Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/87a/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/87a1d2a0977ceaaa6f4e3f7a57a19fc0.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Марат Жыланбаев астаналықтардың денсаулығын нығайтуы және жүгіруден марафондарды ұйымдастыруы жайлы
2009

02.12.2019

Марат Жыланбаев астаналықтардың денсаулығын нығайтуы және жүгіруден марафондарды ұйымдастыруы жайлы

Марат Жыланбаев, 56 жаста, жаттықтырушы, кәсіпкер @marat_zhylanbayev

36595378_284723825618071_5934012621010239488_n.jpg


Менің қалаға деген көзқарасым


80-ші жылдары мен Екібастұзда тұрып, жергілікті жүгірушілер тобын ұйымдастырдым. Сол кезде бұл менің сүйікті ісім екенін түсіндім.

Мен жүгірумен өмір бойы айналысамын деп ойлаған жоқпын. Бірақ өзімнің әдісімді ойлап таптым. Оған басында ешкім сенбеген. Барлығына оны дәлелдеуге тура келді.

33873722_225013061610719_5712759068678946816_n.jpg

Нұр-Сұлтанға алты жыл бұрын көшіп келдім. Мұнда жаңа достар мен жаңа қызығушылықтарды таптым. Маған адамдар жүгіруді үйретіңізші деп өтініш білдіретін. Сол кезде астанамызда жүгіру клубын ашуды ұйғардым. Кейін Спорт министрлігі мені бірінші денсаулық елшісі етіп сайлады.

Мен Нұр-Сұлтанның нағыз аязын жақсы көремін. Аязда жүгіру пайдалырақ, өйткені ауа таза, көбірек калорий жұмсалады. Төрт жарым жылдың ішінде мен 160 000 шақырым жүгіріп шықтым.


Қалай жақсартуға болады


Жүгіру клубын ұйымдастыруды шәкірттерім ұсынды. Кейін біз қысқы марафондар мен шөлде ультрамарфондарды ұйымдастыра бастадық. Қазір клубымызда 1400 астаналық бар. Сондай-ақ клубта 20 шәкіртім Алматы қаласынан. Біз Триатлон паркі мен Ботаникалық саябақта жаттығамыз.

Жүгіру — сүйікті ісімнен мамандығыма айналды. Мен жұмысымнан рахат аламын, әрі солай ақша табамын. Спорт адамдарды өзгертетінің білемін. Егер адам жаттығуға келсе, ол бұл шешімі туралы ешқашан өкінбейді.

Мен адамадардың өз денсаулығын жақсартып, мықтырақ болулары үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын


Дұрыс жүгіруді үйрену үшін бір ай уақыт керек. Сонымен қатар дұрыс жүруді де үйретемін.

71576af2d2ea509fe9812b45e32502ae.jpg

Қысқы марафондарды ұйымдастырамын. Былтырғы марафонға 1600 адам қатысты. Қазақстанның басқа қалалары мен жақын елдерден де келді.


Әр адам не істей алады


47240259_275399483142977_776100301831243736_n.jpg

Кез-келген жаттығамын деген адам біздің клуб мүшесі бола алады. Көбінесе «сарафанное радио» арқылы келеді. Кейбір шәкірттерім достарын, туыстарын әкеліп жатады. Менің қағидам — жүре алатын кез-келген адамды жүгіруге үйрете аламын. Мүмкіндігі шектеулі адамдары әдейі жаттықтырғанмын, өйткені жүгіру көптеген ауруларды жазады.

Жүгіру — ең қолжетімді спорттың түрі


Ешқашан кроссовкидің арқасында чемпион болған спортшыны көрмейсіз. Барлығы адамның мотивациясына және ынтасына байланысты.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу