facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
mektep-tal-at-nary-baev-m-al-mderd-zhala-ysy-kem-degende-1000-boluy-kerekt-g-zhayynda
logo
Мектеп. Талғат Нарықбаев мұғалімдердің жалақысы кем дегенде 1000 $ болуы керектігі жайында

13.06.2019

Мектеп. Талғат Нарықбаев мұғалімдердің жалақысы кем дегенде 1000 $ болуы керектігі жайында

Талғат Нарықбаев, Кировский ауылы, 41 жаста, ҚазГЗУ университетiнiң ректоры

DSC_6393.jpg


Ɵткенi


Мен əртүрлi қалаларда жəне əртүрлi мектептерде оқыдым. Бiрiншi сыныпқа Үштɵбе қаласындағы № 51 мектепке бардым. Кейiн бiз Алматыға кɵштiк жəне мен 113 мектепке бардым. Одан кейiн № 86 қазақтiлдi мектепке түстiм, бiрақ қазақ тiлiнде оқу қиын болғандықтан, бiр жылдан кейiн қайтадан 131 орыстiлдi мектебiне ауыстым. 9 сыныптан кейiн менi Алматы қаласы маңындағы алғашқы жекеменшiк мектептердiң бiрiне бердi. Мен бес мектепте оқып шықтым жəне əрбiреуiнен кейiн жарқын естелiктер сақталып қалды.

Мектеп — бұл балалық шақтың уақыты. Мен 90-жылдары оқыдым. Бұл қиын, бiрақ қызықты жəне жарқын кезең едi. Бiзде еқшандай гаджеттер болған жоқ, бос уақытымызды кɵшеде, достарымызбен ɵткiзетiнбiз.

Мектеп — бұл балалық шақтың уақыты


DSC_6414.jpg

90-жылдары мектептегi бiлiм беру процесi кеңестiк жүйе бойынша құрылатын. Бiз ескi оқулықтар бойынша оқитынбыз, жаңалары кейін енгізілді. Менде сүйiктi мұғалiмдерiм болған жоқ, бiрақ əрқашан гуманитарлық пəндер — география, тарих, философия ұнайтын.

Мектеп адамның негізін қалайды, белгiлi дүниетанымды қалыптастырады. Бiрақ мектептегi оқу маған қатты ықпал еттi деп айта алмаймын. Бұның барлығы кейiн, университетте келдi — мен Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнде оқыдым.


Бүгiнi


Оқыту процесi əрдайым ɵзгерiп отырады. Мектептерде бiз армандай алмаған нəрселер енгiзiлiп жатыр — STEM-зертханалары, роботты техника. Орта мектептер iшкi мазмұнды жақсарту үшiн, оқушыларға кɵбiрек дағдылар беру үшiн, кɵп нəрселер жасап жатыр. Мысалы, жоғары сыныптағы оқушыларды бизнеске, кəсiпкерлiк ойлауға үйрету жоспары бар. Қаржы сауаттылығының түсiнiгi болашақта септігін тигізеді.

Сонымен қатар IT жəне жалпы ғылымға деген үлкен бейiмдiлiктi кɵрiп жатырмын. Баларымыздың бiлетiн нəрселерi жəне олардың жасында бiздiң бiлгенiмiз — жер мен кɵктей.

DSC_6417.jpg

Менiң балаларым Дубайдағы мектепке барды.
Сол себептi мен Астанада оқыту процесi ағылшын тiлiнде жүретiн мектептi таңдадым. Бұндай мектептер кɵп емес жəне оқудың құны университетке қарағанда қымбаттырақ. Бiрақ ата-аналар балаларына сапалы орта бiлiм беру үшiн бұндай сомаларды тɵлеуге дайын. Қазiрде балаларым NURORDA мектебiнде оқиды. Бұл жақсы бiлiм беретiн мықты мектеп.

Интернеттiң арқасында балаларымда мектептен бɵлек ақпараттың басқа кɵптеген дереккɵздерi бар. Олар əлi кiшкентай болғанымен, YouTube желiсiнде қызықты жəне дұрыс нəрселердi кɵредi — биология бойынша бiлiм алады, ғарышты зерттейдi. Қазiрдің ɵзiнде кɵп мағлұмат бiлiп жатса, ɵскесiн оларға қандай бiлiм қажет болатыны жайында ойлана бастайсың. Олардың қажеттiлiктерi əлдеқайда кɵп болады жəне университет заманауи балаларға сай болып, олардың сұраныстарын қанағаттандыруы керек. Əйтпесе ешкiм жоғары бiлiмге уақытын бɵлмейдi. Тɵрт жыл — бұл ертең қажет болмайтын нəрселерге кететін ɵмiрдiң үлкен бɵлiгi.

Балаларым мiндеттi түрде жоғары бiлiмге ие болуы керек деп санамаймын. Олар жоғары оқу орынға бару-бармауды ɵздерi шешедi. Кəсiби сертификациялау курстарынан ɵтуi және бұның өзі жеткiлiктi болуы мүмкін.

Университетімізге бірінші курс студенттері келген кезде, мектептеріміздегі дайындықтың деңгейі әртүрлі екені көзге түседі. Мысалы, НЗМ, ҚТЛ, РФММ түлектері оқу процесіне оңай кіріседі, себебі жоғары жүктемеге үйренген, ақпаратпен қалай жұмыс істеу керектігін біледі. Бірақ біраз мектептердегі дайындық әлдеқайда төменірек деңгейде.

DSC_6408.jpg


Болашақ жайында


Әлемде мінсіз нәрсе жоқ, барлығын сынға алуға болады. Бірақ маған Финляндия, Скандинавия елдерінің тәжірибелері ұнайды. Сол жерлерде балаларға жетінші сыныпқа дейін баға қойылмайды, баланың денсаулығы мықты болуы үшін дене шынықтыру пәніне көп көңіл бөлінеді. Бала психологиялық және физикалық тұрғыдан қалыптасқан кезде, 7-ден 12 сыныпқа дейін қарқынды түрде теориялық және практикалық жаттығулар жүргізіледі. Бұл қызықты және осы тәжірибені бізде енгізуге болады.

Үздік адамдардың мұғалім болғаны, олардың мектепте жұмыс істеуді қалап, ұстаз атануы маңызды


Сонымен қатар НЗМ табысты жоба деп ойлаймын. Бұндай тәжірибе мен үлгі басқа мектептерде де қолданылса жақсы болар еді.

DSC_6398.jpg

Білім беру сапасын көтеру үшін, мұғалім мамандығы беделінің деңгейін арттыру керек. Бұл алдымен жалақы мәселесіне байланысты. Балалар – еліміздің болашағы. Үздік адамдардың мұғалім болғаны, олардың мектепте жұмыс істеуді қалап, ұстаз атануы маңызды. Мұғалімдердің жалақысы кем дегенде 1000 $ болуы керек. Мемлекет білім беру саласына үлкен қаражат бөледі және сауатты үлестірудің арқасында жалақыны көтеру мүмкін.

5, 10, 20 жылдан кейін нені қалайтынымызды түсіну маңызды. Бізге қандай мамандар қажет, олар қандай білім мен дағдыларға ие болуы керек. Және оларға бірнеше жылдардан кейін актуалды болатын білім беру жүйесін ұсыну керек. Барлық білім беру бағдарламалары болашаққа бағытталып, қалыптасуы қажет. Сонда ғана біздің қоғам мемлекеттің дамуына үлесін қосып, әлемде бәсекеге қабілетті бола алады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
Лаура Аутелеева, қазақстандық жас ғалым қазіргі ғылымның мәселелері мен дамуы туралы
Лаура Аутелеева, қазақстандық жас ғалым қазіргі ғылымның мәселелері мен дамуы туралы
TOEFL тапсыру туралы не білу керек: жеке тәжірибе, кеңестер мен стратегиялар
TOEFL тапсыру туралы не білу керек: жеке тәжірибе, кеңестер мен стратегиялар
Эффервесанс. Ғабит Бекахметов шабыт беретін мектептердің ерекшеліктері жайында
Эффервесанс. Ғабит Бекахметов шабыт беретін мектептердің ерекшеліктері жайында
Неге мектеп балаларды болашаққа дайындамайды. Әлемдік трендтер білім беру жүйесін қалай өзгертеді
Неге мектеп балаларды болашаққа дайындамайды. Әлемдік трендтер білім беру жүйесін қалай өзгертеді