facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
mektepte-o-ityn-balalaryn-a-sh--a-o-u-a-zh-bergen-ata-analardy-g-meler
logo
Мектепте оқитын балаларын АҚШ-қа оқуға жіберген ата-аналардың әңгімелері

16.03.2019

Мектепте оқитын балаларын АҚШ-қа оқуға жіберген ата-аналардың әңгімелері

Жадыра Бекетаева, туған қаласы — Алматы

53560104_807084742989581_7336295846603915264_n.jpg

Бағдарламаны таңдау жайында


Біз бағдарламаны таңдаған кезде, біріншіден, баланың қауіпсіздігіне және алдағы даму келешегіне көңіл аудардық.

Менің балам FLEX бағдарламасы бойынша бір жылға оқуға кетті. Бұл бағдарлама бір отбасыда тұрып, орта білім беретін мектепте оқуға мүмкіндік береді. Біз ешбір уайымсыз қызымызды АҚШ-қа оқуға жібердік. Мен баламның таңдауына сенім білдіремін. Балаларымыз үшін қаншалақты көп уайымдасақ, олар соншалықты көп сүрініп жүретінін түсінемін.


Мүмкіндіктер жайында


Бұл бағдарлама балалардың алдағы дамуы үшін зор мүмкіндіктер береді. Штаттардан қайтып келетін балалар ағылшын тілінде еркін сөйлейді, ал бұл жұмысқа орналасқан кезде маңызды болып табылады.

Балалардың қарым-қатынас шекарасы кеңейеді. Осыған сәйкес АҚШ-тан қайтып келген бала өздігінен дамып жетілуді жалғастырады. Менің ойымша, бұның маңызы бар.

Әдетте, бала жаңа идеялар мен жаңа мақсаттармен оралады. Оның дүниетанымы өзгереді, ол шығармашылық тұрғыдан дамып, ауқымды іспен айналысуды қалайды.

Бұл бағдарлама балалардың алдағы дамуы үшін зор мүмкіндіктер береді

52541588_2062400633814511_5429138364961914880_n.jpg

Кеңестер


Мен ана ретінде өз балаларын шетелге жіберген кезде, ата-аналардың қалай алаңдап жүретіндерін түсінемін. Менің ойымша, біз балаларымызды еш өкінбей, ашық көңілмен жібере білуіміз керек. Бағдарлама балалар үшін үлкен жауапкершілік көтереді, оларды бір жыл бойы жетекшілік ететін кураторларлар қадағалайды.

Мен бұл бағдарламаға алғысымды білдіргім келеді, себебі менің қызым АҚШ-нан қайтып келгесін, өзінің қабілеттерін 100 %-ға жүзеге асырды. Оның рухани және интеллектуалды тұрғыдан өсуі бүгінгі дәрережесіне дейін жеткізді. Мен қызымды және оның жетістіктерін мақтан тұтамын.


Раушан Қадірова, туған қаласы — Астана, кеден өкілі

WhatsApp Image 2019-03-12 at 13.13.03.jpeg

Бағдарламаны таңдау жайында


Біз бағдарламаны елге және қосымша саяхаттау мүмкіндігіне байланысты таңдадық. Сапардың жазда, жақсы климат кезінде болғанын қаладық. Біздің таңдауымыз Орландо жеріне түсті, біз штат жайында тек кино және журналдар арқылы білетінбіз.

Менің балам АҚШ-на 30 күнге кетті. Бұған дейін біз жиі саяхаттап жүрдік және ол үшін бұл жаңа мемлекет жаңа кітап сияқты еді. Біз саналы түрде осы жаста оқуға жіберуді шештік, себебі бала үйреніп қана қоймай, өзінің мүмкіндіктерін де көрсете алады.

Бағдарламаның үйлестірушісімен Facebook желісінде таныстық. Барлық шарттар және сапарға қажетті сенімхатты рәсімдеу жайында біліп алдық. Біз Ұланмен әлі күнге дейін араласамыз. Бұл оның «Жазғы лагерь» деген жеке бардарламасы. Бағдарламаға оқытумен қатар Орландо бойынша саяхат және тағы басқа мәдени шаралар енеді. Бұл оқытумен қатар бұл бос уақытты өткізуді қамтамасыз ету. Осылайша тіл тезірек меңгеріледі, қарым-қатынаста жеңілдік пайда болады.

Шарттардың бірі – бірлесіп төртбөлмелі пәтерде тұру еді. Оқу дүйсенбіден жұмаға дейін төрт сағатқа созылады, демалыс күндері әртүрлі шаралар ұйымдастырылады. Демалу аясында Диснейлендке бару, караоке, билер және тағы басқа ойын-сауықтар өткізіледі. Барлық сапарлар топқа арнайы таңдалып, жалға алынатын көлік арқылы жүзеге асады.

Біз баламызбен мессенджерлер арқылы араластық және куратор оқу орындары мен топтың демалыс уақытынан суреттерді жіберетін арнайы чат ашылды. Куратор ата-ана ретінде балаларға қамқор болып, оларға көмектесетін.

Бұл оқытумен қатар бос уақытты өткізуді қамтамасыз ету


Мүмкіндіктер жайында


DSC_9311.jpg

Біріншіден, бұл тіл иесімен байланысудың мүмкіндігі. Бұл басқа елде, туғаннан ағылшын тілінде сөйлейтін жергілікті халық арасында біраз уақыт өмір сүріп көрудің мүмкіндігі. Оқу кезінде тест өткізіліп, балаларды топтарға бөледі. Топтарда әртүрлі елдерден келген студенттер бар. Балаларда бірден қорқыныш сезімі мен тілдік кедергі жойылады.

Жеке бағдарламаларды таңдаудың басты артықшылығы – олар визалық қолдау көрсетеді. Бұл бағдарлама бойынша кеңес беру, қолдау, сұхбаттасу кезінде жауап беруге көмектесу сияқты сапардың құнымен бірге есептеледі.


Кеңестер


Міндетті түрде баланы шетелге кіммен жіберіп жатқаныңызды, бұл қандай ұйым екенін біліп алу қажет. Бұл бағдарлама не береді, шарттардың тиімділігін де білген жөн. Топтағы орынның саны, бала бара жатқан штаттағы ауа райын да білу маңызды. Балалардың бос уақыты қалай өтетінін, қайда тамақтанатынын, кір жуу, киім үтіктеу және басқа да тұрмыстық жағдайларды алдын-ала біліп алу керек.

Ардақ Нукушева, туған қаласы — Алматы


Бағдарламаны таңдау жайында


Баламыз оқу бағдарламасын өзі таңдады. Ол барлық мүмкіндіктер жайында біліп, FLEX бағдарламасы бойынша оқуға түсу мақсатын қойды. Қызымыз тестілеуге қажетті құжаттарды өзі тапсырды. Ал біз кейін оның өткенін білдік және сапарға қатысты барлық мәселелерді талқылай бастадық.

Басында есеңгіреп қалдық, себебі бұл басқа елге шығу және біз бағдарлама жайында ештеңе білген жоқпыз. Бағдарлама барлығын өтейтініне күдіктендік. Кейін FLEX-тің сертификатталған бағдарлама екенін, көптеген елдерде 28 жыл бойы жұмыс істейтінін білдік. Бұл сенімділікті туғызады. Балаға ай сайын 100 $ көлемінде шәкіртақы түсіп отырады. Біз тек құжаттардың ксерокөшірмелері, жеке шығындар мен ойын-сауықтар үшін төледік.

Егер қызымыз мақсат қойса, ол міндетті түрде АҚШ-қа баратынын түсіндік. Ол мақсатқа ұмтылған, оны ешнәрсе қорқытпайды. Біз оның жауапты және қиындықтарға берілмейтінін білеміз. Біз оның бір жылғы оқуы кезінде, оған сенімді болдық.


Мүмкіндіктер жайында


АҚШ-ның мемлекеттік департаменті бағдарламаға демеушілік жасайды. Бұл мектеп оқушысына алмасып білім алуының, шетелдік отбасыда тұрып, тілді оқудың тегін және керемет мүмкіндігі. Сонымен қатар бұл елді көріп, саяхаттаудың, мәдени тәжірибе алудың және шетелде өз елін танытудың мүмкіндігі. Сапардың алдында балаларды басқа елдегі өмірге дайындады. Бізге бұл бағдарламаның ережелері мен заңдары жайында әңгімелеп берді.

Бұл елді көріп, саяхаттаудың, мәдени тәжірибе алудың және шетелде өз елін танытудың мүмкіндігі

Білім мүмкіндіктерінен бөлек, бала өзі үшін жаңа әлеуметті, әдепті, саясатты, менталитетті зерттейді. Бұл үлкен өмірлік тәжірибе, себебі ол шетелде жүріп, шешімдерді өзі қабылдайды. Бұл үлкен өмірге деген үлкен қадам. Қазірде басқа балаларға қарағанда баламыздың бойында көбірек дағдылар бар. Ол бағдарламаның тұлға болып қалыптасуына септігін тигізгенін айтады.

96d9cbc8-f704-4164-b2a1-5d3ebb203e8d.jpg


Кеңестер


Біріншіден, баланың қай жерге және не үшін бара жатқанын қарап білу керек. Кейін шынайы мысалдарды зерттеп, өздерінің тәжірибелері туралы айта алатын адамдармен танысу керек. Сонымен қатар біз студенттерді іріктеу ережелеріне қарадық, нақты біздің баламызды неге таңдағанын білу қызықты болды.

Ата-аналарға ресурстар мен ақпараттарды тексере білу қажет. Балаға қысым көрсетуге болмайды, эмоцияларыңызды бейтарап күйінде ұстағаныңыз жөн. Балаға сеніп, тестілеуді тапсыру мүмкіндігін беру керек. Бағдарламаның ережелері мен барлық ерекшеліктерін өздігінен зерттеп алу қажет. Қашықтықта да баланы қолдап, онымен бірге болу керек. Бұл қадам ата-ананың ниеті мен бақылауымен қатар жүруі тиіс.


Айжан Қожамжарова, туған қаласы — Алматы

WhatsApp Image 2019-03-11 at 17.27.55.jpeg

Таңдау жайында


Менің балам РФММ-нде оқиды және ол бұрыннан жоғары білімді шетелде, атап айтқанда ағылшын тілді елде алуға бағытталған. Ең басты арманы Ұлыбритания еді, бірақ сол жерде оқу қымбатқа түседі. Таңдау АҚШ-на түсті, себебі егер сенің бастамаң және жетістіктерің болса, сол жерде жеңілдік алудың мүмкіндігі бар. Сол себепті біз балаға тілдік курстарды таңдай бастадық. Ол ағылшын тілін мектепте оқыды, бірақ біз баланың қарым-қатынас ортасына жеңіл түсе білгенін қаладық.

Мен баламның оқуы өтетін елге бармай тұрып, сол ел жайында алдын ала білгенін қаладым. Біз курстарды іздедік, агенттіктерде араластық және Facebook желісінде аяқ астынан «Жазғы бағдарлама» ұсынысы болған жазбаға тап болдық. Біз соңғы сәтте түстік және біз үшін бастысы қолжетімді баға болды. Ұйымдастырушы визаны және ұйымдастырушылық жағдайларды өз мойнына алды.

Біз басқа ата-аналар сияқты баланың өзге елде тұруы жайында қатты уайымдаған жоқпыз. Себебі біздің баламыз олимпиада бойынша шетелге шығып көрді. Мен оның өздігінен әрекет ете алатынын білдім.

Жазғы курстарда баламыз тілдік мектепке барып жүрді. Қазақстандағы кураторы өзі ағылшын тілінде сөйлейтіні жақсы болды, ол АҚШ елшілігінде жұмыс істеді және балалар сабақтан тыс уақытта да ағылшын тілде сөйлейтініне уәде берді. Ол балаларды ынталандыра білді, тамақ пісіруді үйретті, тәртіпке дағдыландырды. Бұл бағдарламаның қосымша бағыты еді.

Балалар елді сезіп, сол жердің өмірін ұғынды. Біздің баламыз Флорида штатында оқығысы келмейтінін түсінді. Сол себепті сапардан кейін басқа нұсқаларды қарастыра бастады.

Мен баламның оқуы өтетін елге бармай тұрып, сол ел жайында алдын ала білгенін қаладым


Мүмкіндіктер жайында


АҚШ – еңбегі мен талабының арқасында жетістікке жеткен демократиялық ел болып табылатынын білеміз. Бұл мемлекет балалар үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Бұндай жеңілдіктер мен шәкіртақыларға Ұлыбританияда немесе Канадада ие болу қиынырақ болады.

Бұл кез-келген адамға өзін жүзеге асыру мүмкіндігін береді, бастысы – адам өзіне сеніп, тырысу керек. Баламыз болашақта оқуды қалаған елге бару мүмкіндігіне ие болды. Ол барлығын ішінен көре алды. Біз ақшаны босқа кетіру мүмкіндігін жоққа шығардық. Сонымен қатар бұл америкалық жоғары оқу орнында оқу бойынша жеңілдік алу мүмкіндігі болып табылады.


Кеңестер


Сауатты және сенімді адамды тауып алу керек және баланы қалта шығындарына қажетті ақшамен қамтамасыз ету керек. Алдымен, қарапайым ауызекі сөз тіркестерін білу үшін, өз елінде ағылшын тілі курстарынан өткен жөн. Асығып, баланы ерте жіберудің қажеті жоқ. Менің ойымша, материалдық негізден басқа ешқандай шектер жоқ. Қаражат болса, бұл керемет бағдарлама. Біз осындай жазғы курстарға қызымызды да жіберуді жоспарлап жатырмыз.

Біздің баламыз оқуға 16 жасында, 10 сыныптан кейін кетті. Бағдарлама балаға келешегін айқындауына көмектесті. Қазіргі кезде менің ұлым бес америкалық жоғары оқу орындарына тіркелді.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.