Айсұлтан Сеитов, клипмейкер, @aisultan

Айсұлтан — режиссер, Иван Дорн, L’ONE және Скриптонитке арнап клип түсірген. 2019 жылы «вДудь» бағдарламасының қонағы болып, американдық жұлдыздармен істеген бірнеше жұмысын таныстырды.
Айя Шалқар, модель, графикалық дизайнер, @aya_shalkar

Айя Шалқар — алматылық модель және графикалық дизайнер. ZUT француз журналының бетінде фотосы шыққаннан танымал бола бастады.
Бибисара Шарипова, супермодель, @bibisharipova

Қазақстаннан шыққан әлемдік супермодель Нью-Йоркте оқиды. Оның фотолары Vogue, Elle, Harper's Bazaar журналдарына шыққан. Ол Милан, Нью-Йорк, Париж және Токиолық сән апталарына қатысқан.
Димаш Әділет,модель, @dimashadilet

Димаш IQ тесті бойынша планетадағы ең үздік ақылды адамдардың қатарына енді. Сондай-ақ ол 2016 жылдың ғаламтордағы ең үздік 50 адамның қатарына кірді.
Бахтияр Беркин және Мика Барни, туған жері — Алматы, суретшілер, @bberkin1, @mika_barny

Шығармашылық жұп Лондонда жұмыс істейді. Дуэт көрмелерге қатысып, журналдарда өз жұмыстарын жариялайды.
Аблайхан Каиржанов, видеограф, @ablaykairzhanov

Мәскеуде тұратын қазақстандық видеограф, Тимати негізін қалаған, Black Star продюсерлік компаниясында жұмыс істейді.
Скриптонит, музыкант, @real_scrip
Қазақстандық рэп-орындаушы және битмейкер. 2018 жылы шығармашылығын екі топқа бөлді: Скриптонит және Gruppa Skryptonite.
Бота Балабекова, модель, @bota_070
Қазақстандық модель 22 жасында Dolce&Gabbana итальяндық сән үйімен келісім-шарт жасасты.
Жәнібек Әлімханұлы, боксшы, @janibek_alimkhanuly

Орта салмақта жұдырықтасатын, жеңіліс көрмеген, қазақстандық кәсіпқой-боксшы.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем, Азия және әуесқойлар арасындағы Азиялық ойындарының чемпионы.