Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/5a0/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/5a09038d59a25091e2980dc0a3271fcc.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Люди WE

Профессионалы

Город 24

Возможности

Наши в мире

Созидатели

Семья

Экспаты

Не просто блогеры

Новые люди

Бизнес

Карьера

Специалисты

Предприниматели

Центральная Азия

Горожане

Алматы

Астана

Бишкек

Ташкент

Душанбе

Баку

Путешествия

Технологии

Стиль жизни

Искусство

Новости

Образование

Ұлттық зергерлік бұйымдар
12333

10.07.2020

Ұлттық зергерлік бұйымдар

Қазақтың зергерлік өнері – ерте заманнан бастау алып, халқымыздың өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып жатқан өнердің бірі. Әшекейлік заттар қашан да қыздар мен әйелдердің сұлулығын ерекшелендіріп, ажарландырып тұрады.

Бұрынғы заманда ерекше мән беріліп тағылған зергерлік бұйымдардың сәнділігі әлі күнге дейін сақталған. Сол бұйымдардың біраз түрлеріне жасалған шағын шолуды назарларыңызға ұсынамыз.

Алқа


ruh.kz = алқа.jpg

Қазақ әйелдерінің ең жеңіл бұйымдарының бірі. Бірнеше бөлік асыл тастардан, түрлі-түсті шыны көздер орнатылған бірнеше алақаннан тұратын, топсалы шынжыр арқылы тағылатын мойын әшекейі. Алқаны жасөспірім және бойжеткен қыздар, жас келіншектер таққан. Алғашында алқа дөңгелек әшекей ретінде тағылған, бертін келе оның түр-сипаты өзгеріп, тұмарша түріне, дәлірек айтқанда, үзбелі салпыншақты пішінге ауысқан.


Өңіржиек


ruh.kz - өңіржиек.jpg

Кеудеге тағылатын әшекей зат. Дәстүрлі қазақ қоғамында өңіржиекті мереке күндері қыздар мойын омырауына сәндік үшін таққан. Өңіржиек төрт бұрышты немесе дөңес келген бірнеше жіңішке шынжырмен шығыршық арқылы жалғасады. Ертедегі сенім бойынша, өңіржиек әйел адамның құрсағын және кеудесін тіл-көзден, бәле-жаладан сақтайды деп сенген.


Сырға


Reactor.inform.kz - сырға.jpg

Құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б. Сырғаның сыртқы пішіні халық зергерлік өнерінің үздік үлгілерін сақтап, қазақтың ұлттық әдет-ғұрпына, салт-санасына сәйкесті өрнектермен безендіріледі.


Білезік


jasqazaq.kz - білезік.jpg

Білекке тағылатын әшекейлі, сәндік бұйым. Білезік сөзінің түп-төркіні білек және жүзік (білекжүзік — білежүзік — білеүзік — білезік) сөзінен туындаса керек. Көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді, ашылып жабылатын түрі де болады. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар.


Жүзік


syr-media.kz жүзік.jpg


Сәндік үшін саусаққа салынатын әшекейлі сақина. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атауы бар. Жүзіктің бір алақанға бірнеше бауырлық орнатып, екі, үш, төрт саусаққа (бас бармақтан өзге) қатар кигізілетін түрлері де бар.


Шолпы


avestnik.kz - шолпы.jpg

Қыздардың бұрымға тағатын әшекейі. Қақталған күмістен үш бұрышты немесе сопақша жасалған пішіннің ортасына асыл тас орнатылып, әртүрлі сәндік салпыншақтармен әсемделіп жасалады. Шолпының көзді шолпы, қоңыраулы шолпы, қос үзбелі шолпы, маржанды шолпы және тағы да басқа түрлері мен атаулары кездеседі. Шолпы жас қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған.


Шашбау



шашбау tomiris-collection.kz.jpg

Шашпен қоса өрілетін моншақты, зерлі, күміс шынжырлы әсемдік тағым. Ұзындығымен ерекшеленеді. Кейде қара баудан жасалып, шашты ұзын және қалың етіп көрсету үшін тағылады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу