facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
mektep-darmen-sadua-asov-balalardy-mektepte-bes-zhyl-o-u-kerekt-g-zhayynda
logo
Мектеп. Дармен Садуақасов балалардың мектепте бес жыл оқу керектігі жайында

13.05.2019

Мектеп. Дармен Садуақасов балалардың мектепте бес жыл оқу керектігі жайында

Дармен Садуақасов, 40 жаста, туған қаласы — Астана, Dasco Consulting Group басқарушы серіктесі

DSC_7777.jpg


Өткені


Мен 1-ден 11 сыныпқа дейін Астана қаласының № 31 мектебінде оқыдым. Ол оң жақ жағалауда, ескі қаланың орталығында орналасқан.

Үшінші сыныптан кейін бірден бесінші математикалық сыныпқа өттім, үздік оқушы болдым. Мектеп кезінде шахматпен айналыстым, жарыстарға қатыстым, 14 жасымда Азияның чемпионы атандым. Математикалық сыныпта қарқынды, тереңдетілген бағдарлама болды, маған ақпаратты тез меңгеру қабілетім көмектесетін. Мен өздігінен барлық оқулықтарды оқып, барлық емтихандар мен бақылау жұмыстарды жақсы тапсыратынмын, бірақ тоғызыншы сыныпта алгебра бойынша төрттік бағасын алып қалдым. Бар уақытымды шахматқа арнайтынмын, менде күйшетілген жаттығулар болды, сол себепті қарапайым сыныпқа ауыстым. Осылайша мен мектеп пен шахматты қатар алып жүрдім және үздік оқушы болдым.

Мектеп— әрбір адамның өміріндегі маңызды кезең. Барлық қағидалар, құндылықтар осы кезеңде қалыптасады, достарың пайда болады. Мектеп кезіндегі достарымның басым бөлігімен әлі күнге дейін араласамыз. Туған күндерде кездесеміз, хабарласып тұрамыз.

Бізде жақсы мұғалімдер болатын – бойымызға әдепетілікті сіңірген парасатты адамдар еді. Мұғалімдердің арасында маған ықпал еткендер болды. Мысалы, менің алғашқы ұстазым –Михайлова Ольга Дмитриевна – оның барлық оқушылары өмірде өз орындарын тапқан позитивті адамдар болып табылады. Сонымен қатар біздің оқу ісінің меңгерушісі және математика мұғалімі Тоскина Нина Ивановнаны құрметтеймін – ол адал, дана кісі. Барлығымыз дене шынықтыру мұғалімін – Ерин Михаил Федоровичті жақсы көреміз, оның сабақтарына қуана-қуана баратынбыз.

Бізде жақсы мұғалімдер болатын –бойымызға әдепетілікті сіңірген парасатты адамдар еді


Математика, тарих, география – мен барлығын жақсы қабылдайтынмын.

DSC_7773.jpg

Мектепте шахмат ойынын Карпов пен Каспаров партияларының негізінде үйрететін, кейін олардың екеуімен де ойнап шықтым. Карповпен ойнаған кезде, жеңіске жеттім, ал Каспаровпен өткен ойынымыз тең аяқталды. Бұл жүзеге асқан бала арманым еді. Мектеп бойымдағы негізді қалады, қолымыздан барлығы келеді , тек биік мақсаттар қойып, көбірек армандау керек деген түсінікті қалыптастырды.


Бүгіні


Бүгінде білім беру үлкен жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Өмірімізге технологиялар, цифрландыру еніп жатыр және мектеп шетте қалып бара жатыр.

Мектептегі өзгерістер – мүмкіндіктер мен тәуекелдерді қамтиды. Өзгерістерге байқап қарау керек, себебі мектептердегі реформалардың нәтижелері 10-15 жылдан кейін ғана көрінеді. Бұл жақсы әдістемелік тәсілдемені талап етеді.

Кеңес заманында баланың физиогиясы мен психологиясы негізінде ойластырылған жүйелі әдістеме құрылды. Бұл жүйе нәтижелерін беріп жатыр. Сол себепті білім беруде дөрекі әдістерді қолдануға болмайды, өзгерістерді ақылға салып жүзеге асыру керек.

Бұның өзінде технологиялардың дамуы мен оларды енгізуден қалмау керек. Бұның шегі де бар және бұл қиын міндет. Сол себепті білім берудің басында үлкен тәжірибесі бар адамдар болуы тиіс. Білім беру министрлігін абыройлы ұстаз – Күляш Шәмшідинова басқарып жатыр – ол орта білім беру жүйесін жақсы біледі.

DSC_7780.jpg

Тағы да бір маңызды нәрсе – мектептердің физикалық қалпы. Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген кезде, менен тест ретінде мектепке жұмысқа қабылдау үшін қысқаша талдамалы хатты дайындап беруді сұрады. Маған орта білім туралы есепті ұсынды және көрген ақпараттан көңілім қалды. Мектептердің бір бөлігі апаттық жағдайда болды, кейбіреулер үш аусымда жұмыс істеді, кейбір жерлерде физика, химия кабинеттері, спорт залы болған жоқ. Бұл ескеруді қажет ететін басқа шынайы өмір. Қаладағы және ауылдық жердегі орта мектептерді бөліп қарастыру керек.

Ауылдық жерлерде мұғалімдер жетіспейді, жағдайлары күрделі болып табылады. Ауыл басқа шынайылықта өмір сүреді, қажетті инфрақұрылымдарға қолжетемділігі жоқ. Ал қалада цифрлық шешімдерді енгізуге болады.

Заманауы мектеп оқушысы өзгерді. Балалар ақпаратты тезірек ұғынады, бірақ тереңдігі ақсайды. Бұл мәселені шешу үшін, шахматпен айналысуға болады – ол зейінділікті және терең ойлануды талап етеді. Ата-аналар баланы төрт-бес үйірмелерге бере алады. Нәтижесінде оған көп міндеттер жүктеледі және ол ешнәрсемен сапалы түрде айналыспайды. Бір-екі үйірмелерді таңдаған жөн – осылайша бала дұрыс нұсқамаларға ие болады және бұл оған табысты адам болуға көмектеседі.

Сонымен қатар балаларға кішкентайынан кітап оқуға деген сүйіспеншілікті сіңіру керек. Бүгінде ақпарат көп, бірақ ол пайдалы бола бермейді.

Мектеп – мемлекеттің маңызды стратегиялық активі


Мектеп – мемлекеттің маңызды стратегиялық активі. Бір елде ол бәсекеге қабілетті түлектерді шығару нәтижесін бере алады, басқа елде нәтижесі болмауы да мүмкін. Бірақ көптеген қазақстандықтардың қарапайым мектептерді бітіріп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемдегі үздік оқу орындарына түсіп жатқанын көріп отырмыз. Олар оқуларын сәтті аяқтап, шетелдегі халықаралық компанияларда жұмыс істейді.


Болашақ жайында


Балалар мектепте бес жыл оқыса, бұл мінсіз мектеп болады. Кейін қажетті пәндерді таңдап, мамандандырылған білім алады.

DSC_7790.jpg

Осында мектеп оқушыларының құндылықтарын және базалық білімді қалыптастыру маңызды. Бұны бес жыл ішінде жүзеге асыруға болады, оған қоса технологиялардың арқасында ақпаратты қабылдау жылдамдығы артып жатыр.

Әрбір елдің білімнің және құзыреттіліктің қажеттіліктері әртүрлі. Қазақстанда еңбек нарығы бір нәрсені талап етеді, басқа елде басқа нәрселер қажет болады. Балаңызды қандай болашаққа дайындап жатқаныңыз жайында мектептен бастап ойлану керек. Қазақстандықтарға жаһандық еңбек нарығына шығуға таплыну керек. Бұны үйден шықпай-ақ істеуге болады – ол үшін біздің жағдайларымыз бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.