Молдир Мекенбаева, 22 жаста, туған жері — Алматы, студент, @mekenbayeva
Өзі және қызығушылықтары жайлы
Мен Назарбаев университетінің «математика» мамандығының төртінші курс студентімін. Сондай-ақ мен джиу-джитсудан әлемдік деңгейдегі спорт шебері және екідүркін әлем чемпионымын. Кәсіпқой спортшымын. Спорттан басқа фильмдерде және жарнама роликтерінде түсемін.
Жастайымнан математиканы жақсы көремін. Мектеп кезінде олимпиадаларда, халықаралық конкурстарда өте белсенді болдым. Менің ойымша логика мен санау спортта көп көмектеседі.
Спортпен айналысу үшін мектеп кезінде беске оқып, ата-анама тек жетістіктерімді көрсететінмін. Мен Жаутықов атындағы Республикалық физмат мектебін «Алтын Белгіге» бітірдім. Содан кейін Назарбаев университетіне түстім.
Мамандығым жайлы
Спортпен кәсіби тұрғыда тек 18 жасымда айналыса бастадым. Ол кезде Қазақстанда джиу-джитсумен айналысатын қыздарды қолмен ғана санап шығуға болатын. Мен үшін джиу-джитсу жай ғана спорт емес, өмірлік стилім.
Бақытты адам болып, үлкен жетістіктерге жету үшін сүйікті ісінмен айналысу керек. Сол кезде жетістікке жету жолы ляззат әкеледі.
Маусым айында Мәскеудегі чемпионатта алтын иелендім, одан кейін шілде айында Азия Чемпионатында күміс алдым. Қыркүйекте Әлемдік ойындарда күміс иелендім. Және менің ең үлкен жетістігім — қараша айының соңында Абу-Дабиде бірінші орын алуым. Бүгін мен екідүркін әлем чемпионымын.
Мен еліміздегі спортты дамытқым келеді, әсіресе джиу-джитсуды. Бірнеше жыл ішінде үлкен өсуді байқадым, спортпен шұғылданатындардың саны күрт өсті. Қыздардың өзің-өздері қорғау әдістерін біліп, салауатты өмір салтын ұстанғандарын қалаймын.
Өмірлік стиль жайлы
Мен үшін даму үстінде болу маңызды. Бүгін кешегіге қарағанда күштірек болу керек. Және өз ісінің шебері болу маңызды. Менің өмірлік девизім «be first, no less».
Мен осы уақыт аралығында тек спорт пен оқуда ғана емес, сондай ақ студенттік пен қоғамдық ортада жетістіктерге жеттім. Екі фильмде басты рөлді сомдадым. Барлық нәрседе жетістікке жетуге болатынын дәлелдегім келеді, тек қана ниет пен табандылық болса болды.
Менің бос уақытым аз. Не жаттығу залындамын, не кітапханада, не сабақта боламын. Бірақ достарым мен жақындарыммен де көп уақыт өткізуге тырысамын.
Музыка мен әлеуметтік желілерге деген көзқарас
Мен әртүрлі музыка тыңдаймын, барлығы жағдай мен көңіл-күйге байланысты.
Жаттығуларда энергия беретін әндерді, үй жұмысын орындау барысында классиканы тыңдаймын.
Әдебиеттен көркем оқулықтарды таңдаймын. Бірақ психологияны да көп оқимын.
Қазір біз барлық ақпартты әлеуметтік желілерден алатын заман. Подкасттарды, джиу-джитсумен байланысты бейнероликтерді көп көремін.
Әлеуметтік желілер туралы айтсам: мен Instagram-да кішігірім блог жүргіземін. Өмірімдегі оқиғалар мен түрлі ақпарттармен бөлісемін.
Мені мүмкіндіктер шабыттандырады. Сондай-ақ жақындарымның қолдауы шабыт береді.