Жылына бір өтетін байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 80-ге жуық қатысушы жиналды. Олар бірнеше жас деңгейі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Айта кету керек, бұл жарыста чемпиондықтан бөлек Олимпиадаға жолдама да сарапқа салынады. Өйткені биыл Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет қыздар бәсекесі бойынша 2 лицензия жеңіп алды. Алғашқысы сөзсіз жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаеваға тиесілі. Ал енді ел намысын қорғайтын екінші қыздың есімі осы жарыс қорытындысы бойынша белгілі болады. Қазақстан чемпионаты 4 күнге созылады және шешуі сындар 29 желтоқсанда өтеді.
Дерек көзі: 24.kz