Тая Ртищева, туған қаласы — Павлодар, қоғаммен байланыс маманы, RTV телеарнасының және TVKIDS медиамектебінің негізін салушы
Тұрғылықты қаласы — Виннипег, Канада
Мен Виннипег қаласы, Манитоба провинциясында тұрамын.
Канаданың StatCanada статистикалық қызметінің мәліметінше мұнда ерлер мен әйелдердің арақатынасы 50 де 50
Канадада әйелдер, балалар, қариялар жақсы өмір сүреді дейді. Расында, Канадада әйелдердің кәсіби тұрғыда өсуіне, өзін-өзі дамытуына, бала тәрбиелеуіне, түрлі қолдау иеленуіне мүмкіндіктер өте мол. Ана болудан бастап нөлден кәсіп бастауға дейін кеңес беретін көптеген тегін қызметтер бар.
Канадада қоғам тарапынан әйелдерге қысым аз. Әйел мұнда ұнауға және біреуге жағуға тырыспайды. Өзіне ыңғайлы киімді киеді, көбінесе макияж жасамайды. Мұнда сіздің таңдауыңыз бар және егер сіз серуендеу алдында немесе дүкенге барарда өзіңізді ретке келтіріп үлгермеген болсаңыз, айналадағылар сіздің «пижама» стиліңізді сөкпейді.
Мемлекеттік ұйымдарда жұмысқа алған кезде талаптар бар: түпкілікті ұлттың (үндістер) әйелдеріне, мүгедектер мен аз ұлттардың әйелдеріне артықшылық беріледі
Ұйымдардағы жұмыс немесе қызметкерлеріне сексуалды әлімжеттік танытқан басшылықпен арадағы кикілжіңге келсек, бұл мәселе әйелдер үшін тез шешіледі және жұмыс берушіге қиын болады. Жұмысшылардың құқығы бойынша арнайы ұйым жұмыс беруші мәселені шеше алмаған жағдайда жұмыс орнынан көп қаражат талап етіп, жәбірленушіге өтемақы төлейді. Кез келген тесіле қарау, комплименттер айту немесе оған құрмет көрсетуді әйел өзіне жасалған әлімжеттік деп түсінуі мүмкін.
Менің Канададағы әйел ретіндегі тұрмысым Қазақстандағыдан өзінің бірізділігімен ерекшеленеді. Жергілікті дүкендерде үйдегі жұмысты жеңілдетуге арналған заттың бәрі бар. Әр үйде кір жуатын, кептіретін, ыдыс жуатын машиналар, үй жинауға қажетті түрлі құралдар бар.
Канадада балаларға өте қарапайым қарайды.
Жүктілік кезінде әр түрлі курстар өткізіледі
Бұл курстарда сізбен кəсіпқойлар жұмыс істейді. Жүктілікке ауру сияқты емес, күнделікті жағдай ретінде қарайды. Сәби дүниеге келген соң үйге сізге бекітілген медбике келеді, баланы үйде өлшеп, қажетті ем-шараларды жүргізеді, анаға емізу мен босанғаннан кейінгі күйзелісті жеңуге көмектеседі. Бұл адам күндіз де, түнде де байланыста болады.
Мұнда балаларға барлық жағдай жасалған. Канадада алты жыл тұрған кезімде балалардың балабақшаға барудан бас тартқанын көрмедім. Олар ата-аналардан бұрын барғысы келеді. Мектепке дейінгі балалар сабаққа барғанды ұнатады.
Кеңестік кездегідей ешкім балаларын ұрмайды
Егер мұндай жағдайды көшеде басқа біреулер көрсе, баланы əлеуметтік қызметтер алып кетуі мүмкін.
Канадада əйелдердің өзін-өзі дамытуына арналған бағдарламалар бар
Мысалы, Winnipeg Film Group ұйымы əйелдерге өз фильмін жасауға грант бөледі. Мен өзім гендерлікті қолданып, Women in Communications and Technology курсын өттім. Ол маған өз білімімді молайтып, бағалы тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.
Айнұр Әбілхәкім, 23 жаста, туған қаласы — Алматы
Тұрғылықты қаласы — Барселона, Испания
Барселонада Испанияның азаматшалары — еркін адам, немен айналысқысы келсе, сонымен айналысады, қоғам тарапынан дінді таңдауға, атеист болуға өз еріктері бар
Еуропалықтар кәсіби этика мәселесіне аса мұқият қарайды. Сондықтан, әйелдер де бағынышты емес. Мұндай құқыққа ие әйелдер бар жерде ерлер де осал емес.
Мен үшін мұнда Қазақстандағы тұрмыстан еш ерекшеленбейді. Бұрынғыдай ерлер үйдің қамынан қашпауы керек, ол балаларды тәрбиелеуге қатысуы қажет деп есептеймін. Ал әйел тек жар және ана ғана болып қоймауы тиіс.
Маған испандықтардың өз балаларын қалай тәрбиелейтіні ұнайды. Олар көп уақытын олардың қызығушылықтарына жұмсайды, оларды қолдайды. Біз жағажайда көп қыздырынып жатқанда футбол ойнап жатқан отбасыдан көзімізді ала алмаймыз.
Тағы бір ұнайтыны, мұнда балаларға ештеңеге тыйым салмайды. Олар еркін, ештеңеден қорқпайтын болып өседі, өз тәжірибесінен үйренеді
Бота Қасымова, 21 жаста, туған қаласы — Алматы, әнші
Тұрғылықты қаласы — Лондон, Ұлыбритания
Мен Лондонға16 жасымда келдім. Мұнда есейдім, себебі тек өзіме ғана сене аламын. Менде ерлерге тән қасиеттер бар, олар үлкен қалада өте қажет. Мен шетелдік болғандықтан, қиындау.
Лондондағы әйелдер күшті әрі тәуелсіз болғысы келеді
Кейбіріне оның алдында есік ашқан ұнамайды, олар мұны ренжіткені деп біледі. Мен өзімді нәзік жандымын деп есептемеймін, алайда джентльмендік қамқорлыққа қалыпты түрде қараймын.
Мен жұмыс істейтін адамдардың 95%-ы — ерлер
Менің ұстаздарым, продюсер, промоутерлерім — ерлер. Лондонда даму мен өсу қиын, алайда мүмкін. Қу, ақылды болу керек, кіммен араласуды білетін, өз әлсіздігіңді көрсетпейтін әйел бола білу қажет.
Мұнда әйел жас болса да оны бәрі тыңдайды. Сондықтан да әйелдердің өз құқықтарын қорғайтынына ерлер де үйреніп қалған шығар.
Алайда, қыздар өзінің жас жігітіне мейрамхана немесе дәмханада чек төлемегені үшін ренжіп қалуы мүмкін.
Лондонда түрлі мамандықтағы әйелдерге арналған шаралар өтеді. Мен музыкалық индустрия әйелдерінің өз ойларымен бөліскен екі ивентке қатыстым.
Егер әйелдің отбасында белгілі бір мәселелер болса, ол оған көмектесетін кеңесші, қоғам немесе қауымдастық тауып ала алады.