facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/3ab/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/3abdfc79ab4df0f2aceae476aed30bec.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
men-berklide-o-imyn-kaliforniyada-y-lemdeg-e-my-ty-memlekett-k-universitetke-t-su-m-mk-n-be
logo
Мен Берклиде оқимын: Калифорниядағы әлемдегі ең мықты мемлекеттік университетке түсу мүмкін бе

12.07.2022

Мен Берклиде оқимын: Калифорниядағы әлемдегі ең мықты мемлекеттік университетке түсу мүмкін бе

Ерсұлтан Сапар, Калифорния университетінің студенті


Я учусь в Беркли

Университет таңдау


Мен, алғаш рет 1 құжаттарымды 11-ші сыныпта тапсырып көрдім, бірақ оқуға түсе алмадым. Жақсылап дайындалып алып, тағы да бағымды сынадым да құжаттарымды 11 университетке бірақ тапсырдым. Олардың ішінде мен үшін маңыздысы Стэнфорд, одан кейін Беркли тұрды.

Мені Калифорнияда білім алу ерекше қызықтырды. Бұл-сен әрқашан өмір ағысынан қалмайтын, түрлі мүмкіндіктерге толы штат. Сонымен қатар студенттерді тағылымдамаға тартатын үздік компаниялар да жетерлік.

Оқуға түсу туралы


Берклидегі Калифорния университетінің, Мичиган университеті және Карнеги-Меллон университетінің күту тізіміне түстім де және тағы басқа ЖОО бірнеше ұсыныстар алдым. Бірақ шешімім Бреклиге тоқтады.

Негізінде «күту тізімі» — бұл жәй ғана сыпайы түрде «жоқ» деген жауап. Бірақ мен қайтпай, Берклиде бітірген барлық Қазақстандықтармен танысып, хабарласып, өзімді таныстырып, ол кісілерден 4 ұсыныс хат алдым. Менің ойымша оқуға түсуіме, менің университет туралы жазған эссем көмектесті.

Оқудағы ерекшеліктері туралы


Берклидегі Калифорния университеті — мемлекеттік университет. Мұнда 40 000 адам оқиды, сондықтан, жеке университеттердегідей өзіңе деген жеке назар аударып, артыңнан ешкім жүгіріп жүрмейді. Американдық білім беру жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін режимге тез қосылу керек. Мысалы, маңызды курстар тез толып қалады. Сондықтан, курсқа алдын-ала жазылу керек, егер үлгермесеңіз, бітті, осы семестрде тапсыра алмайсыз деген сөз.

Егер сіз белгілі бір major-мамандығын таңдағыңыз келсе, оған сәйкес келу керек екенін түсінуіңіз керек. Егер сіз оған қажетті курстарды ала алмасаңыз немесе бағаңыз жеткіліксіз болса, онда сіз басқа мамандықты таңдай аласыз.

Сыныптар өте үлкен. Өткен жылы Computer Science курсының бірінде 2000 адам оқыды. Мұндай жағдайда, профессордан көмек сұрау өте қиын болады.

Берклидегі профессорлар — жұмыстарын жақсы көретін, өз істерінің мамандары және өте қызықты жобалармен жұмыс жасайды


Мұндағы профессорлар курсты, яғни сабақты жүргізуге көмектесетін магистранттардан тұратын тьюторлар тобын жалдайды. Бұл тьюторлар тобының барлық сұрақтарға жауап беру, студенттерге көмек және қолдау көрсету сияқты жұмыстары өте көп. Биыл мен де 100 адамнан тұратын тьютор тобына қосылдым, біз 1700-ге жуық студент оқытамыз. Маған тәжірибе беру мәдениеті өте қатты ұнайды.

Берклидегі профессорлар — жұмыстарын жақсы көретін, өз істерінің мамандары және өте қызықты жобалармен жұмыс жасайды. Мұнда индустриямен жақсы байланыс болғандықтан,сабақты белгілі бір саланың мамандары береді.

Берклиде кім оқиды


Университетте жан-жақты адамдар оқитындықтан оларға бірыңғай сипаттама беру қиын. Бұл жерде әрдайым бір нәрсемен айналысып жүретін, мақсаттары айқын студенттер оқиды. Иә, уақытын сабақпен ғана өткізбей, қыдырудан қолдары босамайтындар да кездеседі.

Негізінен бұл қалада Қытайлан келген азиялық студенттер көп оқиды.

Университет маған не берді


Университет маған ұйымшылдық пен жеке жауапкершілік тұрғысынан әсер етті.


Диля Жаниспаева, Алматы қаласы, коуч, IT-стартаптардың негізін қалаушы

Диля

Университет таңдау


Мектепте оқып жүргенімде әкем екеуміз Америка құрама штаттарына жергілікті ЖОО таңдау үшін арнайы ұшатынбыз. Мен құжаттарымды бірнеше ЖОО тапсырдым және ішіндегі көңілге қонымдысы Брекли болды.

Бреклидегі Калифорния университетінің орналасқан жері өте ыңғайлы, ал мен үшін маңыздысы осы болды. Жоғары оқу орны —тек қана оқу емес, өмірлік тәжірибе. Ал Сан-Францискоға жақын жер — бұл тәжірибенің артықшылығы болмақ.

Калифорнияда оқыған достарым көп болды. Маған олардың ашықтық, көпұлтты қоғамдастық, толеранттылық туралы айтатын және мені де өте қызықтыратын.

Оқуға түсу туралы


Мен IELTS-тан жақсы балл алдым, бірақ SAT нәтижелері көңілге қонымды болған жоқ. Менің ойымша, мектепте оқып жүргенімде айналысқан қайырымдылық жобаларым туралы жазған эссем, мені оқуға қабылдау барысында маңызды рөл ойнады деп оайлаймын. Бұл қабылдау комиссиясына қатты әсер еткен болуы мүмкін.

Оқудағы ерекшеліктері туралы


Мен экономика факультетінде оқыдым. Оқу қиын болды. Уақыттың 80% мен дәрістерде, кітапханада немесе профессорлармен қосымша кездесулерде өткіздім, сондықтан демалуыма және қыдыруыма уақытым болған да жоқ.

Берклиде профессорлар өте қатал және бәсекелестік жоғары болғандықтан,жақсы баға алу қиын. Бұл әлемнің жұлдызды балаларымен бірге оқығандықтан, бір жағынан ынталандырса, екінші жағынан үлкен стресс тудырады.

Берклиде профессорлар өте қатал және бәсекелестік жоғары болғандықтан,жақсы баға алу қиын


Мен үшін оқу бағдарламасын өз бетімше жоспарлау қиын болды. Бірінші курстың алдында мен курстарға тіркеудің ашылуын күтсем, түні бойы келесі жылды жоспарлауға тырысатынмын. Қажетті курстарға тіркелу және мамандыққа өтініш беру үшін сіз тындауыңыз керек.

Топтардың тығыздығына байланысты профессормен жақын танысу әрдайым мүмкін емес. Сондықтан жеке қарым-қатынас орнату, өзім туралы мәлімдеме жасау үшін мен профессорлармен қосымша кездесулерге келдіп, оларға сұрақтар қоя бастадым.

Университетте оқу үшін көптеген ресурстар жетерлік. Ең бастысы — белсенді болу және мүмкіндіктерді жібермеу керек. Мысалы, басқа біз сияқты студенттер жүргізетін қосымша ақысыз сабақтар бар. Мен математикаға, ағылшын тіліне бардым.

Тағы бір ерекшелігі — жатақхананың құны жоғары. Алғашқы екі жыл ішінде мен кампуста тұрдым, бірақ содан кейін пәтер жалдап тұрдым.

Берклиде кім оқиды


Берклидегі студенттің стереотиптік бейнесі — ереуілдерге жиі қатысатын, өз пікірін білдіруден қорықпайтын либералды адам.

Мұнда сізді жақсы болуға ынталандыратын жан-жақты адамдар оқиды. Көптеген қызығушылық клубтары жетерлік. Мысалы, мен, қазақ қоғамдастығының президенті болдым. Университетте студенттік бауырластық бар. Кампуста олардың тұратын арнайы бір көшесі де бар. Оларға қосылу үшін қатаң іріктеуден өту керек. Мұндай қауымдастықтардың мүшелері жиі кештер өткізіп тұрады.

Университет маған не берді


Американдық оқу жүйесі менің ойымды өзгертті, санамды кеңейтті. Бізді тек өзіміз туралы ғана емес, басқа адамдар туралы, әлемді қалай өзгерте алатынымыз туралы ойлауға үйретті. Мен ашық, толерантты бола бастадым. Берклиде білімге деген құштарлық қалыптасады, мен үнемі бір нәрсені зерттеу үстіндемін, өзімнің ең жақсы нұсқам болуға тырысамын.

Берклидің артықшылықтары:

— білім сапасы, дипломын кез келген ел мойындайды

— либералды қоғам, достық атмосфера

— күшті орта.


Гимран Абдрахманов, Нұр-сұлтан қаласы, Qor.kz негізін қалаушы

казахстанцы в Беркли

Университет таңдау


АХҚО мен Халықаралық бағдарламалар орталығы арасында мамандар үздік университеттерде тағылымдамадан өту туралы арнайы келісім бар.

Бағдарламаның дизайнын жасау кезінде АХҚО қызметкерлері Колумбия университеті мен Беркли Калифорния университетінің арасында таңдау жасап, біз екінші нұсқаны таңдадық. Себебі, Сан-Франциско — IT және жоғары технологияларға жақын халықаралық қаржы орталығы.

Оқуға түсу туралы


Барлығымыз конкурстық іріктеуден өттік, ал мен екінші реттен соң ғана өте алдым. Конкурстан өту оңай емес, себебі психологиялық тест, содан кейін IQ және логика тесттері, үшінші кезең — үш тілде сұхбат беруің керек. Қазақстан тарихы, ҚР Конституциясын білу бойынша сұрақтар қойылды, сондай-ақ ағылшын тіліннің дәрежесі де тексерілді.

Оқудағы ерекшеліктері туралы


Беркли — әлемдегі терең тарихы бар университет № 1 мемлекеттік университет. Мұнда студенттерге арнайы гранттар мен субсидиялар өте көп.

Беркли — әлемдегі № 1 мемлекеттік университет

Біздің тағылымдамамыздың бағдарламасы бір жылға созылды. Біз үш семестрді сонда өткіздік. Бізге кампустың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етілді, ал қорытындысы ретінде университет түлектері мәртебесін берді. Біз Haas School of Business, Goldman School of Public Policy и School of Law сияқты үш мектепте курстарды таңдау мәртебесіне ие болдық. Негізінен кәсіпкерлік құқыққа назар көбірек аударылды. АХҚО қызметкерлері ретінде біз үшін бұл пайдалы болды.

Университетте дәріс уақытында барлығы компьютерде отырып, конспект жасайды. Ешкім ешкімді тексермейді немесе оқуға мәжбүрлемейді. Егер шақырылған спикер келсе, университет қызметкерлері тілек білдірушілер үшін түскі ас ұйымдастырады. Көбіне сырттан қонақтар тамақтануға және бір мезгілде лекция тыңдау үшін келеді. Үздік компанияларда жоғары қызметтерде жұмыс істейтін университеттің табысты түлектерімен кездесулер жиі өтеді.

Берклиде кім оқиды


Берклиде азиялықтар көп оқиды.

Жалпы, Беркли студенттері әрдайым ашық және мейірімді дамыған және еңбекқор балалар. Сонымен қатар, олар өз құқықтарын қорғауды, өз пікірлерін білдіруді ұнатады.

Университет маған не берді


Берклидегі Haas School of Business — осы салада білім беретін ең жақсы бизнес-мектептердің бірі. Мен онда курстар өткіздім, көп нәрсе білдім және алған білімімді іс жүзінде қолдана аламын. Сондай-ақ оқу барысында мен ағылшын тілі деңгейімді көтердім.

Калифорния — АҚШ-тағы ең жақсы штаттардың бірі. Мұнда сіз ең жақсы компанияларда жұмыс істейтін отандастарды жиі кездестіре аласыз. Мұндай ортада өзіңізге пайдалы болатын ортамен араласа аласыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Мен ҚБТУ-да оқимын. Студенттер университетке қалай түсу керектігі және оның артықшылықтары туралы
Мен ҚБТУ-да оқимын. Студенттер университетке қалай түсу керектігі және оның артықшылықтары туралы
Эффервесанс. Ғабит Бекахметов шабыт беретін мектептердің ерекшеліктері жайында
Эффервесанс. Ғабит Бекахметов шабыт беретін мектептердің ерекшеліктері жайында
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы
10 халықаралық стипендиялар: қазақстандықтарға арналған мүмкіндіктер
10 халықаралық стипендиялар: қазақстандықтарға арналған мүмкіндіктер
Неге мектептерде гаджеттерге тыйым салуға болмайды және жасанды интеллект білімге қалай әсер етеді
Неге мектептерде гаджеттерге тыйым салуға болмайды және жасанды интеллект білімге қалай әсер етеді