Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/bef/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/oeohajtcgg2f931zevw4soe4nov1c8ej.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Лондонда қазақ халқының тыныс-тіршілігі мен мәдениетін танытатын көрме өтіп жатыр
8676

09.10.2023

Лондонда қазақ халқының тыныс-тіршілігі мен мәдениетін танытатын көрме өтіп жатыр

Лондонда қазақстандық суретшілер Гүлнұр Мұқажанова мен Айғана Ғалидың жеке көрмесі өтіп жатыр. Олар төл туындылары арқылы шетелдік көрерменге Ұлы дала елі мен көшпенділердің философиясын жеткізуді мақсат етіп отыр.

Гүлнұр Мұқажанова өз еңбектерінде негізінен киіз және мата пайдаланады. «Босаға» деп аталатын дүниесі сол материалдардан жасалған. «Босағаны аттама, босағада тұрма» деген ұғымдар Гүлнұр үшін қасиетті. Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым-тыйымдарды ол осы картинасы арқылы жеткізгісі келген. Тағы бір таң қалдырған туындысы малдың терісінен жасалған адам денесінің мүсіні. Жүрек тұсында шаншылып тұрға инелер мың өліп, мың тірілген қазақ халқының қайғы-қасіреті деп түсіндіреді ол.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Меню

Істер

Қала 24

Шолу