facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/b39/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/b39c0c8781c6e87f1835198d9244ec2c.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
lybritaniya-a-onys-auda-an-aza-standy-yz
logo
Ұлыбританияға қоныс аудаған қазақстандық қыз

12.08.2022

Ұлыбританияға қоныс аудаған қазақстандық қыз

Юлия Ванжулова Еуропада білім алып, Лондонға қоныс аударған. Ол Ұлыбританиядағы бейімделудің ерекшеліктерімен, сонымен қатар өзінің бизнесі туралы әңгімелейді.

Юлия Ванжулова, Лондон қаласы, шетелде оқу жобасының негізін қалаушы, @eager_to_study

Ұлыбританияға қоныс аудаған қазақстандық қыз

Қоныс аудару туралы

Мен 11 университеттің түлегімін және шетелдегі жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдіргендерге қаржыландыру мен шәкіртақы табуға көмектесетін жобаның негізін салушымын. Мен қазір Лондонда тұрамын.

Менің әңгімем 2017 жылы басталды. Мен «Эразмус Мундус» магистратура бағдарламасына таңдалған студенттердің 4%-ының қатарында болдым және Еуропалық Одақтан 100% қаржыландыруды алдым. Менің бағдарламамды 7 еуропалық және 3 еуропалық емес университеттерді қамтитын университеттердің консорциумы оқытты. Сондықтан мен, Франция, Ұлыбритания, Бельгия, Испания, Қытай, Жаңа Зеландия, Италия, Чехия, Бразилия және басқа елдердің ғалымдары мен практиктерімен бірге оқыдым. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 26 ұлт өкілдерімен бірге оқыдым.

Менің семестрім Францияның солтүстігінде, Лилль қаласында басталды. семестрдің соңында мен Антверпенге (Бельгия), кейін Прагаға (Чехия) көштім. Барлық пәндерді тапсырғаннан кейін бізде дипломдық жұмысты аяқтау үшін 10 университет арасында таңдау болды. Мен Брюссельді таңдадым. Бұл қадам маған Еуропаның атқарушы органында, Еуропалық комиссияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берді. Еуропаның азаматы болмағандықтан, мен ең жақсы ойлармен қоян-қолтық жұмыс істеп, ерекше болдым. Нетворкинг пен жаңа таныстардың арқасында мен кейінірек Франция банкі мен Гарвард университетінің жобаларына қатыстым.

Ұлыбританияға қоныс аудаған қазақстандық қыз

Менің бағдарламамды аяқтау Италияның оңтүстігіндегі серіктес университеттердің бірінде ұйымдастырылды. Содан кейін мен өз Отаныма, Қазақстанға оралдым.

2020 жылы мен Лондонға көштім. Қазіргі уақытта мен осында тұрамын және әлі де бейімделу кезеңінен өтіп жатырмын. Мектеп кезінен осында тұруды армандап, бала күнгі арманын орындау үшін көшіп келдім.

Бейімделу және уақытша қиындықтар туралы

Менің ойымша, болған елдердің әрқайсысына қоныс аудару және бейімделу туралы нұсқаулық жаза аламын деп ойлаймын. Бірақ мен Ұлыбританияға көбірек назар аударамын.

Англияда мен әлі де бейімделіп жатырмын.

Ұлыбританияға қоныс аудару ең қиын процесс

Жалпы, Ұлыбританияға қоныс аудару ең қиын процесс. Сізге виза алу және құжаттарды рәсімдеу сияқты ұзақ процесстерге дайын болу керек.

Пандемия қызып тұрған кезде елге көшіп келгеніме байланысты бюрократиялық процестер ұзаққа созылды. Елге уақытша визамен келген кезде және тұрақты құжаттарға өтініш беру қажет болғанда, бұл процесс толығымен ашық және түсінікті емес екені белгілі болды. Маған көп қоңырау шалып, бірте-бірте ақпарат жинауға тура келді.

Ұлыбританияға қоныс аудаған қазақстандық қыз

Мұнда олар хаттар мен құжаттарды пошта арқылы жіберуге машықтанады. Сонымен, пошташы маған конвертте тұруға рұқсат қағазын әкелді де, қалған хат-хабармен бірге кіре берісте еденге қалдырды.

Ал бюрократиялық себептерге байланысты әлі күнге дейін банктен есепшот аша алмай жүрмін.

Сондықтан, басты кеңес — сабырлы болу және ақпаратты өз бетінше іздеуге дайын болу.

Турист ретінде бұл елге келген кезде ел мен адамдары туралы аздап бұрмаланған түсінікке ие болатындығын атап өткен жөн. Сіз мұнда өмір сүрсеңіз, ол сізге әртүрлі қырларды ашады.

Әлемге ашық болыңыз және жаңа мәдениетті құрметтеңіз

Мен Ұлыбританиядағы адамдардың табиғатпен тұрақты қарым-қатынасына таң қаламын. Лондоннан 30 минуттық жол — бұл көптеген фаунасы бар саябақтар, ормандар мен көлдердің үлкен ауданы. Сонымен, су қоймаларындағы аққу, қаз, үйректерді айтпағанда, танысу үшін сізге қызығушылықпен қарайтын альпака мен бұғыларды табиғатта кездестірдім.

Британдықтар отбасы құндылықтарын құрметтейді және сақтайды. Отбасылар демалыс күндері ашық ауада немесе саябақтарда бірге спортпен шұғылдануды жөн көреді.

Ұлыбританияға қоныс аудаған қазақстандық қыз

Сондықтан әлемге ашық болыңыз және жаңа мәдениетті құрметтеңіз. Адамдарды «біз» және «олар» деп салыстырмаңыз немесе бөлмеңіз. Сайып келгенде, біз бәріміз адамбыз және көп жағдайда отбасымыздың бақыты, амандығы мен гүлденуіне бірдей тілектеспіз. Мен жаңа адамдармен танысуды, достар табуды ұсынар едім. Жергілікті мәдениет пен әдет-ғұрыпқа қаншалықты терең бойласаңыз, соғұрлым оңай және жылдам бейімделе аласыз.

Даму және мансап туралы

Англиядағы мансабым енді ғана басталып жатыр. Осы кезеңде мен өз жобамды әзірлеу үстіндемін. Қосымша идеялар үшін жаңа елдің іскерлік топырағын зерттеуім керек.

Әлем кванттық секірістермен дамып келеді. Қазір көптеген жетекші компаниялар сіз білетін, университетте игерілген немесе практикалық тәжірибе арқылы алынған hard skills қарамайды, soft skills — яғни, командада жұмыс істеу, бейімделу, тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілетіне қарайды. Сондықтан сіз бәрін меңгеріп алуыңыз керек, әйтпесе сіз артта қалып қаласыз. Мен сондай-ақ, жаңа елде жергілікті халықымен неғұрлым көбірек танысып, достар табуға кеңес бере едім. Сонда мансап жасау мүмкіндері артпақ.

Ұлыбританияға қоныс аудаған қазақстандық қыз

Қоныс аудару әсері

Басқа елде өмір сүру — рухтың шыңдалуы және жайлылық аймағынан тікелей шығу деп сеніммен айта аламын. Шетелге көшу менің өмірімді 180 градусқа өзгертті. Мен басқа адамға айналдым: басқаша ойлау, адамдарды және әлемді басқаша қабылдау сияқты. 26 елдің балаларымен оқудың бірінші жылы әртүрлі елдер мен халықтар туралы көптеген стереотиптерді жойды. Шет елде жалғыз жүргенде тез есейесің, құжат, баспана, тұрмыс мәселелерін шешуді үйренесің.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді
Білім беруде қандай реформалар қажет және технологиялар мектептер мен ЖОО-дарын қалай өзгертеді
Мен «НЗМ» жұмыс істеймін. Бірегей білім беру желісінде мансапты қалай құруға болады
Мен «НЗМ» жұмыс істеймін. Бірегей білім беру желісінде мансапты қалай құруға болады
Әкелер мен балалар. Ата-аналармен қарым-қатынас туралы 8 кітап
Әкелер мен балалар. Ата-аналармен қарым-қатынас туралы 8 кітап
«НЗМ» Басқарма Төрағасы болашақ мұғалімдер мен табысты адамның дағдылары туралы
«НЗМ» Басқарма Төрағасы болашақ мұғалімдер мен табысты адамның дағдылары туралы
Лаура Вайгорова Қазақстандағы білім беру жүйесінің неге түбегейлі өзгерістерді талап ететіндігі туралы
Лаура Вайгорова Қазақстандағы білім беру жүйесінің неге түбегейлі өзгерістерді талап ететіндігі туралы