facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/3fe/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/3feb973a049b34656b6d1a6b5ceee0f5.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
mektep-meruert-zh-n-sbek-b-g-ng-k-n-z-e-degen-sen-md-l-k-ne-sebept-b-l-mnen-ma-yzdyra-eken-zhayly
logo
Мектеп. Меруерт Жүнүсбек бүгінгі күні өзіңе деген сенімділік не себепті білімнен маңыздырақ екені жайлы

06.04.2020

Мектеп. Меруерт Жүнүсбек бүгінгі күні өзіңе деген сенімділік не себепті білімнен маңыздырақ екені жайлы

Меруерт Жүнүсбек, туған жері — Жамбыл, «Ника» коммуникативтік дамыту орталығының негізін қалаушы


Бұрын қалай болды


Meruert_Zhunusbek(1).jpg

Мен Жамбыл қаласында қарапайым мектепте оқыдым. Ол орыс мектебі болғандықтан сыныпта тек екі-үш бала қазақ ұлтынан болатын. Біздің айналымызда көбінесе орыстар, украиндер және немістер боды.

Ең сүйікті ұстазым орыс тілі және әдебиеті мұғалімі және мектеп завучы — Людмила Георгиевна болды. Ол қатал кісі болатын, бірақ пәнді қызықты түсіндіре алатын. Бізді өлең оқуға, авторларды зерттеуге үйрететін, тіпті КВН де өткізетінбіз. Сол кісінің арқасында орыс тілін және әдебиетін жақсы көре бастадым.

Сондай-ақ маған физика пәнінің мұғалімі ұнайтын. Ол әрдайым тақырыптарды әртүрлі оқиғалар арқылы түсіндіретін. Сондықтан көп нәрсе түсінбесем де, оның сабақтарын сүйіп тыңдайтынмын.

Ол кезде оқу процесі жеңілірек болатын


Мектеп мықты тәртібімен есте қалды. Ол кезде оқу процесі жеңілірек болатын. Сабақтар теория мен үй жұмысын тексерумен ғана өтетіндіктен аса қызықты болған жоқ. Мұғалімдер бізге жобалық жұмыстар бермейтін. Бізге жеке тұлға ретінде бағыт берген жоқ.

Бірақ біз сыныбымызбен темір мен қағаз жинап, түрлі конкурстарға, сенбіліктерге қатысатынбыз. Бұл мектептің ең жарқын кездері еді. Бізге дербес болуға мүмкіндік берген кезде біз одан сайын ашылатынбыз.

Қиындықтар да болды. Мен үздіктердің қатарына қосылуға қанша талпынсам да, сыныпта әрдайым ортада болатынмын. Есімде, үшінші сыныпта бізді пионерлер қатарына қабылдап жатқанда, мені екінші кезеңге қабылдамай қалды. Бірақ үштерім жоқ еді. Үшінші рет іріктеуге қалдырды — бұл өкінішті болды. Сондықтан мектептегі сабақ алға жылжу үшін маған мотивация болды. Мен мектепті бітіріп, үлкен жетістіктерге жетуге тырысатынмын.


Қазір қалай болды


Meruert_Zhunusbek(3).jpg

Қазір мектеп түп тамырымен өзгерді. Ол біздің балаларымыздан көп нәрсе талап етеді.

Менің балаларым жекеменшік мектепке барады. Ол жерде мұғалімдер оқушыларды оқу процесіне қызықтыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді іздейтінін көремін. Балаларға қолайлы жағдай жасайды.

Мектепті атмосферасы бойынша таңдадым. Сондай-ақ мұғалімдерге және мектептің қандай білімге бағытталғанына қарадым. Баланың мектепте күні бойы болғаны және түрлі үйірмелерге барғаны маңызды болды.

Сондай-ақ мен үшін баланың эмоционалдық жағдайы маңызды. Мұғалім әр балаға жеке тәсіл табуы қажет. Кейбір балаларға тәртіп керек — ол дауыстағы қаталдылықты талап етеді. Қатты сөйлескенде жабылып, мұңайып қалатын оқушылар да бар. Мұғалім осы эмоционалды атмосфераны сезінуі керек. Бала мектепке баруды қалап тұру керек. Ол жақта өзің еркін, әрі қорғауда сезінуі тиіс. Мұғалім беретін білімге қызығушылығы болуы қажет. Егер мұғалім баланың бойында қызығушылық сезімін оята алса, онда ол мектепті жақсы деп санай аламын.

Бұрын барлығы білім туралы айтатын, қазір эммоционалды интеллектті, коммуникативтілікті, көшбасшылық қасиеттерді бағалайды


Білімге деген көзқарас ауысуда. Бұрын барлығы білім туралы айтатын, қазір эммоционалды интеллектті, коммуникативтілікті, көшбасшылық қасиеттерді бағалайды. Бұл баланың бойындағы сенімділікті қалыптастырады.

Мемлекеттік мектептер де баланың эмоционалдық жағдайына көбірек көңіл аудара бастады деп ойлаймын. Егер дәстүрлі мектептер мұндай қасиеттерге назар аудармаса, әрдайым өзгерісте болатын әлемде оларға мақсаттарына жету қиын болады.


Болашақта қалай болады


Meruert_Zhunusbek(2).jpg

Болашақта «мектеп» деген сөз балаларда теріс эмоцияларды тудырмау керек. Болашақтың мінсіз мектебі қызығушылық пен талпынысты тудырады.

Ондай мектептерде балалардың қабілеттерін ашқысы келетін мұғалімдер жұмыс істеуі керек. Олар эмоциональдық интеллекті қалыпты адамдар болуы тиіс.

Болашақта «мектеп» деген сөз балаларда теріс эмоцияларды тудырмау керек


Мектеп балалардың ойын арқылы ғылым мен қоршаған ортаны танитын кеңістігіне айналуы қажет. Өздері қызығатын ғылымның бағытымен айналысуы керек.

Болашақтың мектебінде оқушылар өмірде қажетті қабілеттерге: өзің түсінуге, қаржылық сауатты болуға, психологиялық және эмоционалдық тепе-теңдікті сақтауға үйренуі керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі