facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
m-skeuden-astana-a-k-shu-zh-ne-aza-standy-klassikaly-kino-zhayynda
logo
Мәскеуден Астанаға көшу және қазақстандық классикалық кино жайында

Талғат Тайшанов

55 жас, туған қаласы – Астана, режиссер, продюсер, кинооператор

Өмір сүру стилі

13.02.2019

Мәскеуден Астанаға көшу және қазақстандық классикалық кино жайында


Өзі туралы


Егер мен алдыма мақсат қойсам, мен оған жетемін және оған жетер жолда кедергілер көрмеймін.

Мен үшін кез-келген адамның пікірі маңызды: мейлі ол студент, жас бала немесе ересек адам болсын, әрқайсысын тыңдауға дайынмын. Жалпы картинаға әсер етпесе де, мақсатқа жеткізетін сұрақтарды талқылап, ортақ шешім шығаруға тырысамын.

20190124-DSC_3456.jpg

Мен киноны жақсы көремін. Кинода бір кадрдан бастау алатын өмір, үлкен тарих мені ерекше еліктіреді. Сондықтан кино жақсы шықса, көрермендер кейіпкерлермен бірге қуанып, бірге мұңаяды. Маған Квентин Тарантиноның шытырманға толы фильмдері ерекше ұнайды. Оның туындыларында ойнайтын актерлерге сүйсініп қараймын. Мысалы «Бесславные ублюдки» және «Бешеные псы». Мен Копполоның «Крестный отец», «Апокалипсис сегодня» және Бертолуччидің «Последний император» фильмдерін қайта-қайта көре аламын. Өзім кішкентайымнан қазақстандық классика С. Қожықовтың «Қыз Жібек», «Тақиялы періште», Ш.Аймановтың «Транссибирский экспресс» фильмдерін көріп өстім.

Жақында Эмир Байгазиннің «Раненый ангел» фильмін көріп шықтым. Фильмнің тереңдігі сонша, өзің де киноға еніп кетесің. Мені жас режиссердің сол дәуірге терең үңіліп, адам жаны мен балалардың халін ерекше шеберлікпен жеткізгені таң қалдырды. Тамаша фильм.

Мен үшін табанды жұмыс, тәртіп және орындау сапасының жоғары деңгейі маңызды


Менің қағидаларымның бірі – бастаған нәрсемді аяғына дейін жеткізу. “Қорықсаң – жасама, жасасаң – қорықпа, жасаған соң – өкінбе”, “Жеңіс мықтыларға ғана тиесілі” сияқты танымал сөздер бар. Мен осы сөздермен толықтай келісемін.

Ал ең маңыздысы – адамға деген құрмет. Мен аяғанды ұнатпаймын, өйткені бұл адамды кемсітеді. Адамды жасына және басқа дүниелеріне қарамай құрметтей білу керек.

Астана туралы


Астана еліміздің бас қаласы болып бекітілгеннен кейін, менің өмірімде өз бастауын алды. Мен Мәскеуде өмір сүрдім, бірақ мұнда жиі келетінмін. Қазақ-мәскеу диаспорасының құрамында Астананың 1997 жылғы таныстырылымында болдым. Ал 2000 жылы осында түпкілікті көшіп келдім. Содан бастап, Астана – бұл өмір салтым, менің отбасым, ұлым Таир мен кіші қызым Аружан дүниеге келген қымбат мекен. Астана – менің жаңа Қазақстанмен бастау алған тірек мекенім.

20190124-DSC_3476.jpg

Мен Астананы жақсы көремін және мұнда тұратынымды мақтан тұтамын. Демалыс күндері маған бос көшелер бойымен серуендеген ұнайды. Балалармен көбінесе жағалауда, орталық саябақта, жаңа «Жерұйық» саябағында және MEGA-да серуендейміз.

Астана – менің жаңа Қазақстанмен бастау алған тірек мекенім


Астаналық – бұл ұзақ ойлануға және сенімсіздікке уақыты жоқ, жас әрі мақсатқа берік, қолы бос болмайтын адам. Сондықтан ол өзін қоршаған ортасымен қатар әлемді өзгерткісі келетін қуатқа және креативке толы азамат. Астаналықтар үшін әлем шексіз.


Жанашыр адамдар және олардың өмірлік істері


Менің өмірлік ісім – кино, мен онымен өмір сүремін. Мен өскен ауылда интернетті айтпағанда, көбінде телефон да болған жоқ. Бірақ үнді және қазақ фильмдерін көрсететін клуб болатын. Өмірімде кездескен қиындықтарға қарамастан мен үнемі кино саласына қатысы бар нәрселермен айналыстым: фотосуреттер, таспалау және жарнамалық роликтер түсірдім.

20190124-DSC_3471.jpg

Мен ұстаздықпен айналысамын деп жоспарлаған емеспін. Бірақ мені кино және телевизия кафедрасына шақырған кезде, бұл менің өмір сүргім келетін орта екендігін түсіндім. Бұл жерде барлығы кино, декорация, техника, жарық қою туралы сөйлеседі. Ең маңыздысы, әрі қуантатыны – мен жас балаларға өздерін кино әлемінде табуға көмектесе аламын. Мен өз түлектерімді мақтан етемін – олардың барлығы жұмысқа орналасып, мамандықтары бойынша табысты қызмет атқарып жатыр

Қазіргі таңда біз студенттер мен мұғалімердің септігімен толықметражды фильм түсіргелі жатырмыз.

Қазақстан сапалы киноға дайын. Мен «Храбрые сердцем» немесе «Последний самурай» сынды тарихи фильмдер түсірсе екен деймін. Бізге «Тақиялы періше», «Менің атым Қожа» сынды сапалы әзілмен көмкерілген мелодрама, комедиялар қажет.

Мен өз түлектерімді мақтан етемін – олардың барлығы жұмысқа орналасып, мамандықтары бойынша табысты қызмет атқарып жатыр


Отбасы – бұл өмірлік іс емес, бұл өмір. Мен кез-келген уақытта түсірілімге, фестивальға немесе маңызды концертке кетіп қалғанда, жақындарым мені айыптамай, қолдайтындары үшін ризамын. Кез-келген жерде өзіммен бірге балаларымды ертіп жүруге тырысамын. Олар да менің істейтін жұмысымды көріп, өнерге дағдыланғандарын қалаймын.


Қазіргі сәттегі рухтың күйі


Мен жақсы нәрсе ойлауға тырысамын, сондықтан рухымның бүгінгі күйі де жақсы.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.