Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Ұлы тұлғалардың даналық сөздері
1819

28.08.2024

Ұлы тұлғалардың даналық сөздері

Қазақтың ұлы тұлғаларының даналық сөздері халқымыздың рухани байлығын тереңінен көрсетеді. Олар өмірдің мәні мен адамгершіліктің құндылығын ұрпаққа жеткізген асыл мұра болып табылады.

«Адамға — ақыл керек, іс керек, мінез керек».

Абай Құнанбайұлы


«Жалпы адамзаттың жақсылығына сену — адамгершіліктің ең биік белгісі».

Мағжан Жұмабаев


«Жақсылық жолында келе жатып жаман әдет көрсетпе».

Сәбит Мұқанов


«Іздесең — табасың, алыссаң — аласың».

Мұхтар Әуезов


«Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді. Егер бұл талпыну болмаса, әрбір адам білімге, еңбекке үңіле қарамаса, тек аңша қарын тойдырып, ұйқымен уақыт өткізсе, ешбір ілгері басу — өрлеу де болмас еді».

Әлкей Марғұлан


«Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден».

Әлихан Бөкейхан


«Адамның ең ұлы қасиеті — бақытты болуға талпынуы».

Сұлтанмахмұт Торайғыров


«Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады».

Ыбырай Алтынсарин


«Жалпақ əлемді аузыңа қарату үшін — рухани ерлік керек, жалпақ əлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін — рухани байлық керек».

Әбіш Кекілбаев


«Қызғаныш — таза мөлдір сезім».

Ілияс Есенберлин


«Заманға таң қалма — адамға таң қал».

Әбіш Кекілбаев


«Дүние жеткізбейді ойласаң да,

Жақсы артық әзілдесіп ойнасаң да».

Ақан Сері Қорамсаұлы


«Қазақтың болашағы аухаттылардың байлығыменен емес, даналардың барлығыменен есептеледі».

Төле би


«Өз пайдаңды ойлама — ел пайдасын ойла: өз пайдаң соның ішінде».

Жүсіп Баласағұни


«Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды».

Абай Құнанбайұлы

Меню

Істер

Қала 24

Шолу