facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
litvada-y-aza-tar-balty-te-z-n-boyynda-y-m-r-men-erekshe-litva-as-y-turaly
logo
Литвадағы қазақтар Балтық теңізінің бойындағы өмір мен ерекше Литва ас үйі туралы
Өмір сүру стилі

26.07.2018

Литвадағы қазақтар Балтық теңізінің бойындағы өмір мен ерекше Литва ас үйі туралы

Али Аймурадов, 24 жаста, туған жері — Павлодар, Литвадағы Қазақстан елшілігінің қызметкері, аудармашы


Павлодарда оқыдым, ал сегізінші сыныптан кейін Кишиневке көшіп, оқуымды сол жақта бітірдім. Лицейді аяқтағаннан кейін оқуымды жалғастыру үшін түрлі нұсқаларды іздестірдім, Қазақстанда емес, шетелді білім алғым келді. Менде таңдау болды: Австралия немесе Литва университетіне түсу. Австралияда виза алу қиын болды, сондықтан таңдауым Литвадағы Канада-америкалық университетке түсті.

WhatsApp Image 2018-07-22 at 18.29.15.jpeg

Ол кезде Литва жайлы ештеңе естімедім, Прибалтика елдері мен үшін таныс емес болды. Бұл университетті жеке жоғары оқу орны болғандықтан таңдадым, ол жердегі оқытушылар канадтықтар мен американдықтар және оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.

Литваға келген кезде жарты жылым бейімделуге кетті, себебі ол жердегі мәдениет, менталитет және адамдар мүлдем басқа. Литвалықтар үшін қалай киінгенің, қандай ұялы телефон ұстауың, қайда оқитының, қайда жұмыс істеуің қызықсыз. Қазақстанда бұл тараптан мүлдем басқаша, бізде барлығы деңгейге, атаққа қарайды. Бұл мені таңғалдырды. Адамдар бұл елде қалай өмір сүретінін, ойлайтынын көрген кезде әлемге басқаша көбен қарай бастайсың, дүниетанымың өзгереді.

Литваның ас үйі ерекше, әркім оған үйрене алмайды. Мен оқыған қалада азиялық ас үйі бар орын болған жоқ, сондықтан біз қазақ ас үйін сағынып, өзіміз палау мен бауырсақ дайындадық. Сондай-ақ, алғашқы кезде климатпен қиындықтар болды. Біздің университет Балтық теңізінің жағалауында орналасқан, ылғалды климаттан денсаулығыма байланысты қиындықтар болды.

WhatsApp Image 2018-07-22 at 18.29.15.jpeg

Қазақстан мен Литва тұрғындары ұқсайды, себебі біздің ортақ тарихымыз болды, орыс тілін білеміз және орыс әдебиетін де оқыдық. Әрине, Литва тәуелсіздігін алғаннан кейін олар өз тілдеріне баса назар аударды және қазір елде орыс мектептері аз. Қазақстанда да ұқсас жағдай, көптеген мектептер қазақ тілді оқытуға көшіп жатыр. Бірақ Литвадағы үлкен ұрпақ орыс тілінде сөйлейді, ал жастар тек литов пен ағылшын тілін біледі. Жалпы, литов тілі басқа тілдерге ұқсамайды. Мыселен, литовтықтар өз тілдерінде сөйлеген кезде латвиялықтар оларды түсінеді. Бірақ, керісінше латвиялықтар сөйлегенде литовтықтар оларды түсінбейді.

Мен Литвада этникалық қазақтарды кездестірдім. Олар көп емес және қазақ тілін мүлдем білмейді, бірақ олардың отбасылары қай жақтан екенін, дәстүрлерін біледі.

Егер ерекшеліктер туралы айтатын болсақ, қазақ жастарында үлкендерге деген құрмет жақсы дамыған, Литвада мұндайды кездестіре алмайсың. Егер автобуста жас адам үлкен кісіге орын берсе, оған қорланған секілді қарайды. Тағы қазақтарда қонақжайлылық бірінші орында тұрады, қонақтар кез келген уақытта келіп, кете алады және оларға арнап бай дастархан жайылады. Литвада, егер сені біреу қонаққа шақырса, онда тек сусындар мен жеңіл тамақтар ғана болады.

99

Университет бітіргеннен кейін бір жыл бойы Вильнюсте тұрып, Қазақстан елшілігінде жұмыс істеп келемін. Маған ескі қала ұнайды, әрқашан серуендеген кезде жаңа орындарды табуға болады. Маған Вильнюсте көптеген шетелдіктер тұратыны ұнайды. Ал литовтықтардың өздері шетелде тұрады, себебі олар басқа еуропалық мемлекеттерге оңай шыға алады.

Мен үшін қай жерде тұрудың аса маңыздылығы жоқ. Еуропаның түрлі елдерінде тұрдым, АҚШ-та да болдым, бүкіл жерде артықшылықтар мен кемшіліктер бар. Болашақта Қазақстанға оралуды жоспарлаймын, бірақ алдымен қажетті халықаралық тәжірибе жинап алғым келеді. Жыл сайын Қазақстанға демалысқа келіп тұрамын, себебі үйімді сағынамын. Елімізге келіп, жаңа нәрсе жасайтын ниетім бар.




Диляра Ногайбаева, 20 жаста, туған жері — Қызылорда, ЕҰУ-нің журналистика факультетінің студенті


Литваға академиялық ұтқырлық бағдарламасымен бардым. Ол жерде бір семестр бойы, яғни 2016 жылдың қыркүйегінен желтоқсанға тұрып, оқу оқыдым.

1 3923.JPG

Еуропаны басқаша етіп елестеттім. Қазақстандықтар үшін ескі ғимараттарды көру үйреншікті емес, себебі біз жаңашылдыққа үйренгенбіз. Бірінші уақытта өткен өмірде жүрген секілді болдым. Ескі тасты үйде тұрдым, ол жерде суық болды, себебі үй иелері жылуды үнемдеді және жылытқышты пайдалануға тура келді.

Литовтықтар өздері үшін өмір сүреді, сөйлесуде жеңіл және өздерін дамыту үшін мүмкіндіктері көп. Литвадағы үлкен ұрпақ орыс тілін біледі, бірақ сөйлегілері келмейді, тіпті жауап бермеулері де мүмкін. Алайда жастар үшін бұл артықшылық. Литов, ағылшын, орыс тілін білу жұмысқа орналасу кезінде оларға өте үлкен пайда әкеледі. Кейбір балалар тіпті орыс тілінен қосымша сабақ беруді сұрайды.

1 4355.JPG

Қазақстанда бразилиялық джиу-джитсумен айналыстым және Литвада жаттығу үшін клуб іздедім. Және біздің спортшылар мен литовтықтар арасында үлкен айырмашылықтар бар екенін байқадым. Біріншіден, мен клубта джиумен айналысқан жалғыз қыз болдым. Екіншіден, бізде Қазақстанда күн сайын жаттығады, ал Литвада аптасына үш рет. Қазақстанда джиу-джитсу үлкен артықшылықпен дамиды деп айта аламын.

Қазақстан мен Литвада білім беру жүйесі әртүрлі. Біз аптасына алты күн оқимыз, ал Литвада мен аптасына үш күн ғана оқыдым. Студенттердің сабақ кестесі қолайлы, саяхаттауға, өз қызығушылықтарыңмен айналысуға уақыт жеткілікті. Шетелдік студенттермен сөйлескен кезде ешқашан пәтер, көлік сатып алумен қиындықтар туындағаны жайлы естімегенмін. Олар саяхат пен қызығушылықтарына ақша жинайды. Олар айлап сабаққа келмеулері мүмкін, бірақ мұғалімдермен байланыстарын үзбей, тапсырмаларды қашықтықта тапсырып отырады.

1 3010.JPG

ВМТУ-нің студенті болған кезімізде студенттік ұйымдар шығатын іс-шаралар, Литваның түрлі қалаларына, басқа елдерге сапарлар, концерттер, мәдениет кештерін ұйымдастырып отырды. Бізде өз елімізді көрсету мүмкіндігі болды, басқа шетелдіктерді қазақ салттарымен, ас үйімен, өлеңдерімен таныстыруға мүмкіндігіміз болды. Біз тіпті Best food presentation номинациясын да жеңіп алдық. Құрт әкеліп, бауырсақ дайындадық, көбісі чак-чакты дайындау әдісін сұрады.

Алғашқы кезде тап болған қиындыққа қарамастан, менің ойымша, оның тарихын біле бастаған кезде бұл қаланы жақсы көру оңай болады.




Жұлдыз Марат, 18 жаста, туған жері — Алматы, студент


Клайпедте орналасқан Американдық университетке түскендіктен бір жыл бұрын Литваға көштім. Көшкен кезде қиындықтар болған жоқ, себебі оқуға түскен университетім виза мен өмір сүруге кеткен барлық шығындарды өтеді.

11

Алғашқы кезде Литвада мені келген адамдар мен турсисттерге деген жылы көзқарас таңғалдырды. Мәселен, далада адамдар күлімдейді, кейде танысады. Мүмкін бұл менталитетке байланысты шығар, біздің адамдар ерекшеленеді деп ойлаймын.

Жалпы Қазақстан мен Литвадағы өмір басқаша. Литва тұрғындары жастарына қарамай спортпен айналысқанды ұнатады. Қазақстан бұл бағытта жаңа дамып келе жатыр. Тағы ерекшеліктердің бірі қазақстандықтар литовтықтарға қарағанда әлдеқайда қонақжай. Олардың туыстарының арасында сөйлесетін адамдар көп емес.

WhatsApp Image 2018-07-22 at 18.29.15.jpeg

Литва Еуропада орналасқандықтан, мұнда саяхаттауға мүмкіндіктер көп. Мәселен, бір жылда Еуропаның бес қаласында болып көрдім, билеттер тіпті студенттер үшін де қолжетімді. Маған туған қазақ тағамдары жетіспейді. Жылқы етін Литвада таба алмадым.

Оқуымды бітіргеннен кейін Литвада немес Еуропаның басқа қаласында тәжірибе жинау үшін қалуды жоспарлаймын. Ары қарай АҚШ-та оқуымды жалғастырамын.





Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.