facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/9c4/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/9c4b79739aedfa5db0cf75cef2bbd0d3.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
men-garvardta-o-ydym-otandastarymyzdy-lemdeg-e-tanymal-universitett-b-r-nde-b-l-m-aluy
logo
Мен Гарвардта оқыдым. Отандастарымыздың әлемдегі ең танымал университеттің бірінде білім алуы

14.07.2022

Мен Гарвардта оқыдым. Отандастарымыздың әлемдегі ең танымал университеттің бірінде білім алуы

Рауан Кенжехан мен Жәния Әділованың Гарвардтағы оқу және университеттің мансапқа әсері туралы.


Рауан Кенжехан, Алматы қаласы, Bilim Media Group бас директоры, facebook


Рауан Кенжехан

Университет таңдау

Мен Гарвардқа Қазақстан мен Ресейдің екі университетін тәмамдаған соң, мақсатымды айқындап, болашақ өміріме бағыт-бағдар беретін идеялар мен жобаларды іздеу жолында келдім.

Біріншіден, мен елді, яғни АҚШ-ты, содан кейін ғана университетті таңдадым. АҚШ қазіргі экономиканың көптеген салаларында алдыңғы қатарда келеді. Сонымен қатар, онда елдегі көптеген саясаткерлер қызметін аяқтағаннан кейін университетте жұмыс істеуді, өз тәжірибелерімен бөлісуді мәртебе санайды. Халықаралық қатынастарды зерттеп жүрген мен үшін бұл, өте қызықты болды.

Мен, «Шыр­мауық ли­гасы» университеттеріне құжат тапсырдым. Менде Колумбия университетінің магистратура бағдарламасына түсуге мүмкіндігім болды, бірақ бағдарлама бойынша диплом алу көзделмесе де мен Гарвардты таңдадым. Мен үшін білім туралы құжаттан гөрі университеттің жеке ресурстарына қол жеткізу маңыздырақ болды.

Оқуға түсу туралы

Американдық университеттердің бір ерекшелігі – кез келген бағытта көптеген әртүрлі бағдарламалардың болуы. Өтініш берген кезде сіз таңдаған бағдарламаларды, яғни атауын, құрылымын, бағдарлама бойынша жұмыс істейтін мамандарды зерттеуіңіз керек. Құжаттарды тапсыру кезінде тек университетке емес, белгілі бір бағдарламаға құжат тапсырып жатқаныңызды көрсетіңіз. Сіз тәжірибеңіз бен жоспарларыңызды таңдаған бағдарламаңызбен ұштастырып, шынайы қызығушылық танытқаныңызды, болашағыңызды осымен байланыстыратыныңызды ашық, еркін жеткізсеңіз, онда сізді оқуға қабылдау мүмкіндігі жоғары.

Оқудағы ерекшеліктері туралы


Біздің бағдарламамыз қызықты болды. Онда әртүрлі елдерден мемлекеттік қызметте, дипломатия саласында кемінде 10 жыл тәжірибесі бар 15-16 адам жиналды. Студенттер арасында жоғары лауазымды әскери қызметкерлер, құқық қорғаушылар, түрлі елдердің мемлекет басшылары мен премьер-министрлерінің кеңесшілері мен көмекшілері, елшілер болды.

учеба в Гарварде

Бағдарламаға қатысушылар кез келген мектеп пен кез келген профессордың курсын таңдай алады, университеттің барлық ресурстарына қол жеткізе алады. Бұл ретте тәжірибемізбен, білімімізбен бөлісу мүмкіндігі болды. Кестемізде әрқашан баяндамалар, презентациялар, жұмыс және студенттермен кездесулер тұрды. Менде посткеңестік аймақтағы халықаралық қатынастар саласында білім беру бағытында алған білімімді ортаға салдым.

Гарвард атмосферасы


Ондағы атмосфераны «шабыт» деп бір сөзбен сипаттауға болады. Ол жерде болудың өзі әрекет етуге, тынбауға шабыт береді. Сіздің құндылықтарыңыз бен жоспарларыңыз өзара әрекеттесетін ортада болу әрдайым мүмкін емес. Ал Гарвардта өзіме қажеттіні түсініп, өзіммен жұмыс істеуге мүмкіндігім болды.

Егер сіз үздік жоғары оқу орнына түсе алсаңыз, онда сіз өздігіңізден оқи аласыз деген сөз. Ал мұндай жердің басты құндылығы – керемет идеялармен өмір сүретін ортада болу мүмкіндігі. Сіз білімді кез келген жерден ала аласыз. Бірақ Гарвард сияқты университетте жиналатын идеялар басқа еш жерде кездеспейді. Күн сайын ондаған керемет нәрселерді естігенде, сіз кем дегенде біреуін алып, оны жүзеге асыруға тырысуыңыз керек. Дәл осымен Гарвард тәжірибесі мен үшін құнды.

Университет тек білім үшін емес


Университет тек білім үшін емес. Бірегей ортада болған кезде алатын атмосфера мен тәжірибе әлдеқайда маңыздырақ.

Университеттен не үйрендім

Өзіме деген сенімділігім артты. Ол кезде Гарвардта 6000-7000 адам оқыды, олардың қатарында болудың өзі – жетістік. Егер сіз қаласаңыз және ол жолда дұрыс әрекет етсеңіз, бәрі мүмкін екенін түсінесіз. Бұл сіздің көзқарасыңызды және өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге деген сенімді арттырады.

Гарвардта оқудың 5 себебі:


1. Идеялар

2. Адамдар, қоршаған орта

3. Сіздің алдыңызда ашылатын мүмкіндіктер

4. Білім

5. Ұйымдастыру деңгейі.


Жәния Әділова, Нью-Йорк қаласы, Tengri инновациялық қоры филиалының директоры, @tengrifoundation


 Жания Адилова

Университет таңдау

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының даму агенттігінде мемлекеттік қызметте жұмыс істедім. Әрі қарай мансаптық өсу және магистр дәрежесін алу үшін маған халықаралық тәжірибе қажет болды. Сонымен қатар, мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетте сабақ беріп жүріп, мен әлемнің жетекші университеттеріндегі озық тәжірибелерді зерттеп, Қазақстанда да осындай білім беру форматын енгізгім келді.

Гарвард – АҚШ-тағы ең беделді университет. Бала кезімде фильмдерді көргенде, Шыр­мауық лигасы мен үшін шындыққа жанаспайтын нәрсе болатын, тіпті оны армандауға да қорқатынмын. Сонда да, бағымда үздік университеттердің бірінде сынап көруді жөн көрдім.

Оқуға түсу туралы

Қабылдау процесі бағдарламаға байланысты өзгереді. Мен Гарвардтың жазғы мектебін таңдадым, ол The Back Door to Harvard деп аталады. Мені екі айға ғана босатқандықтан, бағдарлама мен үшін өте қолайлы болды. Ал мұндай курстарды әр жылы жазда қалмай өткізсең, бес жыл ішінде Гарвардтан магистр дәрежесін де ала аласыз.

Жазғы мектепке қабылдау талаптары негізгі бағдарламаларға қарағанда қарапайым. Ол кезде мен IELTS 7,5 балл жинадым. Сіз сондай-ақ жетістіктеріңіз туралы ақпарат жинап, еңбегіңізді көрсетуіңіз керек. Маған өзімнің мақсаттарым мен амбицияларыма байланысты дайындаған ұсыныс хаттарым мен эссем көмектесті.

Емтихандарға алдын ала дайындалуды, ұсыныстар жинауды, эсседе алатын тәжірибеңіз туралы жазыңыз. Сіз барлық қажетті құжаттарды жинауға көмектесетін консалтингтік агенттіктердің қызметтерін пайдалана аласыз. Сіз сондай-ақ, қызықтыратын сұрақтарды университеттің студенттеріне немесе профессорларына хат жазу арқылы қоя аласыз.

Оқудағы ерекшеліктері туралы


Жазғы бағдарлама екі айға созылды, мен екі курс оқыдым. Біз барлық түнімізді кітапханада өткізгендіктен, мен үшін бұл жеткілікті уақыт болды. Оқытушылармен үнемі байланыста болу, қажетті әдебиеттерді оқу, эссе жазу, белгіленген мерзімдерді сақтау қажет. Екі айдың ішінде 20 шақты кітап оқып, әдебиеттерді талдап, өз пікірімді көрсету мен үшін ауыр болды.

наши в США

Университеттің басқа артықшылықтары – профессорлық-оқытушылық құрамы мен ішкі ресурстары. Гарвардта беті қайтып қалмауы үшін студенттермен үнемі арнайы кеңесшілер жұмыс істеп, шабыттандырып отырады.

Мен студенттік өмірдің атмосферасын сезінгім келгендіктен, жатақханада тұрдым. Бірақ жатақхана көне болғандықтан, жағдай керемет болған жоқ. Дегенмен бұл жердің атмосферасы мен тарихы шабыттандырып, ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Гарвард атмосферасы


Университеттегі атмосфера өте керемет. Сіз өзіңізді қауіпсіз сезінесіз және барлық қажетті ресурстарға қол жеткізе аласыз.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттермен кездесу мүмкіндігі

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттермен араласуға тамаша мүмкіндік бар және бұл үлкен артықшылығы деп ойлаймын. Біз бір мәселені қарама-қарсы мүдделерді ескере отырып, әртүрлі көзқарастардан зерттеу мүмкіндігіне ие болдық.

Университеттен не үйрендім

Жазғы мектепті бітіргеннен кейін мен Колумбия университетінің магистратурасына оқуға түстім. Гарвардта мен, қажетті байланыстар, тәжірибе және білім алдым.

Шыр­мауық ли­гасы тізіміндегі университетте оқу, маған өмірде барлығы мүмкін екендігін үйретті. Менің ойым, көзқарасым, пікірім өзгерді. Танымал оқытушылармен, дарынды студенттермен танысу мүмкінгім болды. Бар күш-жігеріңді салсаң, көп нәрсеге қол жеткізуге болатынын түсіндім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.