Скриптонит, @real_scrip

GQ журналының нұсқасы бойынша «Жыл жаңалығы 2016» жүлдесінің иегері. Musica36 деген тәуелсіз ресефлік лейбл ашты.
Jah Khalib, @jahkhalib
Қазақстанның хип-хоп-орындаушысы және продюсері. Оның «Если че, я Баха» атты альбомы 2017 жылы Apple Music альбомының чартерінде алғашқылардың қатарына ілікті. Сол жылы «Муз-ТВ» жүлдесін «Жыл жаңалығы» номинациясында жеңіп алды.
Назима, @13nazima
Шымкенттік әнші, «Песни» шоуының алғашқы қатысушысы, Black Star лейблімен келісім-шартқа отырған. Өз тректерін жазуды жалғастыруда.
Say Mo, @say_mo__
Қазақстанның хип-хоп-орындаушысы, «Песни» шоуының екінші маусымының қатысушысы. Соның арқасында Ресейде танымал болды. Былтырғы жылдың соңында «Я ПОТ БИТ» дебюттік альбомын жарыққа шығарды.
M’Dee, @mdeemusic
Алматылық жас музыкант. 2019 жылы Musica36 лейблінің әртісі болды. «Ферромон» атты альбомын шығарды. «Плакала» әнімен «Вечерний урагант» бағдарламасына қатысты.
The Limba, @thelimba
Қазақстандық әртіс, әндер авторы. «Смузи» атты трегі BOOM чартында бірінші орында болды. 2020 жылдың мамыр айында Andro-мен бірге X.O, трегін шығарды.