facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/597/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/fb31rpes7237el3kuanr8mi6ksjs37y2.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
liya-sari-qazaqshajaz-zhobasyn-ashyp-alaysha-aza-t-l-n-damytyp-zhat-any-turaly
logo
Әлия Сари @qazaqshajaz жобасын ашып, қалайша қазақ тілін дамытып жатқаны туралы

04.10.2023

Әлия Сари @qazaqshajaz жобасын ашып, қалайша қазақ тілін дамытып жатқаны туралы

Біз @qazaqshajaz жобасының қалаушысы Әлия Саримен танысып, қазақ тілін қалай дамытуға болатынын көбірек білдік.


Әлия Сари, Астана қаласы, 23 жаста, @qazaqshajaz қозғалысының жетекшісі, тіл белсендісі, аудармашы, заңгер, @qazaqshajaz


Өзі туралы

Мен Шымкент қаласының тумасымын. @qazaqshajaz қозғалысының негізгі қалаушысымын, оған қоса тілге байланысты тағы басқа жобаларым бар.

Жоба туралы

Менің қазірге кезде екі негізгі жобам бар — @qazaqshajaz және @kornekiproject. @qazaqshajaz біз 2020 жылы карантин кезінде бастадық, өйткені сол кезде адамдар офлайн қызмет алуға ешқандай мүмкіндіктері болмады. Көбіне барлығы онлайн болған. Біз онлайн кеңістікте қазақ тілінде қызмет алудың мүмкін еместігін байқадық. Және де қазақ тілінің қолдану саясатын кеңею мақсатында осы жобаны бастадық. Басында біз көп мемлекеттерде филлиалдары бары компанияларға тербеу жарияладық. Яғни олардың аккаунтарына жазылып, 600 жуық компанияларға пікір жазып жібердік. Осының арқасында 65% қазақ тілінде ақпарат жариялай бастады. Ал @kornekiproject жобасының аясында біз Астана және Қостанай қалаларындағы кәсіпкерлерге тегін түрде аударма қызметін ұсынамыз.

Қазақ тілі туралы

Менің ойымша қазақ тілінің қолдану саясын кеңейтудің өте көп жолдары бар. Біз өзіміздің аккаунтымызда чек-лист жасап, соның өзінде 25 түрлі әдіс шықты. Менің ең сүйікті әрі жиі қолданатымын — ол адамдармен қазақша сәлемдесі және диалогты қазақша бастауға тырысу. Және де қазақша контентті қолдау да маңызды. Оған қоса, бір затты сатып алғанда, сол жердегі пікір қалдыратын жерге ойыңызды қазақ тілде жазу.

Егер сіз Қазақстанда тұрсаңыз, тілді үйрені үшін көптеген мүмкіндіктеріңіз бар. Ең біріншіден, жаныңызда қазақ тілде сөйлейтін адамдар болу керек. Қазақ тілді білетін достардың саның арттыру керек. Сонымен қатар қазақ тілде музыканы көп тыңдасаңыз немесе хоббиіңіз болса, сол нәрсе туралы ақпаратты қазақ тілде іздеуге болады. Әр қалада спикинг клабтар бар, соған да қатысуға болады. Олардың бағалары қолжетімді, әрі жаңа таңыстарыңыз болады.

Қолданатын әлеуметтік желілердің интерфейстерін қазақ тілге аударуға болады. Әсіресе сіз күнде гаджеттерде көп уақыт өткізсеңіз. @qazaqgrammar чаттың оқып, ауызекі стильді де білуге болады. Диалогқа кіріп кірсеңіз, ол сізге пайдалы болады. Менің өзім солайша маған жақын адамдарды таптым.

Қазақ тіліндегі ең ыңғайлы сөздік — sozdik.kz. «Сөздік қор» сайтында қазақ тіліндегі сөздерді қалайша дұрыс жазылатынын біле аласыз. Маған тағы @kazakbubble посттары ұнайды.

Ақыл кеңес

Менің ойымша өзіңізге челендж тізімін жазу керек. Сіз өзіңізді қинап, сол кішігірім қадам жасап, болашақта жемісіңіз көресіз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстан мен Катар арасында күніне 2 рет ұшақ қатынайтын болды
Қазақстан мен Катар арасында күніне 2 рет ұшақ қатынайтын болды
Досжан Жүсіпов деген кім
Досжан Жүсіпов деген кім
Интелликтуалды әзіл білгірлеріне арналған 20 ерекше комедия
Интелликтуалды әзіл білгірлеріне арналған 20 ерекше комедия
Қалай мінсіз түйіндеме жасау керек: тәжірибелі рекрутерлердің кеңестері
Қалай мінсіз түйіндеме жасау керек: тәжірибелі рекрутерлердің кеңестері
Ұлыбританияда, Канадада және АҚШ-та қалай тегін оқуға болады: 10 өзекті стипендия мен грант
Ұлыбританияда, Канадада және АҚШ-та қалай тегін оқуға болады: 10 өзекті стипендия мен грант