Ұлттық футбол кешені
Мекен-жайы: жаңа Оқушылар сарайының маңында
Болжамды тапсырылу мерзімі: 2018 жылғы қаңтар
Жобаның екі басты міндеттері бар — Қазақстан Футбол Федерациясы және Қазақстанның кәсіби футбол лигасының жаңа штаб-пәтерінің, сонымен қатар,жасөспірімдер мен әуесқой жарыстар өткізуге арналған толық көлемді алаңы бар жаңа жабық аренаның құрылысы.
Дереккөз: vesti.kz
Жаңа мешіт
Мекен-жайы: жаңа Сейфуллиннен Жағалауға дейінгі айналма жол
Жобалау барысында мешіттің ерекше құрылысын түсіндіруші символизм және авангард стилі негізге алынды. Жаңа ғимарат қазақ және авангард стилінің қосындысы болып саналады. Мұндай мешіттің құрылымы діни ережелерді бұзбайды, ал ұқсас объектілер Малайзия мен Германияда да бар. Ішіне кіре астаналықтар ерекше шешіммен салынған құбыланы, мешіт қабырғасындағы текшелерді тамашалай алады. Қабырғаларынан алшақ тұра, ол әуеде қалқып тұрғандай болмақ. Төбе шеттерінің аралығында терезелер орналастырылатын аралықтары бар. Оған қоса, бұл жерде галерея ашылатын болады.
Дереккөз: tengrinews.kz
Жеңіл рельсті тасымалдау жүйесі
Мекен-жайы: әуежайдан EXPO-2017, «Абу-Даби Плаза» және «Нұрлы жол» вокзалына дейін Болжамды тапсырылу мерзімі: 2017 жылғы желтоқсан
Жұмыстар жүйенің барша трассасы бойы жоспарланған және келесі учаскелер бойынша жүргізілетін болады:
-
Қабанбай батыр даңғылы бойынша, Астананың халықаралық әуежайынан Сығанақ көшесінің қиылысына дейінгі учаскесінде
-
Сығанақ көшесі бойынша, Қабанбай батыр даңғылы қиылысынан М3 көпіріне дейінгі учаскесінде
-
Шәмші Қалдаяқов көшесі бойынша, М3 көпірінен А82 көшесі қиылысына дейінгі учаскесінде
-
А82 көшесі бойынша, Шәмші Қалдаяқов көшесі қиылысынан Жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске.
Сонымен қатар, Қабанбай батыр даңғылы қиылысынан М3 көпіріне дейінгі учаскесіндегі Сығанақ көшесін және М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскесіндегі Шәмші Қалдаяқов көшесін ұлғайту бойынша жұмыстар жоспарлануда.
Жерүсті метросының ұзындығы 22,4 километрді құрамақ. Жүйеге эсакадты жол, 18жабық түрдегі станция, 19 бірлік жылжымалы состав пен депо кіреді. Жоба аясында электронды жол жүру төлемі жүйесімен, дабыл беру, ақпараттандыру және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған заманауи пойыздар қарастырылған. Көліктің бұл түрі Астананың климатына толығымен бейімделген.
Дереккөз: Informburo.kz
Коммерциялық жаяу жүргінші көпірі
Мекен-жайы: «Самал» шағын ауданынан St. Regis мейманханасына және амфитеатрына дейін
2014 жылы әзірленген жағалауды көркейту тұжырымдамасы жаяу жүргіншілер мен велошабандоздар үшін өзен арқылы өтпежол құрылысын қарастырады. Көпір - бизнесті дамыту алаңына айналады деп жоспарлануда - бұл жерде тамақтану орындары, дүкендер ашылмақ.
Дереккөз: tengrinews.kz
Қазақ театры
Астанада қазақ театрының құрылысы жоспарлануда. Жаңа театрды жобалау әлдеқашан іске асырылуда.
Дереккөз: Inform.kz
«Кэпитал парк» көпфункциялы кешені
Мекен-жайы: Керей мен Жәнібек хандар көшесі
«Қала ішіндегі қала» — жаңа жобаны осылайша сипаттасақ та болады. Бұл кешен-бизнес-, комфорт- және эконом класстағы тұрғын үйлер құрылысын қарастырады. Жоба тұжырымдамсындағы бір миллион тұрғын шаршы метрден басқа, бизнес-орталықтары, коммерциялық жылжымайтын мүлік, мектептер мен балабақшалар жоспарланған. Кешен ерекшелігі — жасанды суаты бар саябақ болмақ.
Дереккөз: bi-group.kz