facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
lemdeg-aza-standy-tar-7-zhyldan-astam-ua-yt-boyy-ba-bankter-nde-zh-mys-steu-zh-ne-lemdeg-e-bi-k-imaratynda-t-ru-zhayynda
logo
Әлемдегі қазақстандықтар. 7 жылдан астам уақыт бойы БАӘ банктерінде жұмыс істеу және әлемдегі ең биік ғимаратында тұру жайында

09.06.2019

Әлемдегі қазақстандықтар. 7 жылдан астам уақыт бойы БАӘ банктерінде жұмыс істеу және әлемдегі ең биік ғимаратында тұру жайында

Дамира Таженова, 32 жаста, туған қаласы — Астана, VIP-клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі менеджер

82C1F501-4400-4685-B7A9-1D8F1A3B6A37.jpeg


Қазақстан – БАӘ


Мен 12 жыл бұрын «қаржы және банк ісі» мамандығы бойынша University of Wollongong оқу орынның магистратурасында оқу үшін БАӘ-ға көшіп кеттім.

Бастапқыда АҚШ-да оқуды қаладым, бірақ БАӘ жақынырақ орналасқан және қауіпсіз болып көрінді. Мен байқап көруді шештім және маған ұнады.


Алғашқы әсер және қиындықтар жайында


Алғашқы әсерім жақсы болды. БАӘ жайында стереотиптер көп, бірақ іс жүзінде Дубай – бүкіл әлемдегі адамдар – 200-ден астам ұлт өкілдері тұратын космополит-қала.

Дубай – бүкіл әлемдегі адамдар келіп тұратын космополит-қала


Дубай – Гонгонк немесе Нью-Йоркпен салыстыруға болатын қала, оның ішінде әртүрлі ұлттар тұрады. Сол себепті араб еліне қатысты барлық стереотиптерім жойылды.

Айрықша қиындықтар болған жоқ. Университетте араласып жүрген қазақтар көп болды, бір-бірімізге көмектесіп жүретінбіз.

3AEDAB32-D409-4113-8185-033E6E6EA387.jpeg

Бізді елдегі қызмет көрсетудің деңгейі бірден таң қалдырды. Сонымен қатар аралас мәдениеттерге бейімделу керек болды. Тобымның өзінде 20 шақты ұлт өкілдері болды. Бұл қызықты және пайдалы тәжірибе еді.


БАӘ-дегі өмір жайында


Адамдар армандарын орындау үшін БАӘ-ға жиі келеді. Бірақ бұл үздіктерді таңдап алатын қатал ел. Егер мансабыңды осында құруды қаласаң, сенің осы салада шынымен жоғары білікті кәсіпқой екеніңді ұғынуың керек.

Бастапқы кезде ыңғайсыз болады, себебі жаңа ел – бұл әрдайым жолдың басы. Бастысы – нені қалайтыныңды, қандай бағытта дамитыныңды нақты түсіну қажет. Бюджетіңді және мақсаттарыңды жоспарлау маңызды.

БАӘ-де өте қауіпсіз. Қалада тәулік бойы жарық, әр жерде такси бар, ешкім тиіспейді. Осындағы өмір, климаты жайлы, қызмет көрсетуі жақсы, жағажай бар. Әрбір жерде көп орыс тілді адамдар тұрады және жұмыс істейді.

БАӘ-де тұрғын үйді жалдау үшін, төлемқабілеттілігіңді дәлелдеу керек. Ережеге сай, пәтерді жалдау келісімшарты бір жылға жасалады. Ол үшін сенде шот кітапшасы, банк шоты болуы керек. Банк шотын ашу үшін, бұл елдегі жұмысың және тұрақты табысың болуы керек. Барлығы өзара байланысқан және бұл кезеңде қиындықтар пайда болуы мүмкін. Сол себепті көбісі тұрғын үйді біреумен жалдап тұрады.

5AC10B09-AE36-4D81-A03B-618C2E3CA379.jpeg

Біріккен Араб Әмірлігі – бұл қымбат ел. Бұрын осында салықтар болмайтын, бірақ өткен жылы 5 % табыс салығы енгізілді. Дегенмен осының барлығы жоғары жалақымен өтеледі.


Оқудың ерекшеліктері жайында


БАӘ-дегі барлық жоғары оқу орындар – әлемдік университеттердің филиалдары. Мысалы, мен Wollongong аустриялық университетінің филиалында оқыдым. Америкалық жоғары оқу орындарында америкалық оқу жүйесі, англиялық оқу орындарында англиялық жүйе жұмыс істейді. Бізде оқытушылар құрамы толықтай Аустралиядан болды.

БАӘ-дегі барлық жоғары оқу орындар – әлемдік университеттердің филиалдары


Бастапқы кезде қиын еді, себебі көп кәсіби лексиканы жаттауға тура келді. Бастапқыда терминді аударып, кейін оның мағынасын түсіну керек. Қазақстанда оңайырақ – сен тілді білесің, оқытушылар студенттерге жұмсақ қарайды. Ал БАӘ профессорлары білім деңгейін және тапсырмаларды орындау бойынша қатал бағалайды.

Студенттік өмір қызықты болды. Мен Қазақстаннан, басқа елдерден достарға ие болдым. Біз сабақ оқып, жағажайда демалатынбыз. Көп қыдыратынбыз. Көбісі кетіп қалғанына қарамастан, әлі күнге дейін араласамыз.


Жұмыс және жұмыс мәдениетінің ерекшеліктері жайында


Университетте оқумен қатар мен қазақстандық консулдығында жұмыс істедім. Бірақ банкте жұмыс істеуді қалайтынымды білетінмін.

Бірінші жұмысты табу қиын болды. Мен жұмысты жарты жыл іздедім. Тіпті Қазақстанға келгенде, түйіндемемді үйден жіберіп, лайықты орынды іздедім.

Жұмыс туралы ұсынысқа ие болу үшін, іріктеудің бес-жеті кезеңінен өту керек. Бұл қиын, бірақ егер бірдеңені қаласаң, барлығы болады. Барлық кезеңдерден өзім өтетінмін. Осында дарын, кәсіби дағдылар, сенімділік үлкен орын алады. Ағылшын тілін, кәсіби терминологияны, жергілікті заңды білу маңызды.

Менің бірінші жұмыс орным Рас-Аль-Хаймның Ұлттық банкі болатын. Сол жерге екі жыл VIP-клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі маман қызметін атқардым. Клиенттердің, компанияларының жеке шоттарымен жұмыс істедім.

Кейін ағылшын банкінде, Noor Bank деген жергілікті араб банкінде істедім. Қазірде америкалық Citibank-тың VIP-клиенттермен жұмыс жөніндегі инвестициялық департаментінде менеджер қызметін атқарамын. Жалпы БАӘ банктік жүйесінде жұмыс істеп жатқаныма жеті жыл болды.

Біз әртүрлі ұлт өкілдеріне қызмет етеміз, әдетте олар бірнеше елдерде тұрады. Негізгі қызметтен бөлек, олар үшін инвестициялық портфель құраймыз, «әл-ауқатты басқарумен» айналысамыз. Мен әртүрлі елдердегі, әртүрлі дәрежелердегі 100 шақты клиенттерге қызмет көрсетемін. Олардың басым бөлігі Forbes тізіміне енеді.

A00191A1-A698-4FBA-87EB-55A570389F38.jpeg

Біріккен Араб Әмірлігінде жұмыс кестесі икемді. Сен таңнан кешке дейін кеңседе отырмайсың, ешкім жұмыста кешке дейін отырмайды. Осында қызметкерлерді қатал қадағаламайды, кестеңді өзің құрай аласың. Бастысы – жұмыс көлемін орындап, жақсы көрсеткіштерді сақтау.

БАӘ банктік жүйесінің ерекшелігі – біз клиенттер үшін ыңғайлы болатын жерлерде кездесеміз – бұл кеңсе, жаттығу залы, әуежай болуы мүмкін. Сол себепті әдетте күніне бірнеше кездесулер болады.

Осында кәсіби тұрғыдан өсу мүмкіндігі бар – бұл мүмкіндіктерге толы ел


БАӘ-дегі көптеген компаниялар тиімді әлеуметтік пакетті ұсынады. Мысалы, бізге медициналық сақтандыруды, мобильді байланысты, бензинді өтейді.

БАӘ-де біліктілікті әрдайым арттырып, дағдыларыңды дамыту, халықаралық сертификаттарға ие болу маңызды. Осында кәсіби тұрғыдан өсу мүмкіндігі бар – бұл мүмкіндіктерге толы ел. Егер білікті болсаң, нені қалайтыныңды білсең, көп жетістіктерге жетуге болады.


Қаланың ықпалы


Көшу маған қатты ықпал етті. Осында тұрып жатқан 12 жылдың ішінде менде миск-менталитеті қалыптасты, себебі осында біріңғай мәдениет жоқ. Мен өстім, өз мүмкіндіктерімді жүзеге асырдым. Ай сайын саяхаттаймын, бүкіл дерліп әлемді айналып өттім. Мен әлемдегі ең биік ғимаратында – Бурдж-Халифтің 22 қабатында тұрамын, сол жерден керемет көрініс ашылады. Мен бұл қаланы жақсы көремін, ол маған шексіз мүмкіндіктер берді. Және көп нәрселер үшін оған қарыздармын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.