Алтынай Ысқақова, туған қаласы — Жанатас, инженер
Қазақстан — Швеция
Менің күйеуім – норвегиялық азамат. Ол Норвегияда жұмыс істеді, жұмыс бойынша Қазақстанға келді және біз осында таныстық.
2008 жылы той жасап, Швецияға көшіп кеттік.
Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында
Швецияға келген кезде, көзге алғаш түскен нәрселердің бірі – сіз орманда немесе қоғамдық көлікте болсаңыз да, бейтаныс адамдар әрқашан сізбен амандасады.
Осы елде балалар да, ересек адамдар да – барлығы бір-біріне «сен» деп айтады.
Осы елде балалар да, ересек адамдар да – барлығы бір-біріне «сен» деп айтады
Мені көшедегі тазалық таң қалдырды. Швециялық адамдар экологияға, тіпті тамаққа да өте мұқият қарайды. Көп адамдар спортпен айналысады. Сол себепті жергілікті адамдар ұзақ өмір сүреді.
Швецияда адамдар барлық азық-түліктерді, әсіресе ұннан жасалған өнімдерді мұздатып қояды. Бұл нанның күн сайын жаңа піскен қалпында сақталып тұруына мүмкіндік береді, демек, адамдар тамақты көп лақтырмайды. Көшіп кеткенге дейін ол туралы білген жоқпын.
Швециядағы өмір жайында
Швециядағы барлық адамдар жынысына, дініне, этникалық шығу тегіне, жасына, сексуалды сәйкестігіне тәуелсіз тең. Студент профессорды кофеге және қарапайым қызметкер басшысын шарап ішуге шақыра алады. Егер ана мансабымен айналысса, жаңадан әке атанған ер адам баламен айналысып, декретке шығады.
Швециядағы балалар әрқашан бірінші орында тұрады – олардың балалық шағы жарқын. Балаларды ештеңеге міндеттемейді, ештеңені істеуге мәжбүрлемейді. Оларға таңдау береді, ынталандыруға тырысады. Балалар бір уақытта бірнеше үйірмелерге бармайды, ал ата-анасы баланың қандай да бір өкілдердің алдында жасаған әрекеттері үшін әуре болмайды. Сонымен қатар балаларды балабақшадан бастап қоқысты сұрыптауға үйрететіні ұнайды.
Швецияда егер ағылшын тілін білсеңіз, қиындық болмайды. Барлық дерлік аддамдар ағылшын тілінде сөйлейді.
Бірақ егер сіз оқуды немесе жұмыс істеуді қаласаңыз, швед тілін оқу керек. Швециялық адамдар тілін мақтан тұтады, олардың арасында туған тілін білмейтіндері жоқ. Қазақ тілін білмейтін қазақтар туралы айтқанда, олар түсінбейді. Сол себепті швед тілін білмей, өзіңізді қоғамның толлыққанды мүшесі болып сезіну қиынға соғады.
Швед тілі – ел ұсынатын шексіз мүмкіндіктерге жол ашатын және жетістікке жеткізетін кілт
Швед тілі – ел ұсынатын шексіз мүмкіндіктерге жол ашатын және жетістікке жеткізетін кілт. Мысалы, осындағы барлық білім беретін мекемелер тегін жұмыс істейді.
Жұмыс жайында
Швецияға көшкеннен кейін, бір жылдан соң швед тілін оқи бастадым. Сонымен қатар орта білімімді растау үшін емтихандарды қайта тапсырдым. Оған төрт жыл кетті.
2013 жылы мен Корольдік техникалық институтқа түстім. Бұл институт алдыңғы қатарлы Еуропа техникалық университеттерінің бірі болып табылады. Сол оқу орнында инженер-механик біліктілігіне ие болдым.
Бүгінде мен Швецияның табысты компанияның бірінде теміржол инженері қызметін атқарамын. Бұл оңай жұмыс болмағанымен, мен өз орнымды таптым деген сезімдемін.
Мен «Остланкен» жобасында жұмыс істеймін. Бұл поездар 250 км/сағ жол жүре алатын жаңа теміржол. Менің міндеттерім: кеңес беру және теміржолдардың жобалауы барысында 3D-белгілерді орнату.
Бұл жоба шағын аудандарды көтеріп, дамыту үшін жаңа байланыстар мен мүмкіндіктер береді. Болашақ ұрпақ үшін жұмыс іздеу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Адамдар көліктердің орнына поездармен жүріп, жолға кететін уақытты үнемдей алады.
Менің жұмысым тарихта ізімді қалдыру, балаларымыздың жарқын болашағы үшін күшімді салу мүмкіндігін берді.
Көшіп кетудің ықпалы
Бұрын ақшаң болмаса, ештеңеге қолың жетпейді деп ойлайтынмын. Бірақ қазірде ниетің, денсаулығың және басың болса, қалайтын нәрселердің барлығына қол жеткізуге болатынын түсіндім.
Қай жерде болмасам да, балаларым – менің мотиваторларым.