facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ma-satty-zhastardy-g-meler-25-zhas-a-dey-n-k-s-pker-boludy-zholy
logo
Мақсатты жастардың әңгімелері: 25 жасқа дейін кәсіпкер болудың жолы

25.02.2019

Мақсатты жастардың әңгімелері: 25 жасқа дейін кәсіпкер болудың жолы

Асылбек Темірхан, 22 жаста, туған қаласы — Көкшетау

Terri Tima Cafe


Бизнесі жайында


Дәмхана ашу идеясы бұрыннан болды, бірақ оны жүзеге асыру үшін уақыт болған жоқ. Мен фильм түсірілімдерінде болдым және Инстаграм парақшамның контентін жаңартқан жоқпын, сол себепті осы уақыт аралығында қаралымдар азайып қалды. Фильмнің түсірілімдері аяқталған соң, мен белсенді түрде вайндарды түсіріп, статистикамды қалпына келтірдім. Сол кезде Жаңа жыл жақындап қалды және мен тағы да идеямды қоя тұрдым. Мерекелерден кейін күш-жігерімді жинап, жаңа ынтаның арқасында 5 ақпан күні біздің дәмханамыз ашылды.

Мен бизнесті қоғамдық тамақтану саласында ашуды шештім, себебі тамақ – адамның басты қажеттіліктерінің бірі, әлемде қандай жағдай болмасын, адам әрқашан тамақ ішуді қалайды. Астанада барлық салалар, қоғамдық тамақтану саласы да қымбат. Осы дәмхананы аша отырып, мен оның әрбір адамға, студентке де, жұмыс істейтін адамға да қолжетімді болғанын қаладым. Сол себепті біздің басты тұжырымдамамыз – төмен бағалар және дәмді тағам.

DSC_0840.jpg

Біздің дәмханамыз шағын, 35-40 орынға арналған, біз еуропалық, қытай тағамдарын әзірлейміз: пицца, пасталар, донерлер, сушилар. Біздің мәзіріміз үлкен және біз клиенттеріміздің пікірлеріне құлақ аса отырып, оны әрдайым өзгертіп, толықтырып отырамыз. Қонақтар коктейльдерді қалады – біз оларды қостық, роллы мен сушилар болған жоқ – қонақтардың сұрауы бойынша біз оларды да қостық, енді кофенің болуын сұрап жатыр – енді біз кофемашинаны сатып аламыз.

Қазірде біздің штатымызда 6 аспаз, 4 даяшы және 1 әкімші жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында бізде көп даяшылар ауысты, себебі бізге күліп жүретін, жайдарлы адамдар қажет, ал барлық адамдар ондай емес. Қазір біз лайықты адамдарды таптық және бұл қуантарлық жағдай, дегенмен біз әрқашан жаңа үміткерлерді қарастыруға дайынбыз.

Жоспарымызда – екінші нүктені ашу.


Жасқа байланысты қиындықтар жайында


DSC_0846.jpg

Менің жас болғаныма қарамастан, менде бизнес бойынша қиындықтар болған жоқ. Менде тіпті біреумен ақылдасатын қажеттілік те жоқ. Мүмкін бұл менің көзқарастарыма байланысты шығар. Мен өзімнің бейнелерімді түсірген кезде де ешкіммен ақылдаспаймын.


Бизнес қандай нәрселерге үйреткені жайында


Осы қысқа уақыт аралығында жеке ісім мені көп нәрселерге үйретті. Менің ақылым ұлғайып, есейген сияқтымын. Мен барлық адамдардың көңілінен шыға алмайтынымды түсіндім. Қалай тырыссаң да, әрқашан бір нәрсе ұнамай қалатын адам болады. Бейнелермен де сондай жағдай – қаншалықты күшті бейне түсірсең де, әрдайым бір немесе екі адам бейненің онша емес екені жайында пікір қалдырып кетеді. Мекемеде де сондай жағдай. Әр адамның өз талғамы бар, сол себепті барлығының көңілінен шығу мүмкін емес.

Көп уақыт өтті, бірақ жалпы бизнес маған жақсы ықпал етеді. Мен уақытымды ойын-сауықтарға аз бөліп, істермен көбірек айналысамын.

Санат Айсұлу, 25 жаста, туған қаласы — Тараз/Астана

Sanat Jewelry


Бизнес жайында


Sanat Jewelry брендінің міндеті – бүкіл әлемдегі қыздарға қолдан жасалған заманауи және жоғары сапалы бұйымдарды қолжетімді бағалармен ұсыну. Біздің топтамаларымыз ешқашан қайталанбайды және шектелген көлемде шығарылады. Әрбір жұмыста заманауи өнердің, көркем әдебиеттің немесе тарихтың сипаты бар. Ал ең танымал топтамалар Густав Климт, Ван Гог және Василий Кандинский сияқты танымал суретшілердің жұмыстарымен шабыттанып жасалған.

Барлық стартаптар аздан басталады: Стив Джобс және Билл Гейтс өздерінің стартаптарын гараждардан бастады. Мен өз ісімді ас үйде бастадым. Зергерлік өнерге Қазақстанға оралғасын ғана көңіл аудардым. Оған дейін мен 16 жасымнан Канада және АҚШ елдерінде құмыра ісімен айналыстым. Осында, яғни туған елімде мен қажетті жабдықтар мен құмыра студиялардың, сүйікті ісімді жалғастыру үшін қажетті нәрселердің жоқтығына тап болдым. Құмыра студиясын өздігінен ашу қымбатқа түседі, сол себепті мен өзімнің арманыма басқа жолмен жетуді шештім.

IMG_0331.jpg

DSC_0050.jpg

Брендтің ең алғашқы толыққанды топтамасы 2014 жылы жасалды. 2015 жылы брендтің визит карточкасы болып табылатын ою-өрнектері бар мұз ұлуы жасалды. Менімен бірге маркетологтар және біздің стартапты дамытуға көмектесетін жас мамандар жұмыс істейді. Біздің командамызда жұмыс істеудің басты талабы – креативтілік, бізбен бірге оқуға және дамуға деген ниеттің болуы.

Қазіргі уақытта менің басты міндетім – қолдан жасалған ыдыстарды жасау үшін авторлық құмыра студиясын ашу. Сонымен қатар мен нарықта өз брендімді дамытумен айналысамын. Бізде жергілікті сатып алушылардан бөлек, әлемнің әртүрлі түкпірінен халықаралық сатып алушыларымыз бар. Брендіміздің бұйымдарын Францияда, Бельгияда, АҚШ-та, Гонконгта, Канадада және Латвияда тағып жүр. Және біз осымен тоқталмаймыз.

Оған қоса біз өзіміздің бағытымызды сөмке және клатч сияқты аксессуарларға дейін кеңейту бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Қазіргі уақытта мен паттерндер мен ою-өрнектерді өңдеп жатырмын. Олар біздің барлық өнімдер сияқты бірегей болады. Одан бөлек, біз бағалы және жартылай бағалы тастармен жұмыс істей бастадық.


photo5228968902032205780.jpg

photo5228968902032205783.jpg


Жасқа байланысты қиындықтар


Мақсатың болса, жас ешқандай кедергі келтірмейді. Менің Солтүстік Америкадағы оқуым және көптеген жобаларым ұйымдастырушылық мәселелерді шеше білу үшін жақсы тәжірибе берді. Менде балшықпен жұмыс жасау тәжірибесі болды, менің жұмыстарым АҚШ және Канада елдеріндегі көрмелерге қойылды. Мен қайда бара жатқанымды білдім. Жалғыз айырмашылық – барлығы Қазақстанда өттіп жатуы.

Қиындықтар қазақстандық сатып алушыға қолдан жасалған, әсіресе балшықтан жасалған бұйымның құндылығын көрсетумен байланысты болды. Негізінен бізде барлық бағалы және импорттық өнімдер бағаланады, ал шетелдік сәнқойлар үшін жергілікті қолөнершінің қолдан жасалған жұмысы мен оның шығармашылығының тарихы маңызды болып табылады.


Бизнес қандай нәрселерге үйреткені жайында


Біріншіден, мен нетворкинг – бұл табысты кәсіби және тұлғалық өсудің кілті екенін түсіндім. Екіншіден, егер сіздің алдыңызда жаңа міндет тұрса, оған тура және сеніммен қараңыз, себебі ол өзінің қиындығымен сізді шыдамды болуға үйретеді. Үшіншіден, жарты жолда тоқтап қалуға болмайды. Кейін сені не күтіп тұрғанын ешқашан білмейсің. Тіпті сенің барлық жаңа топтамаң өртеніп кетсе де, тоқталмау қажет.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.