығы. Жұмыс істеу үшін менің L2 визама қосымша құжат — EAD картасы қажет болды. Оны рәсімдеу пандемияға байланысты жеті айға кейінге қалдырылды. Көптеген технологиялық компаниялар жалдау кезінде заңды түрде жұмыс істей алатын кандидаттарды қарастырады. Осыған байланысты мені көп жер жұмысқа қабылдамады. Мұндай жағдайларға дайын болуыңыз керек.

Алғашқыда маңызды құжаттардың барлығы поштамен жіберілетініне таңғалдым. Маған сонымен қатар Amazon-ның жылдам әрі ыңғайлы жеткізілімі ұнады. Әрбір тұрғын үй кешенінде сәлемдемелерге арналған арнайы бөлмелер бар, онда пин-кодпен кіріп, сәлемдемеңізді алуға болады.

Шетелде жалғыздықты сезінуіңіз мүмкін


Шетелде жалғыздықты сезінуіңіз мүмкін.
Сондықтан үйде отыра бермей, серуендеуге шығыңыз, қызығушылық тудыратын әртүрлі іс-шараларға жазылыңыз, ит немесе мысық асыраңыз. Күн тәртібіңіздің қалай өзгеріп кеткенін байқамай қаласыз, осылайша жаңа өмірге тез үйренесіз.

АҚШ-та қалай жұмыс іздеуге болады


Жұмыс істеуге рұқсат алғаннан кейін мен Google, Meta, Amazon және Door Dash сайттарында сұхбаттан өттім.
Нәтижесінде маған бірнеше ұсыныс түсті. Алғашқыда Door Dash-те жұмыс жасап, кейінірек Google-ге ауыстым.

Сұхбат алу мүмкіндігін арттыру үшін ірі компанияларда жұмыс істейтін таныстарыңыздан немесе достарыңыздан ұсыныстар жаздырып алғаныңыз жөн. Ол үшін нетворкингті дамытыңыз, LinkedIn-дегі профиліңізді жақсартыңыз, жергілікті конференцияларға барып тұрыңыз.

Жазира Гариполла

Ағылшын тілін меңгеруден бөлек, жұмысқа орналасу үшін сұхбаттан өту дағдысы қажет. Мұнда үміткерлерді таңдау форматы әртүрлі, сондықтан бірнеше сынақ сұхбаттарын өткізіңіз, рекрутермен сұхбат курстарынан өтіңіз, Leet Code бойынша мәселелерді шешіңіз және soft skills-пен жұмыс жасаңыз.

Google-де жұмыс істеу туралы


Мен YouTube командасымен жұмыс істеймін.
IOS құрылғыларындағы әлеуметтік желі мобильді қосымшасының барлық жаңа мүмкіндіктері — біздің жұмысымыз. Маған миллиондаған адамдар қолданатын өніммен жұмыс істеу ұнайды, бұл қолданбаны пайдалану тәжірибесін жақсырақ және ыңғайлы етеді.

Жазира Гариполла

Google қызметкерлеріне қамқорлық жасайды. Барлық қолайлы жағдайы бар заманауи кеңсе күнделікті жұмыстарға алаңдамай, жұмысты тезірек аяқтауыңа көмектеседі. Google — алты айлық декреттік демалысты енгізген аздаған компаниялардың бірі. Бұл АҚШ үшін жомарттық десе де болады. Сондай-ақ Штаттарда әкелер де декреттік демалысқа шыға алады.

Google қызметкерлеріне қамқорлық жасайды


Компанияда ешкім бір-бірін кінәламайды.
Егер қандай да бір ақаулар туындаса, барлық кінәні бір ғана қызметкер өз мойнына арта салмайды. Оны ешкім сөкпейді, айыптамайды. Керісінше, командалар бірлесіп жұмыс істейді және болашақта мұндай проблемалардың алдын алу үшін жүйелерді әзірлейді.

Қоныс аудару қалай әсер етті

Жазира Гариполла


Қоныс аудару маған көп нәрсені үйретті.
Менің ойым мен сөзім өзгерді. Мен оптимистік тұрғыдан ойлауды және сөйлеуді, конструктивті сынды қабылдауды және айтуды үйрендім.

Құрама Штаттарда еркіндік пен тәуелсіздік рухы мықты сезіледі. Ешкім ешкімді айыптамайды, өзіңді қай қырыңнан көрсетсең де, шектеу жоқ. Сондықтан мен шағын блог жүргізе бастадым.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді
Ұлы тұлғалардың даналық сөздері
Ұлы тұлғалардың даналық сөздері
Цифрлық көшпенділерге арналған визалар: 2024 жылы қайда көшуге болады
Цифрлық көшпенділерге арналған визалар: 2024 жылы қайда көшуге болады
Әлемдегі үздік 50 мұғалімнің бірі Қазақстанның білім беру мәселелері мен болашағы туралы
Әлемдегі үздік 50 мұғалімнің бірі Қазақстанның білім беру мәселелері мен болашағы туралы
Қазақстанның 20 шабыттандырушы кәсіпкерлері
Қазақстанның 20 шабыттандырушы кәсіпкерлері