Бибисара Шарипова, @bibisharipova
Бибисара Шарипова мансабын 15 жасында бастады. Top Model Asia ақтық сыңынан кейін Нью-Йоркке жұмысқа шақырту алды. Нью-Йорк, Милан, Париж және Токиодағы сән апталарына қатысты. Халықаралық компаниялардың жанамасына түсті. Vogue, Elle, Harper's Bazaar журналдарының мұқабасына суреттері жарияланды. Қазір модель өз мансабын Нью-Йоркте жалғастыруда.
Айя Шалқар, @aya_shalkar
Айя Шалқар — модель және графикалық дизайнер. Венада тұрады. Оның суретін француз журналы ZUT-та жариялағаннан кейін үлкен танымалдылыққа ие болды. 2018 жылы Jah Khalib-тің «Медина» бейнебаянына түсті.
Баян Бокишева, @bayana_b
Баян Бокишева бірнеше жыл шетелде: Австралияда, Францияда, Испанияда, Италияда, Германияда, Қытайда және Сингапурда жұмыс істейді. Dolce&Gabbana көрсетіліміне қатысқан алғашқы қазақ қызы. 2015 жылы Marie Claire Hong Kong журналының мұқабасына суреті шықты. Yves Saint Laurent иіс суының жарнамасына EXO тобының экс-солисі Z.TAO-мен бірге жарнамаға түсті. Сондай-ақ Элджейдің бейнебаянына.
Модель әрдайым бір қаладан екінші қалаға немесе елге көшіп жүреді.
Қорлан Мади, @korlanmadi
Қорлан Мади — қазақстандық танымал модель. Fendi, Bvlgari, Trussardi, Marni, Cavalli сияқты танымал брендтердің көрсетіліміне қатысқан. Elle style award-тің «Үздік модель» жүлдесін алды. Он жылдан астам Италияда тұрады.