facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/ebb/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/ebbe08bb234f88240d3926276ecd4f0e.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
madi-zh-ne-nes-bel-aytzhanovtar-zh-mysta-alay-tanys-andary-zh-ne-4-yz-t-rbielep-zhat-andary-zhayly
logo
Мади және Несібелі Айтжановтар жұмыста қалай танысқандары және 4 қыз тәрбиелеп жатқандары жайлы

Мади Айтжанов 46 жаста, туған жері — Астана, құрылыс

Несібелі Айтжанова, 35 жаста, туған жері — Астана, @glassway.kz негізін қалаушы

06.02.2020

Мади және Несібелі Айтжановтар жұмыста қалай танысқандары және 4 қыз тәрбиелеп жатқандары жайлы


Біз жайлы


family (1).jpeg

Несібелі. Біз жұмыста таныстық. Мади біздің компанияның клиенті болды. Алғашқы кездесуімізде-ақ ол маған ұнады, бірақ оны үйленген деп ойладым. Бірақ Мади бізге жиі келетін болды — күн сайын — мұны жайдан жай істеп жүрген жоқ екенін түсіндім.

Есімде қаңтар айы, Астанада қатты суық болды. Мади маған күнде раушан гүлдер сыйлап, үйге дейін жеткізетін. Кішкентай кезімде мен күйеуімнің қандай болатынын елестететінмін. Мади сол сиппаттамаға сырт келбеті мен ішкі жан дүниесімен де толық сәйкес келді.

Мади маған күнде раушан гүлдер сыйлап, үйге дейін жеткізетін

Мади. Мен Солтүстік Қазақстанда туғанмын. Ал Несібелі Оңтүстік жақтан. Бірақ біздің өмірге деген көзқарасымыз бен дәстүрлеріміз бірдей болып шықты. Ол менің анама ұқсайды, наурыз айында оларды таныстырдым.

family (2).jpeg

Несібелі. Біз аз уақыт кездестік. Алдымен Мади телефон арқылы үйлену жайлы айтатын. Ал 8 наурызда сақина сыйлап, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.


Астана жайлы


Несібелі. Мен Оңтүстік Қазақстанда, одан кейін Ташкентте, Екатеринбургте тұрдым. Университетте оқығанымда, ағаммен бірге Астанаға көшіп келдім.

family (5).jpeg

Біз бұл қаланы жақсы көреміз. Маған оның архитектурасы ұнайды. Мен келгенде, Астана енді салынып жатқан. Ал қазір мұнда көптеген заманауи ғимараттар бар.

Мұнда тұратын адамдар ұнайды. Рессейдегі өмірден кейін олар қарапайым, мейірімді, ақкөніл, замануи болып көрінеді.


Отбасы жайлы


Несібелі. Бізде үлкен отбасы — менде де, Мадидің туыстарында да. Әр мереке сайын барлығымыз бірге жиналамыз. Мысалы, Жаңа Жылды барлық отбасымен бірге қарсы аламыз — бұл біздің дәстүріміз. Түған күндерге, Наурызда, басқа мерекелерде де біргеміз.

Мади. Төрт баламыз бар — төртеуі де қыздар.

family (3).jpeg

Несибели. Үлкені — Азиза — 12 жаста, ол оқығанды жақсы көреді. Оны «кішкентай Эйнштейн» деп атаймыз. Оған математика, информатика ұнайды.

Екінші қызымыз — Ания — үлкенге қарама-қарсы. Ол он жаста, және сәнгер. Әдеміленуді, бимен айналысуды жақсы көреді.

Үшінші қызымыз — Балжан — екінші сыныпта оқиды, гимнастикамен айналысады. Әрдайым қозғалыста, жаңа бірденелер ойлап табады, бір орында отырмайды.

Еркежан үш жаста — ең кенжесі. Оны барлығымыз еркелетеміз.

Балаларға классикалық құндылықтарды үйретеміз

Мади. Жұмыс күндері біз әрдайым бос емеспіз: әйелім екеуіміз өз жобаларымызбен айналысамыз, балалар мектепте оқиды. Сондықтан барлығымыз бірге тек таңғы ас пен кешкі аста жиналамыз.

family (4).jpeg

Несібелі. Демалыс күндері әрдайым демалыс ұйымдастырамыз: киноға барамыз, саябаққа пикникке шығамыз, мерекелерге барамыз. Мади қыздарға шопинг ұйымдастырып, олармен коньки тепкенді ұнатады.

Мади. Балаларға классикалық құндылықтарды үйретеміз. Олардың үлкендерге құрметпен қарағанын, қарапайым, жомарт, еңбекқор болғандарын қалаймыз.


Қазіргі жан дүниенің жағдайы


Несібелі. Біз өзімізді бақытты адамдармыз деп есептейміз. Біздің дені сау, үлкен отбасымыз бар. Сүйікті ісімізбен айналысатын мүмкіндік бар. Өзімізде барға разымыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Шетелде тұратын қазақстандық блогерлер
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт