Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен Исхар Курбаев жеңімпаз болды.
Жетісу облысының өкілі 55 келі салмақта финалда әзербайжандық Фарид Садихлимен сынға түсті. Белдесу барысында жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды.
Дереккөз: inform.kz