facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
m-skeude-biznes-ash-an-aza-standy-tardy-3-o-i-asy
logo
Мәскеуде бизнес ашқан қазақстандықтардың 3 оқиғасы
Мамандықтар

22.06.2017

Мәскеуде бизнес ашқан қазақстандықтардың 3 оқиғасы

Елена Анатольевна Кондакова


Туған қаласы — Құлынды,тұрғылықты қаласы — Мәскеу, «Бауырсақ» Қазақстан өнімдері дүкендер желісінің бөлшек сауда жетекшісі


mF51g7NQeWk.jpg


Ата-анам менің бала күнімде Павлодарға ресейлік Алтайдан көшіп келген. Қазақстанда 16 жыл тұрдым, кейін Ресейге, Мәскеуге қайтып келдім. Ата-анама жиі барып тұратынмын және үнемі тамақ салып алып кететінмін, сондай-ақ туыстарыма шәй, макарон, кәмпит беріп жіберіңдер деп өтініш жасайтынмын, себебі Мәскеуде Қазақстандағыдай дәмді әрі сапалы азық-түлік жоқ.


«Бауырсақ» бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2012 жылы Санкт-Петербургте «Рахат» кәмпит фирмасының өнімдерін сататын көтерме қоймасы бар компанияның бар екенін білдім. Сол кезде мұның бір белгі екенін сезіп, қазақстандық тәттілерді әр түрлі көрмелерде «Бауырсақ» брендімен қойдық. Мұндай шараларға халық көп жиналады, тұтынушылармен көзбе-көз сөйлесуге болады. Бұл кәмпиттерге мұндай сұраныс болады деп ойламаппыз: адамдар бізге хабарласып, келесі жолы қай көрмеде қазақстандық тауарларды қоятынымызды сұрады, жаңа өнімдер әкелуімізді өтінді. Осыдан келіп, стационарлық сату нүктелерді құру идеясы туды.


баурсак.jpg


Y-dOGF954eM.jpg


Қазір бізде Мәскеу мен Подмосковье облысы бойынша сегіз стационарлық нүктеміз бар. Жақын арада франшиза бойынша тағы бір дүкен ашылады. Бұл сауда желісінің сөрелерінде Қазақстанның 35 өндірушісінің 1800 тауар аталымы қойылған. Олардың ішінде: DEP, Expo Food, «Азамат», «Алматылық өнім», «Баян Сұлу», «Белес», «Визит», «Марсель», «Голденфуд», «Злак+», «Иманов өнімдері», «Карат», «Конфетки-Бараночки», «Кэмми», «Лия», ТОО «Малу», «Мелодия вкуса», МПК «Бижан», «Кублей», «Омега Специи», «Петропавлдық кондитер», «Радуга», «Рахат», «Семипалатинский МПЗ», «Смак», «Сұлтан Маркетинг», «Цесна», Tea House, «Пиала», «Чайный центр», Elsyor, «Даулет Беккет», «Рудненский тан», «Global продукт», «Арал Тұз» бар.


Мәскеу мен Подмосковьеде Қазақстаннан шыққан адамдар мен Республикада уақытша тұрып, жұмыс істеген адамдар тұрады. Олардың көпшілігі елді сағынады, сондықтан клиенттерімізге белгілі бір түрде жол табудың қажеті болмады.


Мәскеуде бизнес ашқысы келетіндерге айтарым, егер үлкен қалауың мен талпынысың болса, онда қай жерде, туған жеріңде немесе шетелде жұмыс істейтініінің еш айырмашылығы болмайды.



Альбина Думбоян


27 жаста, туған қаласы — Волгоград, тұрғылықты қаласы — Мәскеу, іс-шаралар ұйымдастыру


Ұлтым мен шығу тегім бойынша қазақпын. Менің тегімді естігендер мені армян қызы деп ойлайды. Анам Оралда туған. Мен кішкентай болған кезде белгілі бір уақыт Қазақстанда тұрдық, кейін Волгоградқа көшіп кеттік және 2014 жылға дейін сонда тұрдым.


Үш жыл бұрын Мәскеуге көшіп келдім, жұмыс істеу мақсатымен және бас қаланы бағындыру үшін келдім. Мұнда мен осымен екі жыл толатын Kazakh in Moscow шаралар ұйымдастыру бойынша компанияны құрдым. Біз спорттық турнирлерден бастап клубтық кештерге дейін Мәскеудегі қазақ жастарына арналған әр түрлі шараларды ұйымдастырумен айналысамыз.


Альбина.jpg


Компанияны құру идеясы Мәскеудегі қазақтардың аса тату еместігін көргеннен кейін пайда болды. Басында қоғамдық қызметпен айналыстым және біз «Қазақ жастары одағы» ұйымын құрдық. Ұйым жабылғаннан кейін мен әр түрлі шараларды ұйымдастырумен айналыстым және өз ісімді бастағым келді. Осылайша, Kazakh in Moscow компаниясы дүниеге келді. Бизнес маған көп ақша әкеледі деп айта алмаймын, алайда бұл менің басты міндетім де емес. Маған бұл іспен айналысқан ұнайды, мен үнемі қызықты әрі талантты адамдармен араласып, танысамын және менің өсуге, дамуға мүмкіндігім бар.


Мәскеуде жұмыс істей бастағанда мынадай ерекшелікті байқадым: Мәскеу мен Қазақстанда тұратын қазақтар бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Мұнда жерлестеріміздің менталитеті де, дүниетанымы да, тәрбиесі де, жалпы, әлемге көзқарасы бөлек.


Мәскеуде өз ісін ашқысы келетіндерге ешқашан қорықпай өз мақсатыңа қарай жүру керек, мұнда туған жеріңдесің бе, шетте жүрсің бе, оның еш мәні жоқ дегім келеді. Егер барыңызды салып жұмыс істесеңіз, бәрі де алға басады. Бұл математикадағы сияқты: қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді.



Руслан Байдалинов


30 жаста, туған қаласы — Семей, тұрғылықты қаласы — Мәскеу, Emotions dance studio директоры және оқытушы


Руслан 3.jpg


Алғаш рет Мәскеуге 2014 жылдың қысында ұшып келдім. Сол күндері қаланы тамашалап, Бақша сақинасының ішіндегі орталық көшелермен серуендедім, бір сөзбен айтқанда өзімнің кәсіпкерлік қабілетімді қолданудың тетігін іздедім. Сонда мен саланың бірнешеуін бөліп қарастырдым, олардың ішінде би саласы да болатын. Жарты жылдан соң Мәскеуге қайтып келіп, белсенді түрде нетворкингпен айналыстым.


Emotions dance studio бес жылдан бері жұмыс істеп келеді. Басында Қазақстанға табан тіредік, одан кейін белгілі бір уақыт Әмірлікте жұмыс істедік. Студияны аз адам ғана танитын, алайда Мәскеуде халықтың көп бөлігіне қызмет ұсынуды жоспарлап отырмыз.


Руслан 4.jpg


Ісіміздің негізгі маманданатын бағыты — әлеуметтік билер. Біз сальса, бачата және аргентиналық танго сияқты бағыттардан сабақ береміз. Бұл билерге дүниеге ашық көзқараспен қарайтын адамдар келеді. Маған жұмысым ұнайды, себебі мен ашық-жарқын адамдарды, жаңа адамдармен танысқанды жақсы көремін.


Бұл істі ашу идеясы бұрын келген болатын, алайда оны жүзеге асыруға уақытым болмады. Би студиясына дейін мейрамхана мен банкет залын дамытумен айналыстым.


IMG_66972468163407 (1).jpeg


Егер адам орысша сөйлесе, онда біз онымен бірдей мәдениеттің өкілдеріндейміз, тұратын жерінің маңызы жоқ: Мәскеу, Абу-Даби немесе Астана. Сондықтан, клиенттермен қарым-қаынасым да Қазақстандағыдай. Әлбетте, Қазақстандағы адамдар мен мұндағылардың арасында айырмашылық бар, бірақ аз. Social Dance саласында қоғамдағы барлық шектеулер жойылады. Немен айналыссам да, сальсатекада билесем де, фестивальдер ұйымдастырып, сабақ берсем де барлық жерде байланысқа шығуға дайын ашық әрі позитивті адамдарды кездестірдім.


Өз ісіңді ашпастан бұрын өзіңіз үшін өз кәсіби қызметіңізде қай жерде дами түскіңіз келетінін шешіп алыңыз. Мысалы, мен орналасу жеріне байланысты Мәскеуде дамимын деп шештім. Отанымыздың жалпы халық санына сәйкес келетін қалада табысқа жетуге зор мүмкіндік бар деп ойлаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.