facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
los-andzhelesteg-aza-tar-sel-samatova-k-yeu-n-so-ynan-a-sh--a-k-shu-men-sol-zherde-balany-d-niege-kelu-zhayynda
logo
Лос-Анджелестегі қазақтар. Әсел Саматова күйеуінің соңынан АҚШ-қа көшу мен сол жерде баланы дүниеге әкелу жайында

28.02.2019

Лос-Анджелестегі қазақтар. Әсел Саматова күйеуінің соңынан АҚШ-қа көшу мен сол жерде баланы дүниеге әкелу жайында

Әсел Саматова, 30 жаста, туған қаласы — Қарағанды

5.jpg


Карағанды — Лос-Анджелес


Мен Қарағандыда туып, өстім. Бұл мен жақсы көретін жайлы, мейірімді және көпұлтты қала.

АҚШ-қа көшіп кеткенге дейін мен PR және медиамаркетингпен айналыстым. Менің өмірім маған ұнайтын және мен теңіздің ар жағына көшіп кетемін деп ойлаған да жоқпын.

Бірақ, тағдырдың өз жоспарлары болған сияқты. 2016 жылы менің өмірім түбегейлі өзгерді, мен болашақ күйеуімді кездестірдім. Сол кезде ол АҚШ-да тұратын, сол себепті біз аз кездесетінбіз – он күн кездескеннен кейін, ол маған ұсыныс жасады. Осылайша мен ең шуақты болып табылатын Калифорния штатына, Лос-Анджелеске келдім.

1.jpg


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Алғашқы әсерім жақсы болды, бірақ кейбір нәрселер таң қалдыратын.

Біріншіден, бұл адамдар. АҚШ-да барлық адамдардың қолы бос емес, олар дамуды, өмір деңгейін жақсартуды жақсы көреді – барлығы даму үстінде. Сонымен қатар американдықтар демалуды да біледі, Лос-Анджелесте бос уақытты өткізудің көп түрлері бар. Кез-келген талғамға арналған әуесті табуға болады: хайкинг, серфинг, мейрамханалар мен клубтардың үлкен таңдауы бар.

АҚШ-да барлық адамдардың қолы бос емес, олар дамуды, өмір деңгейін жақсартуды жақсы көреді – барлығы даму үстінде

Адамдар өздерін және басқаларды құрметтейді. Мысалы, АҚШ-да көлік жүргізу қауіпсіз. Оған қоса маған ақжарқындылық, ізгі ниеттілік, кешірім сұрай білу қасиеттері ұнады. Бұл мен үшін қызықты және ерекше болды. Менің ойымша, қазақстандықтарға осы қасиеттерді меңгеру керек. Сонда әрбір күн қуанышпен өтеді.

Екіншіден, АҚШ-дағы мүмкіндіктер мені таң қалдырды. Егер берілмей, табандылықпен жұмыс істеп, білімге ие болсаң, алдыңнан жарқын болашаққа апаратын үлкен есіктер ашылады. Маған бұл ұнайды.

9.jpg

Менің жағымсыз әсерім Лос-Анджелесті қаптаған үйсіз жүргендермен байланысты болды. Осында олар өте көп, олар барлық жерде жүретін сияқты.

Көптеген адамдарда сияқты басты қиындық тілмен байланысты еді. Адам тіл иелерінің ортасына түспегенше, тілді біледі деп айту – қателік. Біз тілді мектепте, университетте, кино қарап, кітап оқып үйренгеннен, тілді меңгердік деп ойлаймыз. Бірақ АҚШ-да адамдармен араласа бастаған кезде, сен ештеңені түсінбейсің. Егер адамның білімі біраз шыңдалған болса, бұл тез жеңілетін мәселе. Жаңа тілдік жағдайға дағдылану керек, ағылшын тілді адамдармен көбірек сөйлесу қажет.

Мен тап болған екінші қиындық – жергілікті аймаққа бейімделу. Қай жерде нені сатып алуға болатыны жайында, қаланы танып білу үшін қалай саяхат жасауға болатыны, қай жерде тұру қауіпсіз болатыны жайында білмеген кезде, ыңғайсыз күйде боласың.

Үшінші қиындық – үміттің деңгейі. Басқа елге барған кезде, көз алдыңа мінсіз бейне елестейді. Бірақ нәтижесінде күтетін және шынайы нәрселердің арасында үлкен диссонанс туындайды. Көңілің қалмау үшін, тәнті болудың қажеті жоқ деген сөз бар ғой. Барлық жерде өз артықшылықтар мен кемшіліктедің болатынына дайын болыңыздар.

Сонымен қатар мен қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылдым. Біз Қазақстанда достармен, көршілермен кездесіп, үлкен ортада шәй ішіп отыруды ұнатамыз. Ал АҚШ-да бастапқы уақытта өзіме әңгімелесетін адамды таппай қалдым. Жаңа жерге бейімделмегеніңше, қасында біреудің болғаны маңызды.

-07-51-4.jpg

Мен әлі күнге дейін осындағы барлық нәрселердің, оған қоса қоғамдық көлік пен көлік қоятын орындардың бағалары қымбат екеніне үйрене алмай жүрмін.


АҚШ-дағы өмір жайында


Қазақстан және АҚШ – әртүрлі елдер.

АҚШ-дағы медицина қымбат. Сізді ауруханаға дейін жедел жәрдем көлігімен де тегін жеткізбейді. Медициналық сақтандырудың болуы міндетті. Онсыз дәрігердің бір реттік қабылдауы кем дегенде 1000 $ тұрады. Осы мәселені де, салықтар мәселесін де қабылдауға тура келеді. Жақсы өмір сүруді қаласаң – төле.

АҚШ-ның еркіндігі барлық нәрселерде сезіледі. Егер көше бойымен шомылу киімімен, шолақ шалбармен және суық ауа райында жалаң аяқ жүгіріп өткің келсе – мархабат, қала сені әрқашан күтеді. Тотықұс костюмін киген адамға ешкім таң қалмайды – метро ішінде мінсіз шаш үлгісі мен макияжы бар әйелге көбірек таң қалады. Американдықтар – комплекстері жоқ адамдар. Олар әрқашан жеңілдетуге болатын нәрсені қиындатпауға тырысады. Америкалық дүниетанымының мәні осында жатыр.

Американдықтар – комплекстері жоқ адамдар

Менің байқағаным – АҚШ-да барлық жұмысбасты адамдардың мәселесі қарым-қатынастың жеткіліксіз болуымен байланысты. Көптеген адамдар бұл мәселені үй жануарларын асыраумен шешеді. Егер американдықтар күшікті асырап алуды шешсе, олар алдымен ветеринарлық құжатты рәсімдейді, жаңа досқа жеткілікті ақша бөліп тұруға дайындалады. Азық-түлік супермаркеттерінде үй жануарларына қажетті барлық заттар табылатын арнайы үлкен бұрыш бар. Барлық дерлік саябақтардың ішінде үй жануарларына арналған бассейндері бар алаңдар болады, иттер үшін шаштаразшылар және күтушілердің болуы кеңге таралған жағдай. Дегенмен бұл жақсы дос тапқаннан тіптен оңайға соғады.

1-7.jpg

Шоғырландырылған көпұлттылық – айрықша ерекшелік болып табылады. Чайна-таун байсалды түрде Кішкентай Америкаға ұласады, корей орамы мексикалық іскерлік ауданына тіреледі. Бұл керемет. Осы аудандарының әрбіреуінде қызықты азық-түліктерді табуға болады, адамдар ағылшын тілін мүлдем білмей, тек өз тілдерінде сөйлеседі.

Біз, яғни қазақстандықтар үшін АҚШ дағы өмір сүрудің ең қызықты және оғаш ерекшеклігі – үй ішінде аяқ киіммен жүру. Ешкімнің үйінде қонаққа арналған тәпішкелер болмайды. Менің ойымша, біз осыны ешқашан түсінбейміз.


Ел қалай ықпал етті


АҚШ-қа көшіп келгеннен кейін, мен күлімсіреп, берілмеуді, көп жұмыс істеуді үйрендім. Мендегі өзгерістер тек жақсы жағынан ықпал етті. Өмірдің барлық салалары бойынша дамып, алға ұмтылып бара жатқанымды сезіп отырмын.

4.jpg

Мен өмірдің айтып білгісіз, қызықты және керемет екенін түсіндім. Бастысы – оны дұрыс толтыру.

Өз жолын іздеп жүрген адамдарға АҚШ-қа келіп тұрып көріңіздер деген кеңес берер едім. Бұл бүкіл өмірге жететін үлкен тәжірибе. Мен осы елге өмірімнің өзгеріп, мән-мағынаға толыққаны үшін алғысымды білдіремін.

АҚШ-да біздің қызымыз дүниеге келді. Көп жағымды естеліктер осы елмен байланысты. Алдағы уақытта осы жерде отбасымызды тағы көптеген жақсы оқиғалар күтіп тұр.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Барлығына қалай уақыт табуға болады: белсенді және жұмыспен қамтылған адамдар үшін тайм-менеджмент бойынша үздік кеңестер
Барлығына қалай уақыт табуға болады: белсенді және жұмыспен қамтылған адамдар үшін тайм-менеджмент бойынша үздік кеңестер
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес