Таныстырылым ақынның 125 жылдығына арналған салтанатты шара барысында өтті. Жинақты түрік тіліне әйгілі ақын Әли Акбаш аударған. «Мағжанның өлеңдерінен репрессия жылдарындағы ақынның өз халқы үшін алаңдайтыны, сенімді болашақтан, жас буыннан іздейтіні анық байқалады. Ол алдағы ұрпақтың болашағы тәуелсіз елде өрбитінін жорамалдап кеткен», - дейді А.Акбаш. Мағжан Жұмабаевтың қазақ тілі және бауырлас түркі халықтарының бірлігі туралы өлеңдері де аударылған.
Дерек көзі: kazinform.kz