facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
lemdeg-aza-tar-ayg-l-shamshidenova-venada-operaly-nsh-boludy-zholy-zhayynda
logo
Әлемдегі қазақтар. Айгүл Шамшиденова Венада опералық әнші болудың жолы жайында

10.05.2019

Әлемдегі қазақтар. Айгүл Шамшиденова Венада опералық әнші болудың жолы жайында

Айгүл Шамшиденова, 27 жаста, туған қаласы — Талдықорған, опера әншісі

DSC_6488.jpg


Казақстан — Ресей — Аустрия


Мен балабақшадан бастап музыкамен айналысамын – ән айтып, скрипкада, виолончельде және фортепианода ойнап жүрдім. Әртүрлі байқауларға жиі қатысатынмын – бастапқыда Қазақстанда, кейін Ресейге де шықтым. 13 жасымда мені Голливудтағы байқауға шақырды, сол жерде Қазақстанның атынан шықтым. Барлық кезеңдерден сәтті өттім – италиян және қазақ репертуарын орындадым, төрт алтынды алып, гран-приге ие болдым.

Кейін Мәскеуге көшіп кеттім, Маскеу мемлекеттік консерваториясының жанындағы музыкалық училищеде оқыдым, Елена Образцованың Мәдени орталығында, Филармонияда өнер көрсетіп, Марииндік театрда жұмыс істедім.

DSC_6549.jpg

16 жасымда Венаға оқуға түстім – бұл классикалық музыканың орталығы. Осылайша бакалавриат бағдарламасын бітірдім, қазірде қазақ операсы тақырыбы аясында магистрлік жұмысты жазып жатырмын. Венаны таңдағаныма өкінбеймін –әлемдегі үздік әртістер осында келеді.


Венадағы өмір жайында


Аустрияда тұрып жатқаныма он жыл болды. Вена – керемет қала. Бұл қала өмір деңгейі бойынша бірнеше жыл қатарынан алдыңғы орында тұр. Барлығы нақты және жайлы болып келеді, бұл маған ұнайды.

Аустрияның адамдары әдепті, ашық. Мен Венаға немесе Санкт-Петербургқа ұшқан кезде, ұшақтың өзінде адамдардың әдептілігін бірден байқаймын. Сенің айналаңда жақсы, сенім білдіруге болатын ізгі ниетті адамдар болған кезде, өмір сүру оңайырақ болады. Венада адал болып, бір-біріне сенім білдіру және заңды сақтап жүру маңызды. Мен осында ғана бойымды еркін ұстап, ойымды жинақтай аламын.

Вена – маған сай келетін қала


Вена – маған сай келетін қала. Осында дамып жетілуге, өз дарының мен дағдыларыңды көрсетуге болады.

DSC_6491.jpg


Жұмыс жайында


Менде әрқашан қатал болып тәртіпке үйреткен, сахна мен өнерге деген сүйіспеншілікті бойыма сіңірген үздік мұғалімдер болатын. Қазірде мансап – мен үшін басты нәрсе, басқа нәрселерге көңілімді аудармаймын. Жұмыспен өмір сүремін, сахна мен жеке өмірді бөлмеймін. Құрметтейтін адамдардың сенімі мен үмітін ақтамай, көңілдерін қалдыра алмаймын.

Қазірде өздігімнен айналысамын, бірақ жақсы орындаушылардың әртүрлі сырларын, пайдалы техникаларын алып қолданамын.

Бастапқыда мені қандай да бір әншінің орнына өнер көрсету керек болған кезде, партияны тез жаттап, сахнаға шығару үшін шақыратын. Менің жұмыс істеу әдісім, жауапкершілігім, сахнада өзімді ұстауым адамдарға ұнайтын. Сол себепті Веналық филармонияда тұрақты жұмыс келісімшартын ұсынды. Жақында Венада үлкен жеке концертім өтті.

Маған әрдайым жаңа репертуар беріп отырады – бұл әрқашан тиянақты жұмысты талап етеді. Мен әлемнің 20 тілінде өнер көрсетемін, әрдайым тілдің айтылымын жаттықтырамын.

Менің өмір ырғағым өте шапшаң, жұмыс кестем тұрақты емес. Барлығы әрдайым бір уақытта болып отырады – көптеген маңызды оқиғалар бір күннің ішінде өтеді. Мен бұндай ырғақты қабылдадым. Бұл менің өмірім және мен одан рахат аламын.

DSC_6564.jpg


Көшіп кетудің ықпалы


Бастапқы уақытта қиын болды, себебі мен жақындарымның жанында болуға үйреніп қалдым. Олардың өміріне қатысқым келіп тұрады. Егер оларда барлығы жақсы болса, алаңдамай жұмыс істей аламын. Менің адамдарым мені жақсы көретініне қуанамын – олар маған қуат береді, қонаққа жиі келіп тұрады.

Мен – жанашыр адаммын


Мен – жанашыр адаммын. Анам дарынымды ашуға септігін тигізді, мені ұстаздарға апарды. Мен де басқа балаларға дарындарын ашып, оларға қолдау көрсетуді қалаймын. Жас әртістерге, оқушыларға ақыл-кеңестеріммен бөлісуге тырысамын. Себебі уақытында дұрыс ақыл беретін тәжірибелі оқытушының болғаны әрқашан маңызды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Барлығына қалай уақыт табуға болады: белсенді және жұмыспен қамтылған адамдар үшін тайм-менеджмент бойынша үздік кеңестер
Барлығына қалай уақыт табуға болады: белсенді және жұмыспен қамтылған адамдар үшін тайм-менеджмент бойынша үздік кеңестер
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Қазақтың дәстүрлі «келін шәй» салт-дәстүрі
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар