Бүгінгі таңда Орталық Азияда тұтынушыларға қызықты шешімдер мен идеялар ұсынатын стильді отандық брендтер көбейіп келеді. Біз инфлюенсерлерден қандай жергілікті брендтерге таңдау жасайтындарын сұрап-білдік.
Азис Uhzees, 25 жаста, қаласы — Бішкек, блогер, кәсіпкер, подкаст жүргізушісі, @uhzees
Өзі туралы
Мен блогер және кәсіпкермін. The Chai Show подкастының жүргізушісімін.
Сүйікті брендтері
Анонимді дизайнерлердің Euler Central Asia бренді @eulercentralasia — осы жылдың ең жарқын концептуалды дебюті. Эйлердің әрбір топтамасы Орталық Азияның шығармашылық әлемінің, музыканттардың, суретшілер мен дизайнерлердің симбиозымен сүйемелденеді.
Ерекше CutADash @cutadash_official брендін де атап өтуге болады. Бренд дизайнері Айжан Қырғызстан мен Орталық Азияны ДНҚ деңгейінде сезінеді десек, артық айтқандық емес. CutADash біз этникалық сән деп түсінетін ұғымнан басқа өлшемде өмір сүреді.
BeAdam @beadam.store — Орталық Азиядағы Polo-ның ең креативті нұсқасы. Апалы-сіңлілі Ақназаровалар Орталық Азияда шығармашылық кеңістіктер мен сәулет жасаудағы көп жылдық тәжірибесін брендтің әрбір деталіне арқау етеді. Ойластырылмай қалған бірде-бір деталь жоқ.
IZDER@izder_iz — ірі креативті жоғары сән үйлері деңгейінде әртүрлі маталарды, түстерді, өрнектерді және қиықтарды біріктіреді. Брендтің туындылары музей бұйымдарына ұқсайды. Сән әлемінің жұмыстарына инвестиция салуды ұнататындар үшін тамаша таңдау болмақ.
ADONN @adonn_studio — Мээрім Төлепбергенмен бірге «Шай шоуы» шығарылымында мен киген керемет қызғылт күртешенің авторы. Дәл осы күнге дейін қарапайымдылығы мен талғампаздығына қарамастан, мен киген киімдердің ең жарқын және әдемі элементтерінің бірі. ADONN рок пен сән-салтанатты шебер үйлестіре біледі.
Аминат Ли, 19 жаста, қаласы — Алматы, TikTok-креатор, @aminat_li
Өзі туралы
Мен барабанда ойнаймын, спорт залында жаттығамын және TikTok-қа видеолар түсіремін.
Сүйікті брендтері
@jenil_brand — ыңғайлылық пен эстетика. Менің гардеробымдағы ең керемет пижамалар мен іш киімдер Jenil брендінен.
@origena_ootw — бірегей күміс аксессуарлар. Базалық образдарды ерекшелігімен толықтыра түседі.
@zhan_nura — этникалық зергерлік бұйымдар әрқашан сәнде!
@the_sisters.brand — бірегей, стильді және мағыналы.
Асылхан қаныбаев, 24 жаста , қаласы — Алматы, стилист, @ya_asylkhan_a_ty_net
Өзі туралы
Стилист болып жұмыс істеп жүргеніме үш жыл болды. Dequine, TRUWER, Yenlik, Monroe, Rauana, 104, SHIZA, RYSO сияқты әртістермен ынтымақтастықта жұмыс істедім. Сондай-ақ блогерлермен де жұмыс істеймін. Менің мақсатым — Қазақстанның fashion индустриясында оң із қалдыру.
Сүйікті брендтері
Tatyana Yan @tatyanayan_official — қиялға басымдық беретін, түстердің сенсациясын жасайтын және аксессуарларға баса назар аударатын бренд! Маған дизайнердің бұйымдарды, соның ішінде аксессуарларды ұсынғаны ұнайды.
Blackhorse @blackhorse.kz — барлық даңққа лайық нағыз былғары! Маған дизайнер Динараның қазақы болмыс пен жаңа сән трендтерін үйлестіретіні ұнайды.
Aimaq @aimaq_kz — тарихы бар әшекейлер. Бренд әшекейлердегі көнелікті шебер сақтайды, антикварлық үлгілерге жаңа тыныс береді. Мен олардың «Молшылық» жүзігін мақтанышпен тағып жүремін.
Албасты @al.bastym— андерграунд және қайталанбас стиль. Маған стайлинг және қалай ұсынатындары ұнайды.
Howe @howe.almaty — жас әрі өршіл бренд. Қызықты минимализм — брендті осылай сипаттайтын едім.
Елена Булатова, 21 жаста, қаласы — Андижан, модель, @ellen_bulatova
Өзі туралы
Модельдік мансабымды 17 жасымда бастадым. ART Models агенттігінің мүшесімін. Түрлі шоуларға қатыстым, түрлі брендтер мен жарнамалық жобалардың түсірілімдеріне қатыстым. Модельдікпен қатар, мобильді суретке түсіруді және қолдан жасалған бұйымдар жасауды жақсы көремін.
Сүйікті брендтері
LALI @lalifashion — кутюрье өзбек киім бренді. Бұйымдар авторлық кестелер мен аппликациялармен безендірілген, маталар мен суреттері көне технологиялар бойынша жасалған.
Nigora Hashimova @nigorahahimova.dsgn — соңғы сән трендтері мен ұлттық нақышты біріктіретін стильді, батыл шешімдер.
B JEANS @bjeanscentralasia — экологиялық таза отандық джинсы бренді.
yanguraz upcycling.uz бренді — винтажды бұйымдарды жаңа, жарқын, ерекше заттарға айналдыру арқылы қайта өңдеу мәдениетін насихаттайтын, сол арқылы заттарға екінші өмір сыйлайтын экологиялық таза бренд.
CULT U @cultu_concept — сәнді минималистік оверсайз киім. Sport-casual стилін ұнататындар үшін қолайлы.
Dressshow @dresshow.uz — талғампаз кешкі көйлектер бренді.
Nissah Couture @nissah_couture — жоғары сапалы маталардан тігілген дизайнерлік пижамалар.