Мен бір апта бұрын ғана қайтып келдім. Осы жазғы демалыстарда біз балаларымызбен ешқайда бармадық, жаз өзінің соңына тым тез жақындады, ал мектепке дейін аз уақыт қалды, сол себептен біз Дубайға ұшып кеттік. Сонымен қоса осы кезде сол жаққа Rixos Premium жаңа мейманханасының ашылуына байланысты қазақстандық медиа өкілдері жиналып жүрді. Прагматикалық ой жағынан мен Дубай мейманханасын тандадым , өткізіп алуға өзіме мүмкіндік бере алмайтын қолжетімді бағалары болған тамаша мейманхана. Және де соңғы жылдың соңында олардың маңайында бірнеше тематикалық парктары ашылған және өз Legoland-і бар жаңа кешеннің ашылғанын естідім. Алменің үлкен ұлым – легоман. Мен оны сылай атайтын себебім, бес жасынан бастап оған тек Лего ғана сатып әперетінбіз. Осыған дейін осындай паркке бес сағаттық тікелей рейспен жетуге мүмкіндік болған жоқ, себебі Legoland Еуропада және Штаттарда орналасқан. Осылай біздің аптамыз «балалық» болып шықты.
Dubai Parks and Resorts
Dubai Parks and Resorts — бұл өте тамаша жер. Бұл әр аймағында өз музыкасы, атмосферасы бар бөлек мемлекет, оның өзінің жасанды өзені бар,ал айналасында франциялық ауылы стилінде үйлер тұр.
Парктің маңайында үлкен Legoland бар, осы жерде де Motiongate және тағы да басқа ойын-сауық парктері орналасқан. Біз аңызға айналған мультфильмдер тақырыбы бойынша тақырыптық зоналар салынған DreamWorks-те болуға үлгеріп алдық. Біз Смурфиктер ауылында, Шрек пен Кунг-Фу Панда зоналарында болдық. Тура сол жерде Кунг-Фу Панда тәрізді билеуге үйрететін Академия бар. Сонымен қоса күшті төбешіктері бар .Күшті төбешіктері бар «Мадагаскар» зонасы бар, бұл аттракционға менің үлкен ұлым барып көрді,ал біз кіші ұлым екеуміз баруға қорықтық. Біз «Как приручить дракона» мультфилмінің зонасына бардық, сол жерде де қызықты төбешік бар. Бірақ бұл жай төбешік емес, карусель сияқты, сен үлкен жылдамдықта қозғалып,бір мезетте бұл мультфильм кейіпкерлерінің арасында болып қаласын. Бұл жерже ертегілер атмосферасын күшті жаңартты.
Legoland-те аквапарк бар, бірақ та біз сол жерге бармадық, сонда да Lego-дан жасалған мемлекеттердің ең танымал ғимараттары салынған миниленд бойымен біраз қыдырдық.
Сонымен қоса, сол жерде көптеген аттракциондары және түрлі блокбастерлерден көрсетілген көріністері бар Болливуд стилінде жасалған парк бар.
Жалпы парк өте үлкен, әдемі, біз бұл паркте тек бір күн ғана бола алдық. Ал бұл ойын-сауық паркімен толығымен рақаттану үшін ,сізге біріктірілген орналастыруды таңдау керек,осындай жағдайда сіз 2 күнді парк аймағында өткізіп, ал қалған 5 күнді жағажайда өткізе аласыз.Себебі бір күн жеткіліксіз. Әсіресе, парк қасында орналасқан мейманхана тұрғындарына бір толық күнге бүкіл парк аумағына кіру билетін береді.Бұл анағұрлым тиімді,себебі бұл жердің бағасы арзан емес.
Hub Zero
Сонымен қоса біз өзіміз үшін Hub Zero деген жерді аштық. Әрине,бұл жер Dubai Parks and Resorts сияқты күшті емес және де жасы үлкенірек балаларға көбірек ұнайды. Бұл жерде қорқыныш бөлмесі,лазертаг, видеоойындар және кішікентай балалрға бөлек зона бар. Мысалы, «Боб-құрылысшы» зонасы, бұл жерде балалар құрылысшылар тәрізді желетке,каска киіп, құрылыс кранымен қолданып, кірпіштер тасымалдап, содан соң оларды жинақтап,оларды тасып алады.Балалар үшін бұл рақат,бізде осындай ойын-сауықтар болмады.
Green Planet
Арабтар Дубай арасында тропикалық орман ,яғни Green Planet құрды. Бұл жерде 25-метрлік ағаш отырғызып, күмбез астында шамамен 3000 түрлі өсімдіктер мен жануарларды жинап алды. Осының бүкілі тропиктер тұрғындары: тоты құстар, жыландар, құбылғылар,кесірткелер, жәндіктер, құстар, көбелектер, түрті-түсті бақалар. Бұл жерде түрлі қызықты заттар бар,балаларға бұл жерде өте қызықты болды.
IMG World of Adventure
Тағы бір парк IMG World of Adventure — бұл Cartoon Network ұсынған қызық оқиғалар әлемі. IMG World of Adventure — бұл бір толық күнді өткізуге болатын ойын-сауық орталығы. Бұл жерде де бөлек зоналар, мультфильмдер кейпкерлері бар. Ұлым Өрмекші-адамды ұнатады,ал біз бұл кейіпкерге қатысты аттракциондарға бардық.
Сонымен қоса,бұл жерде мен ұнататын сүйкімді динозаврлар паркі бар.
Ski Dubai
Дубайда Ski Dubai деп аталатын орталық бар.Қар — таңғажайып нәрсе деп ойлайтын жергілікті тұрғындар да,келген қонақтар да осы жерге шаңғымен сырғанауға және коньки тебуге келеді. Далада ауа температурасы +35 болғанда орталық ішінде адмдар коньки, шаңғы және сноуборд тебетін жасанды тау-шаңғылық курорт орналасқаны шыңдығында ғажайып. Бірақ біз үшін пингвиндермен серуендеу қызықты болды. Бұл жерде пингвиндер жүретін зона бар,бұл жерге келіп оларды ұстап көріп сипалауға болады.