facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
lemdeg-aza-standy-tar-100-s-hbattasudan-t-p-booking-com-kompaniyasynda-ba-darlamashy-bolyp-zh-mys-steu-zhayynda
logo
Әлемдегі қазақстандықтар. 100 сұхбаттасудан өтіп, booking.com компаниясында бағдарламашы болып жұмыс істеу жайында

25.05.2019

Әлемдегі қазақстандықтар. 100 сұхбаттасудан өтіп, booking.com компаниясында бағдарламашы болып жұмыс істеу жайында

Әлібек Датбаев, 31 жаста, туған қаласы — Павлодар, Booking.com​ компаниясының бағдарламашысы, топ көшбасшысы

IMG_1837.JPG


Казақстан — АҚШ


Мен қарапайым павлодарлық отбасыда туып өстім. «Жас Дарын» мектебінде оқыдым, математика және информатикамен әуестендім. Мектепті бітіргесін, Қазақстан-Британ техникалық университетіне түстім, сол жерде болашақ жарымды кездестірдім және тамаша достарға ие болдым.

Университетті бітіргеннен кейін, бірнеше жыл Астанада тұрдым, тамақты жеткізу және іс-шараларға билеттерді брондау бойынша алғашқы онлайн-қызметтерінің бірін жасап шығардым, кәсіпкерлікпен айналыстым. Ал 2013 жылдың соңында мені Силиконды алқапқа шақырды.

Мен АҚШ-ға көшіп, қысқа мерзімді виза бойынша жұмыс істедім. Оның мерзімі аяқталған соң, менің жұмыс берушім келісімшартты ұзартпады және 2015 жылы мен Отанға оралдым.

IMG_9063.JPG


Казақстан — Нидерланд елі


Павлодарға оралғаннан кейін, мен үш ай бойы оннан астам әр түрлі компанияларда сұхбаттасулардан өтіп жүрдім. Күнтізбемдегі барлық жазбаларымды санадым – менде 100-ден астам техникалық сұхбаттасулар болды. Олардың барлығы онлайн жүргізілді, уақыттың айырмасынан көбінесе түнде өткізілді. Сұхбаттасулар түнгі сағат үште немесе төртте өткен кездер де болды. Көптеген жұмыс берушілер h1b жұмыс визасының жоқтығынан бас тартатын.

Сұхбаттасулар түнгі сағат үште немесе төртте өткен кездер де болды


Бірде мен Booking.com компаниясы демеушілік көрсеткен Hackerrank онлайн-жарысына қатыстым. Бірнеше тапсырмаларды орындап шықтым және компанияның рекрутерлары менімен байланысты. Осылайша мен 2016 жылы Амстердамға көшіп кеттім.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Бастапқыда АҚШ-ға, кейін Нидерландқа көшкендіктен, Штаттарда қиынырақ болды деп айта аламын. Әсіресе тіл жағынан қиын болды. Нидерланд елінде керісінше барлығы оңай болды, айрықша қиындықтар орын алған жоқ.

IMG_6131.JPG


Нидерланд еліндегі өмір жайында


Нидерланд және Қазақстан елдеріндегі өмірдің айырмашылықтары көп. Бұл мүлдем басқа мәдениет, басқа діл. Халықтың тарихы да әртүрлі, сол себепті өмір өте ерекшеленеді.

Барлық жерде кемшіліктер бар, бірақ біріншіден, бұл елдегі қарапайымдылықты, қолайлылықты және голландықтардың турашылдығын атап өткім келеді. Өзімнің бақылауым бойынша, бұл қасиеттер өмірдің барлық салаларында орын алады. Мысалы, егер голландыққа бірдеңе ұнамаса немесе ол бір нәрсемен келіспесе, ол соны айтады және бұл жеке басын жақтырмау ретінде қабылданбайды.

IMG_7337.JPG


Жұмыс жайында


Осында жұмыс істеу рұқсаты әлдеқайда оңай беріледі, маған тіпті уақытша тұруға ықтиярхаты берілді. Осылайша Booking компаниясы басқа елден келген қызметкерлеріне қамқорлық көрсетеді. Уақытша тұрғын үй береді, голланд тілі бойынша тегін курстар және тағы басқа нәрселерді ұсынады.

Бүгінде мен Booking компаниясында бағдарламашы және топ көшбасшысы қызметін атқарамын – тобымды таныстырып, оның дамуы үшін жауап беремін.

Батыс елдердің жұмыс мәдениеті ерекше сипатқа ие – қызметкерлер жоғарыда тұрған басшылардың шешімдеріне күмәнмен қарайды және келіспе бермейді


Батыс елдердің жұмыс мәдениеті ерекше сипатқа ие – қызметкерлер жоғарыда тұрған басшылардың шешімдеріне күмәнмен қарайды және келіспе бермейді. Осында бұл қалыпты тәжірибе. Маған аталмыш дағдыны үйреніп, оны жұмысымда қолдану үшін, біраз уақыт керек болды.

IMG_0690.JPG


Көшіп кетудің ықпалы


Туған еліңнен тысқары жердегі өмір әлемге басқа көзқараспен қарауды және ой-өрісіңді кеңейтуді талап етеді. Үйреншікті қағидалар, жұмысқа деген қатынас, өмір салты – барлығы өзгереді. Бүкіл жағдайдағы ең қызықтысы – сен көшіп келгенге дейінгі қалыпқа түспейсің, бұрынғыдай болмайсың.

Мен өте үлкен техникалық тәжірибеге ие болдым. Еуропада тұрған кезде, жүйелі түрде саяхаттау мүмкіндігіне ие боласың – бұл ой-өрісіңді одан сайын кеңейтеді, сен жаңа мәдениеттермен танысасың.

Бірақ біраз нәрселерге ие болған кезде, әрқашан кейбір нәрселерді жоғалтасың.
Осында бізге көбінесе туыстарымыз бен жақындарымыз жетіспейді.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
Tinder-ден басқа. 10 қызықты танысу қосымшалары
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі